Қазақстанның ұлттық экономикалық және экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасы 1991 жылы Кеңестер Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елдегі экономикалық қайта кұру, экологияның, территорияның, тарихтың және мәдениеттің бүкіл шындықтарымен қайшылықгы көріністе еді. Бұндай көріністен біздің елімізде ғана емес, тәуелсіздікке енді қолы жеткен басқа да республикалардың ортақ проблемасы еді.

Орта Азияның солтүстік аймақтарын толығымен қамтыған кең-байтақ қазақ жерлері — халқының және территорияның табиғи кұрылысы жөнінен де толығымен мал шаруашылығына арналған өлке. 1925-1929 жж. өте қатаң зорлыпен халық мал шаруашылығына негізделген тіршілігінен шеттетіліп, қазақ жерлері егістік жерлерге айнала бастады. Жердің және территорияның табиғи құрылысы есепке алынбастан, әдейі жоспарланғандай егін шаруашылығының көп су қолдануды қажет етуінен Сырдарияның суы егістік жерлеріне ағызылып, арал теңізінің кұрғауына және елде экологиялық тепе-тендіктің бұзылуына себепші болған.

Бұдан кейінгі кезеңдердегі өнеркәсіпке өту барысында Қазақстан өз ұлтгық мүмкіндіктері мен шындықтарына негізделген өндіріс құрылысьна қарай жоспарланбады. Әсіресе, елдің шикізаты өз қолында болған өндіріс салаларында толық бір интеграцияға жетуіне толық мүмкіндік берілмеді. Мысалы: Қазақстан өте бай темір қорларына ие болғанымен, өңделген темір қоспаларын темірді айыру ісі Казақстанда жасалынғанымен, болат өндірісімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берілмеді және бұл қоспалар Ресейдегі болат өндіру кәсіпорьндарына жөнелтіліп, ол жерде болатқа айналдырлды.

Ф-ОБ-001/024

Энергияның мемлекет экономикасының өркендеуі үшін маңызы зор. Қазақстан болса жер асты және жер үсті байлықтарымен тура бір энергия қоймасы сияқты. Бірақ осыншама байлық болғанымен елдің солтүстік және оңтүстік аймағы екі бөлек энергия беру және тарту жүйесімен электрленген.

Солтүстікгегі жүйе Ресейдің, ал оңтүстігі Түркі республикаларының жүйесімен байланысатындықтан елдің екі бөлек жүйесі арасында өзара энергия алмасудың қамтамасыз етілуіне мүмкіндік болмаған. Кеңес жылдары кезінде Қазақстанда ұлттық экономиканың кұрылуына мүмкіндік берілмеген, тәуелсіздіктен кейінгі белгілі бір уақыттар арасында да елдің ұлттық экономикасы кепідікке түскен еді. 1991 жылы қол жеткізген тәуелсіздіктен бүгінгі дейін Қазақстан бүкіл бұл қайшылықты экономика мен өндірістерді қайта кұрылу істері белгілі бір жүйеге қойылды. Мемлекеттің ұлттық мүмкіндіктері мен ұлттық қажеттіліктері төңірегінде экономикалық негіз қайтадан ұйымдастырыдды. Қайта ұйымдастыру шаралары Қазақстан ұлттық экономикасының бүгіні мен келешігінде қиындықтарды шешуіне мүмкіндік туғызуда.