Жоспар:
- Добериеейнердің еңбектері
- Бегье де Шанкуртуа мен. Ньюлендс еңбектері
- Лотар Мейердің элементтер кестесін жариялауы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі және қосымша әдебиет
- Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
- Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
- Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
- Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
- Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
- Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
- Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.
Лекция мәтіні:
Химиялық элементтердің саны көбейген сайын, олар жайындағы білім көбейіп, оларды бір тәртіпке келтіріп жинақтау керек бола берді. Элементтердің қасиеттерін салысытырып ерте уақыттан ақ металл және бейметалл деп екіге бөлетін. Бұл ірі бөлу химиктерді қанағаттандыра алмады, сондықтан элементтердің бір қасиетіне сүйеніп топқа бөлу қажет болды.
1817 жылы неміс химигі Добериейнер өзіне белгілі элементтердің қасиеті ұқсастарын үш-үштен тіркестіріп, триада деп ат беріп, оларды байланыстыратын математикалық заңдылық тапқан:
LiCaPSCI
NaSrAsSeBr
KBaSbTeI
әрбір триаданың ортаңғы элементінің атомдық массасы шеткілерінің атомдық массаларының арифметикалық санына тең болады:
7 (Li) +39 (К)/ 2 = 23 (Na)↓35,5 (СІ) + 127 (І) /2═ 80 (Вr)
Ол уақыттағы белгілі элементтердің барлығы мұндай триада түзе алмаған.
1863 жылы француз ғалымы Бегье де Шанкуртуа 50 элементтің тізімін, атомдық массаларына сәйкес, белгілі машстаб бойынша цилиндрдің сыртына винт сызығының бойымен орналастырған. Сонда ұқсас элементтердің көбі бірінің астына бірі келеді.
1864 жылы ағылшын ғалымы Ньюлендс, элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен орналастырған, сонда әрбір сегізінші элемент бірінші элементтің қасиетін қайталайтындығын байқаған. Бұл музыкада сегізінші нотаның қайталайтындығына ұқсас болған соң Ньюлендс оны “октава заңы” деп атаған. Бірнеше “октаваларды ” келтірейік:
НLi ВеBCNO
ҒNaMgAISiPS
СІКCaTiCrMnFe
Со (Nі)СиVZnInAsSe
Ньюлендстің кестесінде қателіктер, қайшылықтар бар; кей орында екі элементтен (Со Nі) тұр, Tі, Cr, V, Мп тағы басқалары өз орындарында емес, жоқ элементтерге орын қалдырылмаған. Бірақ атомдық масса өскен сайын химиялық қасиет периодты түрде өзгеретіндігін көрсетуі дұрыс пікір.
Сол 1864 жылы неміс ғалымы Лотар Мейер 28 элементтен тұратын кестені жариялады. Мейердің не негізге алғаны элементтердің атомдық массалары мен валенттілігі мына кестеде келтірілген:
4вал. | 3вал. | 2вал. | 1вал. | 1вал. | 2вал. |
— | — | — | — | Li | Be |
C | N | O | F | Na | Mg |
Si | P | S | CI | K | Ca |
— | As | Se | Br | Rb | Sr |
Sn | Sb | Te | I | Cs | Ba |
Pb | Bi | — | — | TI | — |
Мейер бұл элементтердің атомдық массаларының айырымды есептеген атомдық көлемдердің атомдық массаға периодты түрде байланысты екенін көрген, бірақ одан ешбір керекті қорытынды шығаруға батылы бармаған. Мейер де периодтық заңды қолына ұстап отырып, уысына шығарып алған.
Менделеевке дейінгі барлық химиялық элементтенрді классификациялаушылар бір топтағы элементтердің арасында байланыс барлығын, олар барлығы бүтін бір жүйе екендігін көре алмаған.
Периодтық заңды ашу приоритетін француздар- Бегье де Шанкуртуаға, ағылшындар-Ньюлендске, немістер-Л. Мейерге бермек болған. Бірақ жер жүзілік химиялық әдебиетте бұл заңды ашқан Д.И менделеев деп танылған.