Аналитикалық химия пәні және оның әдістері

Жоспар:

  1. Аналитикалық химия пәні
  2. Аналитикалық химияның әдістері

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

Заттардың атомдық, иондық, изотоптық немесе молекулалық құрамын зерттейтін химия ғылымы бөлігін аналитикалық химия дейді. Ол сапа және сан анализі болып екіге бөлінеді.

Сапа анализі заттардың қандай элементтерден, иондардан тұратынын ғана анықтайды.

Сан анализі кезінде заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшері анықталады.

Заттардың құрамын зерттеген кезде алдымен оның қандай элементтерден не иондардан тұратынын, яғни сапасын анықтайды. Содан кейін оның құрамындағы элементтердің не иондардың сандық мөлшерін табады. Демек бірінші сапа, содан соң анализі жүргізіледі.

Заттардың сапалық және мөлшерлік құрамын ол заттарды анализ жасау арқылы анықтау мүмкін. Халық шаруашылығындағы әртүрлі материалдар және өнімдердің сапасы олардың өздерінің сапалық және мөлшерлік құрамына өте байланысты болады. Бұлардың сапалық және мөлшерлік құрамын жалғыз анализ жолымен анықтау мүмкін. Бұдан басқа әртүрлі геологиялық зерттеулер, биологиялық зерттеулер, қоршаған ортаның жағдайларын бақылау және қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту жұмыстары әртүрлі объекттерді сапалы және мөлшерлі анализ жасау жұмыстарымен тығыз байланыста болады. Демек заттарды анализ жасау әртүрлі методтары турасындағы ғылым – Аналитикалық химия деп аталады. Анализ жасалатын объект қандай да материал заттар араласпасы немесе индивидуал зат болуы мүмкін.

Химиялық анализді жүргізу үшін анализ жасалынып жатқан зат немесе оның құрамдық бөліктері аналитикалық қасиеттер немесе аналитикалық сигнал хабар деп аталатын химиялық немесе физикалық қасиеттерге еге болуы керек. Анықтаушы аналитикалық қасиеттерге : рең, иіс және химиялық реагенттермен өзара әсерлескенде бояулы қосылыстар, тұнба- шөкпелер, газдар пайда ету қабілеттерін енгізу мүмкін.

Аналитикалық эффекттер пайда ететін химиялық реакциялар аналитикалық химиялық реакциялар деп аталады. Аналитикалық реакцияларды өткізу үшін керек болған реактивтер – Аналитикалық реагенттер деп аталады.

Аналитикалық химияның шешетін мәселелеріне төмендегілер кіреді :

  1. Заттардың аналитикалық қасиеттерін реакцияларын таңдау, зерттеу
  2. Заттардың қасиеттері мен түзілісі арасындағы өзара байланысты зерттеу
  3. Заттарды ажырату методтарын жасау және үйрену физ сапалы және мөлшері
  4. Химиялық анализ методтарын жасау

2.Қазіргі кезде қолданылып жүрген аналитикалық химия әдістерін жалпы үш топқа бөлуге болады: Химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістер:

Химиялық әдіс заттар арасында жүретін химиялық реакцияға негізделген. Бұл реакциялар кеезінде әр затқа тән айрықша не тұнба, не түсті қосылыс, не газ түзілуі тиіс. Айрықша қосылыс түзетін реакциялар аналитикалық деп аталады. Химиялық әдіспен анализ жүргізу үшін қажет реактивтер мен ыдыстар болса болғаны.

Физикалық әдіс элементтің, ионның физикалық тұрақты қасиеттеріне-түр-түсіне, спектріне, тығыздығына негізделген.

Физика-химиялық әдіспен анализ жасаған кезде, алдымен химиялық реакцияға жүргізіп анықталатын затқа тән айрықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен зерттейді.