12 жылдық білім берудегі оқытудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағығында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, — деп көрсетті.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты) жарық көрді.12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. Соның ішінде негізгі орынды «Сауат ашу» мен «Әдебиеттік оқу» пәндері алады. Стандартта осы пәндерден берілетін білім мазмұны анықталды. Аталған стандартқа сәйкес жасалған бағдарламаның мазмұны жүйелілік және функциялы қарым-қатынас принциптерінің негізінде грамматикалық білімді меңгеріп қана қоймай, алған білімді қажетіне қарай қолдану дағдылары мен біліктерін таңдауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның мазмұнын іске асыру сауат ашу мен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін, тілдік қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін ұйымдастыруда, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде, оқытудың құралдары мен әдістерін жаңартуды, жаңа технологияларды пайдалануды талап етеді.

12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін жеңілдетіп, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденушілігін тудыруға мүмкіндік жасау көзделеді. Бұл білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық бағытқа көшуінен туындап отыр. Ондай жағдайда мұғалімнің рөлі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің жеке әлеуетіне сүйенетін және оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағына көңіл бөлу керектігін көрсетеді.

Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінде оқушы субъект ретінде қабылданатын болғандықтан, әрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, оның дамуына жағдай жасалады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үрдісінде оқушы өзін іс жүзінде көрсетіп, пәндерді меңгеру барысында өзінің жеке қасиеттерін дамытуға арналған белсенділік пен ынтымақтастық іс-әрекеті түрінде көзге түседі. Ынтымақтастықтағы оқыту үрдісі әрбір оқушының өзінің даму деңгейіне сәйкес оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы педагогикалық үрдісті шығармашылықпен түрлендіреді. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үрдісінде мұғалім жетекші, 5 қуат беруші, жігерлендіруші рөл атқарады.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі — оқушылар  білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі, бұл кезде әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгеруде өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі!

Білім берудің жеке өрісі оқушыдан тиісті іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруда төмендегідей біліктіліктерді талап етеді: мәселенің шешімін табуға ынталану мен нәтижеге қол жеткізу біліктілігі; өздігінен мақсат қою мен оны шешуге әрекеттену біліктілігі; коммуникативтік мәдениетіне дағдылану біліктілігі. Жеке түлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдастыру мұғалімдерден төмендегідей міндеттерді іске асыруын көздейді:

— әрбір пән бойынша сабақта тақырыптың мақсатын нақты қоюы;

  • әрбір пәннен оқушылардың меңгерілуіне тиісті ұғымдар мен түсініктерді саралай білуі;
  • білім берудің басты міндеттерін шешуді, яғни оның әдістерін, рефлексия тәсілдерін, өзінің ісәрекетін шығармашылықпен ұйымдастыруы;
  • жекелеген пәндер бойынша ізденімпаздық, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыра білуі.

Біздер құрастырған стандарт негізінде бастауыш білімнің бағдарламалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрды. Сауат ашу пәні бойынша оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдылық шығармашылық қабілеттерін дамыту; ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздеді.

Бағдарлама бойынша сауат ашу пәні үш кезеңде жүзеге асырылады: әліппеге дейінгі кезең — 24 сағат, әліппе кезеңі -90 сағат, әліппеден кейінгі кезең — 78 са-ғат.

Әліппеге дейінгі кезеңде сөйлеу, сөйлем, сөз, дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық мате-риалдар талдау әдісімен берілді. Осы кезеңде тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.

  • сөздік қорын дамыту;
  • байланыстырып сөйлеуге үйрету;

— грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;

— сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әліппе кезеңінде дыбыспен, оның таңбасы әріппен, олардың сөздегі, буындағы қолданысымен, орнымен таныстырылады. Әліппе кезеңінде балаларды А.Байтұрсыновтың «Әліп би» яғни, қазақ балаларына арналған әліппесіндегі буындап тұтас оқу, сөзден сөз туындату принциптері басшылыққа алынып, сөзден сөз туындату жолдары арқылы сауатты оқуға, жазуға үйрету, сөзбен, сөйлеммен жұмыс жүргізу мақсаты көзделді.

Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу, дыбыс пен әріп, буын, тасымал, сөз түрлері, сөз мағынасы, сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлемдегі сөздердің байланысы практикалық жолмен түсіндіріледі. Сондай-ақ мәтін туралы түсінік беріледі. Әліппеден кейінгі кезеңде мерзімдік-тақырыптық, кіріктірілген-кешенді принциптер басшылыққа алынып, оқу материалдары мен грамматикалық материалдар кіріктіріле қарастырылады.

Алты жасар баланың негізгі іс-әрекеті ойын екендігі ескеріліп, оларға оқушының ойын дамыту мақсатымен нақты зат арқылы әрекет ету тұстары жүзеге асырылды. Сондықтан алты жастағы балаға білім беру сабақтарында негізінен дидактикалық ойын-дар пайдаланылды. Белгілі педагог М.Жұмабаев: «Ойын — бала үшін өмірлік тәжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады. Ойын кезінде бала терең әсер алып, үлкен белсенділік кәрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек», — деп бекер ай-тылмаған.

Сонымен қатарғалым С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

  • еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
  • ойынның мазмұнын сипаттайтын жағдайлар.
  • ойынның қарым-қатынас қызметін атқарып, тілін дамытудағы маңызы;

— әрекеттің эмоционалды жағына көтеріңкі болуы, яғни жарыстың орын алуы деген қағидаларға сүйендік.

Психологтардың зерттеулері ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийтындығын дәлелдеп отыр. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету — мұғалімнің басты парызына айналмақ. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеттері мен белсенділіктері артатындығы олардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің өзі, сабақты ойын түрінде ұйымдастыруды керек ететіндігі белгілі.

Сондықтан да кіші мектеп оқушыларының ойлау және танымдық іс-әрекетін жандандырудың, дербестігін дамытудың маңызды шарты — қызықты материалдар мен ойындар екендігі ескерілді. Ойын оқушының белсенділігін оятатын қабілеттерін іске асыратын, түрлі көңіл-күйлік әсерге бөлейтін іс-әрекет. Бірінші сыныпта бала ойын іс-әрекеті үстінде қандайда білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің өзінде қалай ойынға ұласып кететінін аңғармай қалады. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасалады. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне көтеріледі [9, 97 б].