Жаңа технологиялар және нарық дамыған кезде шаруашылық субъектілердің экономикалық өсуін талап етеді. Экономикалық әдебиеттерде бұл процестерді XXI және XX ғасырларда индустриалдық экономикадан білімге негізделген XXI ғасыр экономикасына көшу деп атайды. Бұлардың айырмашылығы: индустриалды экономикада табиғи ресурс, жабдық, еңбек туралы білім артуымен дамиды, ал инновациялық экономикада бар білімге жаңа білім қосуымен дамиды. Біз ең маңызды деп ғылыми-технологиялық деңгейді дамытуды есептейміз. Ал кәсіпкерліктегі жаңа технология яғни, бизнес инновацияны қосымша деп есептедік. Инновацияны іске қосуды ешбір себептерсіз қарастыру керек, яғни идеалды формада, тек содан кейін теориялық аспектіні қарастыру керек.
Экономика ғылымы 8 негізгі іс-әрекет аясын бөліп қарастырады, осылар шекарасында өнеркәсіп өзінің басты мақсаттарын белгілейді.:
- өнеркәсіптің даму дәрежесі;
- өндіру деңгейі;
- өндіру ресурсының болуы;
- басқару жүйесі;
- тұрақтылық дәрежесі;
- инновациялық іс-әрекет;
- қызметкерлердің кәсіптік жағдайы;
- әлеуметтік жауапкершілік
Ұзақ мерзімдік шешім қабылдау кезінде кейбір стратегиялық мақсаттар ара қатынасы маңызды, белгілі кезеңдерде экономикалық даму үшін олардың кейбірі әсіресе маңызды. Стратегиялық мақсаттарды ситуациялық зерттеу, дәл қазір ғылыми зерттеу және өндіруге бағытталған мақсаттар ең маңызды деп тапты. Әр стратегиялық жоспар басына жаңа технология және жабдық игеруді қояды. Және жаңа технология жабдыққа қарағанда жабдық алу ең көп дамыған инновациялық іс-әрекет.
Кез-келген стратегия — өзгеріс, ал өзгеріс – бір процесті дамыту – ал бұл инновация тек технологтардың стратегиялық іс-шараға қатысуы жеткіліксіз. Жаңа технологиялар әлемінде стратегия және инновация бір. (1 сурет).
Қаржылық жоспарлау | Ұзақ мерзімдік жоспарлау | Стратегиялық жоспарлау | Стратегиялық басқару |
Шығындарды басқару
|
Өткен кез тенденцияларды экстраполяциясының негізінде басқару |
Өзгеруді болжауды басқару |
Өзгермелі-жедел шешім-дерді басқару |
1900-1950ж |
1950-1970ж |
1970-1990ж |
1990-бүгінгі дейін |
Зертханалар-ды басқару
|
Инновациялық проектілерді корпоративтік басқару | Өнімдік инновация және инновацияға корпоративтік портфель құру | Бірге шешім қабылдау негізінде басқару
|
Стратегиялық және инновациялық менеджменттің қатынасы жоспарлауға, стратегиялық инновацияға алып келеді. Бұл екеуін қосу және басқару арқылы жаңа түрге яғни стратегиялық бағдарламалауға келеміз. Болашақты бағдарлама құрып басқару керек.
Берілген кәсіпорынның өндірісін мемлекет тарапынан қаржыландыру мен өндіріс өнімділігіне ықпал ету мемлекет тарапынан жүргізілуі тиіс.
Нарықтық заманға сай бұл кәсіпорын ең алдымен модернизация процесін өту керек. Ол дегеніміз: жаңа техника мен технологиямен жарақтану, өндіріс құрал-жабдықтарының жаңаруы. Әрине, ол үшін мемлекет қоры болу керек, сонымен қатар отандық және шетел инвесторларын тарту қажет. Баланстан байқағанымыздай инвестицияландыру деңгейі төмен. Ол ең басты менің ойымша, отандық өнеркәсібіміздің бәсекелестікке қарсы тұру қабілеттілігімен анықталады.
Қорытындылай келе, менің ойымша негізгі мәселе бұл қаржыландыру, бәсекелестік деңгейін жоғарлату. Сонда ғана фирма шығындарды азайтып, модернизацияланады, жоғары деңгейге көтеріледі.