I—IV сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушыларына тән қажеттілік

Басты қажеттілік — оқушы болу. Ол сыртқы пішінімен, оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан соң (үшінші-төртінші сыныптар) құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.

Оқушы бейнесі осы міндетті өтеудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сөзінуі, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» сынып оқушысымын деген мақтаныш сезім билейді.

Қызмет. Танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуын (баланың,  «неліктен  солай?»  дейтін  сұрағы  сиректеліп құндылықты, оқи білуді (бөліктерін оқи, санай, жаза білуден бастап) игеру.

Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық қызметті, сол секілді бір сыныптағылармен оқу-іскерлік қатынасты дамыту.

Оқудан тыс жердегі қатынас баяу, стихиялы түрде қалыптасады. Ол көп ретте арнаулы педагогикалық қамқорлықта, бақылауда бола бермейді.

Бірлесе атқарылатын танымдық және ойындық (рольдік және «қимылдық») қызметтер тартымды болады.

Тұлғааралық қатынастың мазмұны — аспаптық — оқиғалық — жағдайлық. Әдетте, балалар бұл жаста бір-бірімен сойлесіп пікірлескенде көбінесе «Бүгін не істейсің?», «Не істеп жатырсың?»-нан бастайды. Олар өткендегіге немесе алдағы істелер іске аз көңіл бөледі.

Сыныпта өзара қарым-қатынас біркелкі, біршама қиын емес және мұғалім бағалауының күшті ықпалында болады. Қатынастың белгілі топтары 2—3 адамнан (бұл ойындық және ұйымдық жағдайлар үшін дұрыс емес) тұрады.

Мұғалімнен күтілетін негізгі рольдер — тергеуші және қорғаушы.