Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері

Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Heгe десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық білім қажет. Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.

Солтүстік Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы

Ф-ОБ-001/024

айтпаса да түснікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. га., жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.га. жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га. жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасадды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп зардап шеккен жопондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің жарлығымен полигонды жапты.

Ал Каспий теңізінің 268 млн. га. жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсаздануьна, жайылымдардың тозуына жоғар деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га. жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. ға. сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы

Ф-ОБ-001/024

мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі — суармалы жерлердің тозуына әкеп соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қаланың қатарына жатады.

Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,3 млн. адам мутангез ауруын шалдыққан.

Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада «Экологиялық қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім бағдарламасы, оқулықтар мен оқу кұралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істер асыру бағытында орындалып жатқан игі істер болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ахуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды кұжат. Бұл құжаатты мемлекет деңгейінде, соның ішінде Білім және ғылым министрлігі іске асыруға міндетті. Бірақ әлі де сөзбұдайға салып, қабылданған көп кұжаттың бірі ретінде қаралып келеді.

Табиғат — біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологаялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондыктан экологиялық күрес — өмір үшін күрестің негізі болып табылады.

 Ф-ОБ-001/024