Жоспар:
- Аналитикалық химия дамуының бірінші кезеңі
- Аналитикалық химия теориясының даму тарихы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі және қосымша әдебиет
- Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
- Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
- Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
- Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
- Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
- Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
- Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.
Лекция мәтіні:
Ерте заманнан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристалдау, сүзу және қайта айдау арқылы тазарта білген.
Алғаш «химиялық анализ» терминінін ағылшын ғалымы Бойль 17-ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.
Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М.В. Ломоносовтың массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М.В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т.Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің негізін салды.
Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізді.
18-19 ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 жылы неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады. Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі- Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді.
Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н.Н: Меншуткин 1871 «Аналитикалық химия» деген кітабында жазды. Онда сапа анализінің күкіртті сутегі әдісі алғаш қолданылған.
Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуы мен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теорисымен байланысты.
1903 жылы орыс ғалымы М.С. Цвет хромотографиялық анализді ашты. Совет үкіметі орнағаннан соң аналитикалық химияның теориялық және іс жүзінде дамуына үлес қосқан ғалымдар саны өте көп болды. Қазір халық шаруашылығының аналитикалық химия қолданылмайтын бірде-бір саласы жоқ десе болады.Аналитикалық химияхалықаралық бірлік жүйесіне 1982 жылы енді.