Бастауыш мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық жағдайын коррекциялау

Психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуге негіз болатын психотехникалар мен ойын коррекциялары жүйеге келтірілген. Психолог оларды пайдалану жолдарын үйреніп, қажетті әдістемелерді нақты анықтап алуы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайына ұшырататын себептерді анықтап алғаннан соң оларды осы жағдайдан шығарып, олардың басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуіне, ізгі ниеттілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүргізілген сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарын қосып өткізген тренинг сағаттарының үлгі-жоспарларын ұсынамыз. Бұл жоспарларға сүйене отырып көптеген варианттарын, тақырыптарын анықтап алуға болады.

Шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайында жүрген балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасы.

  1. Балаларды мектепке қабылдау барысында оқуға даярлығын анықтау үшін психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.
  2. Балаларды мектепке қабылдау барысында оларды мектеп режиміне үйретуге бағытталған сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
  3. Балалардың мектепішілік қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге арналған коррекциялық ойындар ұйымдастыру.
  4. Үлкен үзілістер кезінде сауықтыру ойындарын ұйымдастыру.ционалдық зорлану жағдайынан шығарып, олардың басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуіне, ізгі ниеттілікін
  5. Балалардың жан саулығын сақтауға бағытталған отбасы мен мектептің бірлесіп жүргізетін жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.
  6. Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру.
  7. Бастауыш сынып оқушыларын психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстырып, оны талдау, балалардың ырзашылығымен оның кейбір көрсеткіштерін ата-аналармен талдау.
  8. Психокоррекция жүргізу қажетттілігі орын алғанда балалармен арнайы түзету-дамыту және коррекциялық жұмыстар жүргізу.
  9. Балалардың және олардың ата-аналарының психологиялық білімін жетілдіру үшін мини лекциялар мен приактикалық сабақтар ұйымдастыру.
  10. Балалар мен олардың ата-аналары арасында түсінбеушіліктер орын алғанда одан шығу жолдарын іздеу туралы психологиялық кеңес беру.
  11. Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.
  12. Талапкерлерге арналған өзіне-өзі психологиялық көмек көрсету мектебін ұйымдастыру.
  13. Оқушылар көмегімен мектепте психологиялық білімді насихат жүргізу апталығын өткізу.
  14. Сұраныс бойынша мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға арналған топтық психокоррекция және тренингтер жүргізу.

Кәсіби іс-тәжірибе барысында зерттелінген сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен психологиялық білім беру және коррекциялық жұмыстар жүргізілді.

Балалар коррекциялық топтарын құрғанда психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінен түскен шағымдары ескеріледі. Балалар туралы шағымдар келесі екі түрде болды. Біріншісі, баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің тұйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанды, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнататындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауымен байланысты, кейде құрбыларымен жақсы ойнап, ал кейде бұртыйып ашуланып, төбелесіп, шатақ мінез көрсетуімен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.

Екінші мағнадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуымен байланысты оны көндіру, тіл алдыру мүмкін еместігі, олар үлкендерге өрескіл, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылық көрсететінін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық қатынастар жүйесіне теріс әсер етеді.

Психокоррекция жүргізу туралы шешім қабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін нақты анықтап алу қажет болды. Оқушылар әлі бастауыш сыныптарда оқитын, ойын баласы жасынан шықпаған болғандықтан олармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ойын коррекциясын жүргізу туралы шешім қабылдадық.

Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік ролдерін орындау стереотиптері қайта құрылады. Коррекция тобының жұмысын бастар алдында қатысушыларды мінез-құлық ережелерімен таныстыру арқылы алдында тұрған мәселені шешуге бағытталған іс-әрекет келесі ережелер бойынша жүргізілетініне даярлау керек.

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тренингтік топтары  жұмысын келесі принциптерге сай жүргізу қажет.

Арнайы тренингтерде қосымша принциптер мен ережелер қолданылуына байланысты әлеутеттік-психологиялық тренинг ұйымдастыруға негіз болатын көптеген принциптерінің ішінен негізгілерін атап көрсетеміз.

  1. Өзара диалогизация принципі. Бұл ұстаным бойынша топтағы қарым-қатынас тұлғааралық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да, монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді.
  2. Тұрақты кері байланыс принципі. Қатысушылардың өзі туралы берген деректері топтың барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелеріне жеткізіліп отыруы. Кері байланыс арқылы адам коррекция жасаудың келесі қадамдарына өтуіне, ұнамсыз қарым-қатынас тәсілдерін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік береді. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс балалардың оң қасиеттерін барынша дамытуға мүмкіндік береді.
  3. Өзін-өзі диагностикалау принципі. Қатысушылардың өз-өзінің ерекшеліктерін ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсініп алуына көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешім қабылдауына және оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербалды қарым-қатынас тәсілі мен қатар практикалық әрекеттерін ұйымдастыру үлкен көмек көрсетеді.
  4. Дамытуды оңтайландыру принципі. Жүргізушіден нақты диагностика нәтижелеріне сүйене отырып әр қатысушы мен топтың белгілі бір психологиялық күйінің мінездемесі айқындалып, сонымен қатар әсер ету шарттарын оңтайландыру мақсатында жасалып жатқан істерге белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
  5. Интеллектуалдық және эмоциялық сфераларды гормонизациялау принципі. Тренинг жоғары эмоциялды жағдайда өтетін болғандықтан қатысушылар өз өмірінде болған жағдайды шынайы айқындау жағдайында өтеді. Бұл принцип қатысушыларды ашық-жарқындаққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқалау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы — барлық тренинг бойы қолданылатын топтық ойындар мен дискуссия элементтері.
  6. Тренингке әр адамның өз еркімен қатысуы принципі. Балалармен жүргізілген жұмыстарға олардың табиғи түрдегі ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезінде пайда болмайды, оны талап етіп те керегі жоқ.
  7. Топтың тұрақты құрамы принципі. Тренинг тобы жабық, тұрақты құраммен жүргізілуі керек, тек сонда ғана топ мүшелерінің толық ашылуына әсер ететін ерекше жағдай орын алып, тренинг тобының жұмысы тиімді болады.
  8. Ену принципі. Тренинг тобының жұмыс уақытың ұзақтығы жұмыс басында анықталуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымды эффектіге ие болу үшін жүргізу мазмұны блоктарға бөліп жұмыс істегенде ғана табысқа қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген тренингтер 1-1,5 сағат, ал кейде бұдан ұзақ кезең бойында жүргізіледі. Бұл қатысушыларды «ерітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық процесстерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Мектептегі тренинг топтар мектептің сабақ кестесімен сыйымды кездерде жүргізіледі. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.
  9. Бөлектену принципі. Бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видио таспалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат алуы керек.
  10. Еркін кеңістік принципі. Бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4, 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Сондықтан тренингтер кең бөлмелерде жүргізіледі.

Тренингке дайындық кезеңде болашақ тренинг тобымен алғашқы кездесу барысында топтық жұмыс ережелері мен таныстырылып, ойын коррекциясының мақсаты, әр баланың алдында тұрған проблемасы нақтыланды. Бұл мәселе екі кездесу барысында шешілді. Біріншісінде — міндеттері, мерзімі, кездесу ұзақтығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі. Жұмыс барысында мотивтеранықталады /қызығушылық, білімге құштарлық, жаңа тәжірибе алуға ұмтылыс, өмірге дайындық, өз проблемаларын шешу. Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы түрде белбуған адамдар қатысады.