TCP/IP хаттамасы, оның қолданылу мақсаты

70- ші жылдардың ортасында АҚШ-тың қорғаныс Департаменті (U.S. Departament of Defense) ведосмтвалық ұйымдарда электрондық коммуникац-иямен байланысты меселелер туындағаны жөніндегі шешімге келді. Департамент,ізденістік лабороториялар, университеттердің қызметкерлері арасында хабарлардың үлкен ағымын алмасу  кезінде қиындықтар туындады. Әр түрлі мекемелер әр түрлі өндірушілердің әр түрлі операциялық жүйелерді орындайтын компьютерлерін пайдаланды. Бұдан келе сұрақ туды :бұлар арсында ақпарат алмасуды қалайша мүмкін етуге болады?

Перспективалық ізденістерді дамыту  Агенствасы ARPA ( Advanced Research Projects Agency)- ға әр түрлі топологиялар мен құрылғыларды пайдаланатын жүйелер байланысы мәселесін шешу тапсырылды. ARPA университеттер жәнекомпьютер өндірушілер арасындағы қарым- қатынасқа коммуникация стандарттарын жасап шығарды. Бұның нәтижесінде төрт мықты түйіннен тұратын жүйе құрылды. 70-ші жжылдары бұл жүйеде TCP/IP-ге негіз болатын жаңа базалық хаттама пайдаланылды.

Internet-те сіз жұмысыңызға браузердің қандай версиясын  пайдаланудан тәуелсіз, олардың барлығы TCP/IP хаттамасын қолдайтын программалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Осылайша TCP/IP хаттамалар тобы –бұл  Internet-тегі компьютерлердің арасыдағы “ қатынас тілі” болып табылады.