Жоспары:
1.Сұйық агрегаттық күй.
2.Сұйықтықтардың тұтқырлығы.
3.Сұйықтықтардың булануы және қайнауы
Лекция мәтіні:
Сұйық агрегаттық күй. Сұйықтықтардың ішкі құрылысы қатты заттар мен газдарға қарағанда күрделі болады. Егер де сұйықтықтардың молекулалары полярлы болса ассоциация құбылысы байқалады. Ассоциацияланған сұйықтықтырдың қайнау температурасы жоғары және олар қиын ұшқыш болады.
Сұйық кристалдар деп – сұйық күйде болатын, бірақ кристалдар сияқты анизатропиялық қасиеттері бар заттарға айтылады.
Сұйықтықтардың тұтқырлығы. Егерде шыны таяқпен суды, қант ерітіндісін, глицерин, балды араластырса қозғалысқа қарсы күш байқалады. Бұл күшті ішкі үйкеліс күші немесе тұтқырлық деп атайды. Бұл күш сұйықтық молекулаларының іліну күштеріне байланысты болады. Ішкі үйкеліс күші сұйықтықтың бір-бірлеріне үйкелетін қабатардың ауданына S және қозғалыс жылдамдығы U, ал қабаттардың арақатынасына кері dx кері пропорционал.
Ғ =η· dU/dx· S ( Ньютон формуласы)
η – пропорционалдық коэффициенті.
Егер деS=1м2 dU/dx=1 болса, онда F=η, бұл жағдайда η-тұтқырлық коэффициент деп аталады. Оның мәні әр түрлі сұйықтықтар үшін әр түрлі
су = 1,005
этил спирті = 0,243
күкірт қышқылы = 22,16
глицерин = 1499,0
Бөлме температурасында сұйықтық молекулалар арасында тартылыс күштері осы температурадағы молекулалардың орташа кинетикалық энергиясынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан көптеген молекулалар сұйықтықты тастап кете алмайды. Булану проуесі суылумен қабаттаса жүреді. Себебіжылдамдығы ыстық молекулалар өздері кинетикалық энергиясын жоғалтады. Сонда сұйықтықтың үстінде белгілі бір бу болады. Сұйықтық үстіндегі буды қанаққан бу деп атайды. Ол туғызатын бу қысымы қаныққан бу қысымы деп атайды.
Заттың бу күйіне өтуін бу түзілу деп атайды. Оның 2 түрі бар:
1.Булану
2.Қайнау
Булану кезінде бу түзілу сұйықтың бос беткейінде жүреді. Ал қайнау кезінде бу түзілу сұйықтықтың бүкіл көлемінен бу көпіршіктері түрінен бөлінеді. Қайнау кезінде бу қысымы сыртқы қысымға тең болады. Осындай күйдегі температураны бу қысымы дейді.