Жоспар:
- Инертті газдардың ашылуы
- Криптон, Неон, Ксенонның ашылуы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі және қосымша әдебиет
- Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
- Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
- Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
- Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
- Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
- Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
- Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.
Лекция мәтіні:
- Ағылшын физигі Рэлей 1882 жылы ауадан алынған азоттың бір литрінің салмағы 1,2572г , ал қосылыстарынан (NH4NO2) бөлініп алынған азоттың бір литрінің салмағы 1,2505г екендігін тауып, ауадан алынған азоттың неге ауыр екендігін шеше алмады. Ағылшын химигі Рамзай (1858-1916) ауадан алынған азотқа араласқан ауырырақ газ бар шығар деген жорамал айтып, Рэлеймен бірігіп ауа азотын зерттеді. Рэлей ауадағы азотпен оттекті қосып, азот оксидтерін сілтімен реакцияластырып қарағанда, алынған азоттан басқа бір газдың қалатынын байқаған. Рамзай басқаша жолмен, ауадағы азотты магниймен реакцияластырып «магний нитридіне» айналдырғанда, ол да азоттан басқа қалатын аз ғана газды табады. Оны зерттегенде, бұрын белгісіз жаңа элемент екендігі анықталады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Рамзай мен Рэлей 1894 жылы Аргон (грекше жалқау) деген жаңа элемент ашқандықтарын жариялайды. Бұл кезде Бунзен мен Кирхгоф тапқан спектр анализі қолданыла бастаған еді. 1868 жылы күн тұтылғанда, соның протуберанцтарының біреуінің бетінен ол кезде жерде жоқ жаңа элементтің сызығын табады, оны күннен тапқандықтан Гелий деп атаған.
Америкада табылған клевейт деген минералды тұз қышқылы мен әрекеттегенде, одан азотқа ұқсас бір инертті газ бөлініп шығады дегенді Рамзай естиді. Рамзай 1895 жылы сондай етіп; ол газды жинап алып спектрін зерттейді де, оның Гелий екендігін анықтап, Гелийді жерден табады.
- Рамэай мен Рэлей аргонды тапқаннан кейін-ақ, оны периодтық жүйенің жаңа нолінші тобының бірінші элементі деп есептеген, енді гелийде сол топқа жазылды. Менделеев бұл ұсынысты мақұлдаған болатын.
Сегізінші топқа гелий мен аргон орналасқаннан кейін, периодтық жүйенің заңына сәйкес, сол топқа тағы бірнеше элементтің орны бос екендігі анықталды. Сөйтіп, инертті газдар екеу емес, тағы бар екендігіне, оларды әлі іздеу керек екендігіне жол көрсеткен периодтық жүйе болды.
Рамзай Менделеев әдістерін қолданып жоқ элементтердің қасиеттерін болжайды. (неонды), соңынан ауадан ол элементтің өзінде табады. 1896-1898 жылдарда Криптон (жасырынды), неон (жаңа), ксенон (бөгде) ашылды. Кейінірек 1900 радиоактив құбылыстарын зерттегенде радон табылды.