Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I—IV, У-УІ, VII—VIII, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылып, жалпы міндеттері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің ұл гілері ұсынылады.
Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасыңдағы шек қоюшылық туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді. Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген оқушының жас ерекшелігін біліп қою жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке басын зерттеп білу көзінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін айқындап алуы керек.
Бірқатар себептер бойынша I—IV сынып (7—10 жас) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педагогтың бұл жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұл жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда, 7-10 жастағы оқушыларда негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл-желпі сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Психиканың дамуы «жаңа құрылым» деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.
Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп өсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез кендігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін есте ұстау керек.
Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып оқушыларында моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер I— II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III—IV сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымен бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне төн мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіке байланысты теменгі сынып оқушыларында ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады; психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн. Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән. Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін әрқашан қолдап отыруы керек.
Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен нәтижелерге жетуге болатынын көрсетгі. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие жұмысы педагогикалық тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол (I—II сыныпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан кейін себептерін, зандылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушылығын күшейтуге бағытталуы керек.
V—VI сыныптарда (11—12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп аталады. Жасөспірімдік жас — оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім енді бала емес, бірақ ол әлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де сөзінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың партада отыруына көңіл белудің, оның гимнастикамен көбірек шұғылдануына, спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.
Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімге және тәуелсіздікке ие болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті. Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы олардың жеке сапасы корініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар. Сөзбен әсер ету, түсіндіру жөнс сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бұл әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне, олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы әлсіреуі мүмкіи, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене қарауға және үлкендердің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. «Мұндай құбылыстарды» елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру қажет.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас үлгісінің ерекше маңызға ие болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөспірімдер үшін үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сөзінетін болады. Олар үшін үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар бірлігінің үлкен маңызы бар.
Осы орайда жскелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес, оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.
V—VI сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді.
VII—VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды, өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эететикалық мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII— VIII (13-14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге өкеп (акселерацияға) соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке айналады.
Сырт кезге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен, жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады. Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.
Жасөспірімдерді түсіну — күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың өзін түрліше бағалауы мүмкін, өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.
Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне байланысты, баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіруге байланысты туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі дәлелдеріне үйлес болуына тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиелік жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасында байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс-әрекеттерінде келіспеушілік туындайды. Бала бойында өз еркінің болмауы да осы тұста байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлқында тұйықтық пайда болады.
Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз қарайды, өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін дамытудың, оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.
Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің онды жақтары қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда ауытқушылық байқалады.
Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердің тағы бір түрі — қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сөзінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік санасының жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінін тәжірибе көрсетуде. Сондықтан олар өз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың ықпалына тез түседі. Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы және олардың іс-әрекеттеріндегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі керек. Психологтар әдетте мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлық жайлар — психикалық индукция, конформизм (айналадағылардың пікірлеріне бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер өмірде «көпті көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық таңдауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндылықтарды қайтадан бағалау пайда болады.
Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп, үлкен жауаптылық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда көбінесе отбасындағы жағдайларды салыстырады. Бұлай ету үлкендермен қарым-қатынастардағы түсінбеушілікке екеп соғады. Қатаң бақылауда болатын жасөспірімдерде әдетте үлкендермен қарсыласу көп болады, өйткені олар өздерін қазірдің өзінде үлкенбіз деп санайды. Оларға үлкендердің орынсыз қамқорлығы немесе олардың адамгершілігін кемітуі ұнамайды. Мұның бәрі олардың өздерін толық құқылы азаматпыз деп санауынан келіп шығады. Сонымен бірге, үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы түсінбеушілік жасөспірімнің өз істерін асыра бағалауынан да пайда болады. Үлкендер балаларды өздерінің меншігі санап, олардың қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санаспайды. Жасөспірімдер өздеріне қойылған шектеушіліктің себебін білгісі келеді, үлкендер болса, көп ретте дәлелді жауаптар қайтармайды. Соның салдарынан оларда үлкендердің әділетсіздігі жайында ұғым қалыптасады. Әдетте, өмірде тәрбие ісінде үлкендердің өздерінің үлкендігін жиі пайдалануы тәрбиенің дұрыс болуына кедергі келтіретіні байқалады. Өзінің әрекеттерін жоғары бағалайтын жасөспірімдер түрлі проблемалар бойынша өздерінің пікірлерін толық айтқысы келеді. Егер олардың солай істеуіне мүмкіндік берілмесе, қарама-қарсылық шиеленісе түседі. Осындай жағдайдың салдарынан кейде жасөспірімдер үйін немесе тәрбиелік мекемелерді тастап кетеді. Тәрбие жүйесінде жасөспірімдер үнемі өзгергіш және дамымалы буын, ал үлкендер қалыптасқан буын деген фактіні ескере отырып, тәрбиеде жіберілген өз қателіктерін мойындауы керек.
Сыртқы ортаның ықпалымен жасөспірімдердің ішкі дүниесінде терең өзгерістер болып жатады. Сондықтан тәрбиешілердің жасөспірімдерді тапқырлыққа және тұлғалық тәуір қасиеттерді қалыптастыруға бағыттауы қажет.
