Жоспар:
- Мектеп химия экспериментін жүргізудің әдістемесі пәні
- Мектеп химия экспериментін жүргізудің әдістемесінің бөлімдерге жіктелу
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1 .Б.А.Бірімжанов. Жалпы химия, Алматы 2001ж.
- Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия – М. Высшая школа,2005.
- Глинка Н.К. Жалпы химия, Алматы, 1982ж.
- Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Білім, 2003ж.
- Бейорганикалық химия практикумы. Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева, Г.С.Камиева, Ж.Р. Кожагулоова. Алматы, 2003ж
- И.Г.Хомченко Сборник задач и упражнений по химии для ср.шк. 2000г
- А.И.Горбуров. Теоретическая основыы общей химии. М.,2001 г.
- К.Аханбаев. Химия негіздері. Алматы. 1985ж.
- Н.Е. Кузззьменко, В.В. Еремин, С.С. Чуранов Химия. М. 2002.
- Н.Л.Глинка. Задачи и упражнения по опщей химии. Ленинград. 2000.
- Алексеев В.Н. Курс качественного химического палумикроанализа.- М.,1973
- Логинов Н.Я., Воскресенский А.Г., Солсдкин И.А Аналитическая химия-М.,1979.
- Крешков А.П Основы аналитической химии-М 1976,1,2,3
- Алексеев В.Н. Количественный анализ-М 1972.
- Оспанов Х.К., Абланова Е.К және т.б. Физикалық химия, Алматы, Қазақ Уни. 2002ж.
- Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы, Алматы, 1996ж.
- Стромберг А.Г., Семченко Д.П., “Физическая химия”,-М. Высшая школа, 1988г.
- Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы. Алматы, 1996ж.
- Утелбаев Б. Химия 1,2,3 том., Алматы, 1998ж.
- Фридрихсберг Д.А. Курс коллоидной химии. Л. Изд. Химия, 1984г
- Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия. М., 1974.
- Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия. М.: Просвещение, 1982.
- Терней А. Современная органическая химия. – М., 1979.
- Ибраев М.Н., Сарманова К.А., «Органикалық химия негіздері». Алматы, «Рауан», 1980.
- Нейланд О.Я. Органическая химия. – М., 1990.
- Несмеянов А.Н., Несмеянев Н.А. Начала органической химии. – М.:1974. – т.1,2.
Лекция мәтіні:
1.Мектеп химия экспериментін жүргізудің әдістемесі пәні
Химияны оқытуда химиялық эксперименттің маңызы ерекше. Ол, оқушылар зертханалық тәжірибелерді орындау кезінде өз бетінше жұмыстың негізін құрайтын әдіс ретінде және сарамандық сабақтарда эксперимент ретінде болады. Сонымен қатар, кейбір жеке әдістерді сипаттайтын әдістемелік амал болуы да мүмкін. Химиялық эксперимент оқудың және тәрбиелеудің мәселелерін шешуге көмектесе отырып, жалпы кез-келген әдістердің құрамды бөлігі болып табылады.
«мектеп химия экспериментін жүргізудің әдістемесі» пәні оқушыларда химия ұғымдарының теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, нақты заттар мен химиялық құбылыстардың көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың ой-өрісінің дамуына мүмкіндік береді, химияның іс жүзінде қолданылуын айқындайды. Химиялық эксперимент көмегімен оқушылардың алдына танымдық мәселелер қойылады, жорамалдар ұсынылады, олар эксперимент жүзінде тексеріледі.
2.Мектеп химия экспериментін жүргізудің әдістемесінің бөлімдерге жіктелуі
І бөлім. Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтік және экономикалық сферадағы түбегейлі өзгерістері қоғамның басқа салаларындағы іс-әрекеттердің заңды өзгерістеріне әкелді, атап айтқанда, білім саласында. Қазіргі жағдайда оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру химияны оқыту кезіндегі білім сапасын жоғарлатуға, практикалық біліктілікті қалыптастыруға оқушылардың өз бетінше жұмысын дамытуға, политехникалық бағдарды күшейтуге әсер ететін химиялық эксперименттің ролі.
ІІ Бөлім. Химиялық эксперимент химияны оқытудың ролі. Эксперименттің танымдағы ролі. Химияны оқыту жүйесіндегі демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер, практикалық сабақтар. Мектеп химия кабинетінің құрал-жабдықтары.
ІІІ Бөлім. Химиялық кабинеттегі оқушының орны. Қауіпсіздік техникасы. Зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар өткізуге қойылатын талаптар. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар: көрнекілік, қарапайымдылық, эксперименттің қауіпсіздігі, сенімділігі және эксперименттің түсіну қажеттігі.
ІV Бөлім. Химиялық эксперимент жүргізу кезіндегі қолданылатын аспаптар мен қондырғыларға қойылатын негізгі талаптар.