Химиялық есептерін шығару әдістемесі

Жоспар:

  1. Химиялық есептер шығару әдістемесі пәні
  2. Пәнді оқытудың мақсаты

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі

1 .Б.А.Бірімжанов. Жалпы химия, Алматы 2001ж.

  1. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия – М. Высшая школа,2005.
  2. Глинка Н.К. Жалпы химия, Алматы, 1982ж.
  3. Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Білім, 2003ж.
  4. Бейорганикалық химия практикумы. Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева, Г.С.Камиева, Ж.Р. Кожагулоова. Алматы, 2003ж
  5. И.Г.Хомченко Сборник задач и упражнений по химии для ср.шк. 2000г
  6. А.И.Горбуров. Теоретическая основыы общей химии. М.,2001 г.
  7. К.Аханбаев. Химия негіздері. Алматы. 1985ж.
  8. Н.Е. Кузззьменко, В.В. Еремин, С.С. Чуранов Химия. М. 2002.
  9. Н.Л.Глинка. Задачи и упражнения по опщей химии. Ленинград. 2000.
  10. Алексеев В.Н. Курс качественного химического палумикроанализа.- М.,1973
  11. Логинов Н.Я., Воскресенский А.Г., Солсдкин И.А Аналитическая химия-М.,1979.
  12. Крешков А.П Основы аналитической химии-М 1976,1,2,3
  13. Алексеев В.Н. Количественный анализ-М 1972.
  14. Оспанов Х.К., Абланова Е.К және т.б. Физикалық химия, Алматы, Қазақ Уни. 2002ж.
  15. Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы, Алматы, 1996ж.
  16. Стромберг А.Г., Семченко Д.П., “Физическая химия”,-М. Высшая школа, 1988г.
  17. Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы. Алматы, 1996ж.
  18. Утелбаев Б. Химия 1,2,3 том., Алматы, 1998ж.
  19. Фридрихсберг Д.А. Курс коллоидной химии. Л. Изд. Химия, 1984г
  20. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия. М., 1974.
  21. Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия. М.: Просвещение, 1982.
  22. Терней А. Современная органическая химия. – М., 1979.
  23. Ибраев М.Н., Сарманова К.А., «Органикалық химия негіздері». Алматы, «Рауан», 1980.
  24. Нейланд О.Я. Органическая химия. – М., 1990.
  25. Несмеянов А.Н., Несмеянев Н.А. Начала органической химии. – М.:1974. – т.1,2.

Лекция мәтіні:

  1. Химиялық есептер шығару әдістемесі пәні

Есеп шығару химия пәнін оқыту процесі кезіндегі орындалатын міндетті элементтердің бірі. Бұл процесті химия пәнінің білім жүйесін меңгеруге негізгі себепкер болатын және оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын оқудың белсенділігі жоғары түрлеріне жатқызылады.

Химияны оқыту теориясында есеп шығару оқу және тәрбиелеу құралы ретінде саналады. Көптеген ғалымдар есеп шығару процесін оқудың әрі мақсаты, әрі әдісі деп санайды. Есеп шығару кезінде адам оқу процесінің негізгі элементтерін, оның негізгі қадамдары мен операцияларын меңгереді, сонымен қатар адам тұлғасының қалыптасуына өте қажетті өз бетімен жұмыс дағдысы қалыптасады. Екінші жағынан, есеп шығару кезінде оқу әдісіне тән барлық танымдық, тәрбиелік, даму және тексеру функциялары жұмыс істейді.

Есеп шығару кезінде оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Жүйелі түрде есеп шығару оқушылардың ойлау мүмкіншіліктерін дамытады, оларды творчестволық ізденуге сүйрейді, еңбек сүйгіштік, қойған мақсатқа жету және тұлғалық қалыптасуына қажетті қасиеттерді тәрбиелейді. Есеп шығару оқушының білімдерін және дағдыларын тексеру құралы да бола алады.

  1. Пәнді оқытудың мақсаты

«Химия есептерін шығару әдістемесі курсының » негізгі мақсаттарының бірі болашақ мамандарды есеп шығаруға үйрету. Сонда олар өз кезегімен мектеп оқушыларын үйретуге дайын болады.

-студенттерді орта мектеп бағдарламасы шеңберінде қарастырылатын химия есептерін шығаруға үйрету;

— студенттерді мектептегі педагогикалық практикаға дайындау.