Экономикадағы экололгиялық факторлар

Экономика саласында жаңа экологиялық-экономикалық жобаларды қалыптастыру үшін экономикалық дамуды экологиялау қажет болады. Қоғамның техносферамен және оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына экономиканың барлық құрылымдары мен салалары — өндіріс, бөлу және тұтыну қамтылған. Осыған байланысты экономиканың дамуы адамзат қоғамындағы қажеттіліктің шексіздігі, ал қажеттілікті қанағаттандыратын материалдардың ресурстар шектеулілігі туралы түбірлі жағдайды мойындауымыз керек. Ол жағдай шектеулі ресурстармен қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру үшін экономикалық процестерді оңтайландыру, тиімділігін арттыру қажетілігін туғызады.

Экономиканың табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі экология заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы он жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік айқын сезіле бастады. Мысалы, топырақтың бір пайыз төмендеген құнарлығын бұрынғы қалпына келтіру үшін жұмсалатын шығындарды 10% арттыру керек. КСРО-да өткен ғасырдың 20-шы және 90-шы жылдары аралығында 1 центнер дәнді дақылдар өндіруге жұмсалатын қаржы 1100 есе өсіпті. Кесілген орманның орнына қолдан отырғызылған немес қалпына келтірілген орман бұрынғы табиғи күйіне келмейтіні белгілі болды. Осы мысалдардың өзі табиғат ресурстарын ысырапшылдықпен пайдалану

 Ф-ОБ-001/024

қымбатқа түсетіні, ең бастысы — зор әлеуметтік-экологиялық және экономикалық зиян

әкелетінін көрсетеді. Бұл мәселені әлеуметтік-экономикалық саланы экологиялау арқылы шешуге болады. Ол үшін:

— экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде қалпына келетіндерін басқа экономикалық категорияларды байлықтың басқа категорияларымен тең қарастыру;

— ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын экологиялық шектеулерге және төлем жүйесін кеңіте отырып, табиғатты тепе-теңдік жағдайында пайдалану принципіне бағындыру;

— табиғат қорғау қызметтерін экономикаға тікелей қосу, технологиялық қайта жарақтау негізінде өндірістің сапалы өсу стратегиясына өтуі.

Қазіргі күнге дейін табиғаттан қанша ресурс алуға болатыны, оған қаншалықты әсер етуге болады және оның салдары қалай болатыны айқындалған жоқ. Біздің экономикамыз ресурс тұтынушы бағытта екені белгілі. Бірақ, ресурс тұтынудың артуы ұлттық табыстың өсуіне шамалас емес. Яғни, мәселе пайдаланған ресурс көлеміне емес, экономикалық құрылымға байланысты. Қазіргі қалыптасқан үрдіспен экономиканың қарқынды дамуына табиғат ресурстары жетпейді. Оның үстіне көптеген ресурстар сарқыла бастады және пайдаланылуы шектелді. Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың ресурс үнемдеуші түрақты даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін талап етуде. Қазіргі нарық жағдайында қанша өнім шығару емес, табиғатқа зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға болады, табиғаттың қалыпты жағдайын өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген мәселені шешу керек. Ол үшін өндірістің алғашқы факторларын соңғы тұтыным өнімімен байланыстыратын мақсатты бағдарламалар керек. Осы өндірістік тізбектің (өндіру, тасымалдау,

Ф-ОБ-001/024

өңдеу, тұтыну) өне бойында ресурс үнемдеу жолдарын, өндірістің тиімділігін арттырудың негізінде ең соңғы өнімді тұтынуды азайтуды ойластыру қажет.

Шешім қабылдаудағы маңызды мәселенің бірі — ҒТП нәтижесінде табиғат ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай мүмкіндіктер өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін және экологиялық

жүйені ештемемен алмастыруға болмайды. Мысалы, отын ресурстарын бір-бірімен алмастыруға немесе олардың орнына күннің немесе желдің қуатын пайдалануға болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны, өзен қабатын, т.с.с. жасанды заттармен алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында табиғаттан алынады.

Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық факторларды экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси экономия экономикалық категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты. Шындығында құндылықтар табиғат ресурстары мен экологиялық жағдайлардың қатысуымен құрылған нәтижелер мен шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы қатыспаған құндылық жоқ.

Экономиканың маңызды көрсеткіші — елімізде өндірілген тауар мен қызметтің бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық қалдық шығарылады, ал табиғатты пайдалануда одан бірнеше есе көп. Бұл қалдықтар, табиғи ортаны ластап, тіршілік жағдайын қиындатумен бірге адамдардың игілігін кемітеді. Бірақ, зиян жалпы ұлттық өнімнен шегеріліп алынбайтындықтан халықтың жағдайы өспеді. Әзірге қол жеткізгеніміз ары қарап өндірісті экологиялау, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін және табиғи

Ф-ОБ-001/024

ортаны ластағаны үшін төлем белгілеп, табиғат пайдалануды мемлекеттік тұрғыдан реттеу болып отыр.