VII сынып оқушыларының білімін өздігінен терендетуге ұмтылатыны және білімнің түрлі саласына қызығушылық танытатыны белгілі. Көп жағдайда олардың қызығушылығы кездейсоқ факторларға негізделген. Оның оқыған кітапқа, көрген фильмге немесе пән бойынша алған жоғары бағаларына байланысты болуы мүмкін. Егер тәрбиеші оқушылардың қызығушылығын дамытуға үнемі көңіл бөліп отырмаса, онда олар біржақты және шектеулі болып қала береді. Осыған байланысты оларды қоғамдық мәні бар мақсаттарға бағыттаудың маңызы зор.
Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі.
Күн режимін сақтай білудің де ерікті дамыту мен мінез-құлықты тәрбиелеп жетілдіруде маңызы зор.
Жыныстық дамуға байланысты жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қызығушылығы артады. Алғашқы сүйіспеншілік сезімі жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Тәрбиеші жас жігіттер мен қыздардың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы, достық және махаббат туралы, жоғары адамгершілік түсініктер туралы әңгімелер өткізуі керек, санитарлық-гигиеналық білімге көңіл аударуы қажет. Әсіресе, бүгінде сексті кең марапаттауға байланысты түрлі жұқпалы аурулардың неден пайда болатынын, оның адам өмірінс, түқымға зияндылығын түсіндіру керек.
ҮІІ-ҮІІІ сыныптардың оқушылары, әдетте, спортпен, бимен, түрлі ойындармен, кештермен шұғылданады. Егер олардың қызығушылығын дер көзінде керекті арнаға бұрып отырмаса, олардың оқуына бөгет жасауы мүмкін.
Жас жігіттер мен қыздар жалпымектептік іс-шараларға қанағаттанғандықпен қатысады, конференцияларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға қатысумен өздерінің қабілеттерін дамытуға тырысады.
IX сынып оқушыларының даму ерекшелігі денедегі, психикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты. IX сыныпта (15-16 жас) оқушылардың жас кезеңін өдетте ерте оянған бозбалалық шақ деп атайды, өйткені бұл кезеңде балалықтан жастық шаққа өту кезеңі туады. Бозбалалық шақ жыныстық жетілудің аяқталу кезеңі, сонымен бірге дененің дамуы жағынан кәмелетке жетудің алғашқы сатысы болып табылады. Бұл жаста жасөспірімдер денесінің дамуында сәйкессіздік байқалады: аяқ-қол жылдам өседі, кеуде өсуден кенжелейді, сырттай олар ерсілеу, икемсіз көрінеді. Жүрек тамырының дамуында да біркелкі өсу болмайды, жүрек жылдам өседі. Тамырдың дамуы кенжелейді. Мұндай жағдайда жекелеген мүшелерге қан құйылуының жеткіліксіз болуынан қан қысымы артады, соған байланысты бас ауырады.
IX сынып оқушыларының санасында жаңа әлеуметтік көзқарастың пайда болуы ең басты нәрсе. Олар сезімнің, сананың, мінез-құлықтың дамуын ғана түсініп қоймастан, өзін-өзі басқаруға ұмтылыстың да ерекше маңызды екенін жақсы түсінеді.
IX сынып оқушылары «Өмірдің мәні неде?», «Адамның шынайы бақыты деген не?», «Мүмкіндіктер және таланттар қандай болады?» деген сұрақтардың жауабын табуға қызығушылық танытады. Оларды адамның өмірдегі орны, адамшылық қарым-қатынастардың пайда болуы қызықтырады. Алайда, өмір тәжірибесінің жеткіліксіздігі, орнықпаған моральдық ұстанымдар, түрліше өмірлік жағдайлардың сыр-сипатын жете түсінбеушілік кейде оларды шешім қабылдауда қызбалыққа, бір жақты шешім қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл кезде оқушыларда сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Олар достықты, жолдастықты бағалайды және мұғалімдер, ата-аналар, үлкендер тарапынан өздеріне құрметпен қарауды талап етеді. Олар көп жағдайда үлкендерден көмек сұрайтын болса да, өздерін үлкенбіз деп санайды. Алайда үлкендердің оқушылар жөнінде сөздеріндегі, қылықтарындағы, ақыл-кеңестеріндегі дөрекілігі оларға кері әсер етеді.
Осыған байланысты жоғары сынып оқушыларының тәрбиесі көзінде мұғалімдерге олардың мінез-құлқының түрліше болатынына көңіл бөлуге тура келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып қала беретінін де атап өткен жөн. Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін және оның жан-жақты тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқашан ерекшеленіп тұрады. Жоғары сынып оқушыларының кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында беделді болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды, қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және оның болашақ мамандығының сипатына тәуелсіз қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімдік даярлықтың іргетасы қаланады.
Негізгі мектепті (IX сынып) бітірушілерге орта білім алуды аяқтаудың жолдары мен мерзімдерін тандауға, сондай-ақ кешкі және сырттан оқу жүйесінде білімін жалғастыру мүмкіндігімен еңбек қызметін бастауға құқық беріледі. Жоғарыдағыларды ескере келіп, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен тұжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығын және оның дүниежүзілік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес толық орта білім алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.