Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың негізгі принциптері

Қоғам дамуын тоқтатпай-ақ табиғатпен үйлесімділікке жетуге болады. Ол үшін теорияда және тәжірибеде бұрынғы қалыптасқан ұғымдардан, әдеттерден арылып, табиғатты пайдалануды жаңа принциптер негізінде жүзеге асыру керек. Бұл принциптердің негізі қоғам табиғаттың құрамдас бөлігі екендігін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлігі екенін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлшегі болғандықтан жалпыда болған өзгерістер оның барлық бөлігіне әсер етеді. Яғни табиғатқа зиян келтірсек ол қоғамға да зиян. Табиғатқа қарсы әрекет етіп ешқашан өркениетті қоғам құра алмаймыз. Табиғат қоғамсыз өмір сүре алмайды, ал қоғам табиғатсыз тіршілігін қояды. Осы қағиданың негізінде қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың ең негізгі әдістемелік принципі – табиғи орта мен қоғамның үйлесімділігі, ең тиімді сәйкестігі. Қоғамдағы зат, қуат ақпарат алмасулар табиғатқа сіңімді болуы керек, табиғатқа сыйымсыз қалдықтар шығарылмауы керек, табиғаттың өздігінен қалпына келу қасиеті шектелмеуі тиіс.

Өндірісіміз, адамзат қоғамы тұтастай алғанда әзірге мұндай мүмкіншілікке жете алған жоқ. Сондықтан екінші әдістемелік принцип – табиғи теңдестіктерді  сақтау. Эволюциялық даму нәтижесінде табиғи теңдестіктер қалыптасқан. Олардың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеп соғады.

Ф-ОБ-001/024

Табиғаттан алынған оған қайтып оралады. Алғандардың (зиянның) орнын толықтыру – үшінші әдістемелік принцип ретінде қарастыруымызға болады.

Төртінші әдістемелік принцип – шаруашылық әрекеттердің экологиялық тазалығын дәлелдеуді қажет етпейтін жоғарыдағылардың заңды жалғасы.

Қоғамның дамуын тоқтатуға болмайды. Осы тұрғыдан оның қажеттерін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы кешенділік және экологиялы тазалық – бесінші әдістемелік принцип.

Алтыншы әдістемелік принцип – табиғат мүддесі қоғам мүддесінен, қоғамның, мүддесі жеке адамдардың мүддесінен басымдылығы. Сонда ғана экологиялық, әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін болады.

Аталған принциптер негізінде ғана табиғатпен үйлесімді қоғам құруға болады.

Ф-ОБ-001/024 Қорытынды

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмайтындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмайтынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және табиғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Жаңа экология-экономикалық көзқарастың мағынасы қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында ашылды. Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының, оның ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін тұрақты даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды болдырмайтын бірден-бір жолы деп танылды.

Табиғи ортаны сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе біржақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әскери қару-жарақтар сынаумен біздің территориямызда көптеген экологиялық апатты жағдайлар қалдырды.

Қалыптасқан экологиялық жағдайларды ескере отырып, курстық жұмысымда экономиканы тұрақты дамыту мақсатында табиғатты қорғау мен оның ресурстарын ұтымды пайдалануды экономикалық басқару, реттеу және оған табиғатты пайдаланушыларды ынталандыру жолдарын қарастырдым.

Ф-ОБ-001/024

Қалыптасқан экономикалық жүйеде экономика және табиғатты пайдалану экономикасы тығыз байланыста қарастырылмайды. Болашақ экологиялық жағдайлар және тұрақты даму туралы ой-сана мұндай көзқарасты түбірімен өзгертуді талап етеді. Экономика табиғатты пайдаланудың әлеуметтік қатынастарының көрінісі болуы тиіс. Экономикада табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басты мәселе етіп қойылғанның өзінде табиғатты пайдаланушы салалар және табиғатты қорғау қызметтері жеке қарастырылады. Олар барлық деңгейде біртұтас қарастырылуы тиіс. Өйткені көптеген экологиялық мәселелер бүкіл экономикалық-әлеуметтік қатынастар шеңберінде шешіледі. Қоғамның бүкіл әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлеуметтік қатынастарын экономиканың құрылымын, олардың ерекшеліктерін айқындап барып қана экологиялық-экономикалық саясатты анықтауға және жүзеге асыруға болады.

Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасын табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтитын кең мағынада қолдана отырып және оқулықтың басты мәселесі ретінде алып, соған байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселерді қарастырдым. Басты назар экономиканың дамуына біртұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыруға аударылды.

Еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты бұрын зерттелмеген экологиялық-экономикалық мәселелер туындады. Оның ішінде табиғат ресурстарының, табиғатты пайдаланудың құндылығын анықтау, табиғатты пайдалануды басқарудың әкімшілік және экономикалық жүйелерін үйлестіру, арқылы табиғатты пайдалану механизмін жетілдіру.

Ф-ОБ-001/024