Географиялық-Экологиялық ғалым, профессор А.С.Бейсенованың зертеуіндегі еңбегіндегі рөлі

Әлия Сәрсенқызы экология ғылымын дамытудағы Э.Геккельдің сол кезеңдегі анықтамасына тоқтала келіп, оның бүгінгі таңдағы өресі кеңіп жаратылыстану ғылымдарының ғылыми деңгейіне көтерілгені туралы баға бергені де есімде. Мәселен Қазақстан табиғатын зерттеуші көрнекті ғалымдар Н.Л.Корженевский, Н.Г.Герасимов, Л.С.Берг, Н.Г.Кассин, Қ.И.Сатпаев, А.А.Григорьев, Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Кудерин өздерінің зерттеу еңбектерінде экология ғылымын дамытуға қыруар үлес қосқан жандар еді. Олардың ізін жалғастырушы Әлия Сәрсенқызының географиялық зерттеулері табиғатпен тікелей байланысты. Қазақстан табиғатының зерттеу тарихын алғаш рет кең көлемде әрі жан-жақты қарастырған ғалым Әлия Бейсенова екені даусыз шындық. Ғалым өз еңбегінде Қазақстан табиғаты туралы деректерді шет елдерден саяхатшылардың еңбектерін терең зерттей келіп, орыс ғалымдарының қосқан үлесіне лайықты баға берді. Осы бағытта ғалымның 1979 жылы жарық көрген «Қазақстан табиғатын зерттеу» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбекті  кезінде атақты географтар, МГУ ғалымдары А.Н.Соловьев, А.А.Григорьев, В.А.Есаков өте жоғары бағалады. Осы еңбек негізінде Ә.Сәрсенқызы 1984 жылы «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың даму» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Сол кездегі СССР бойынша география ғылымының атасы атанған академик Н.А.Гвоздецкий – «….бұл зерттеуді Орта Азия мен Қазақстан ғылымы тарихы бұрын соңды болмаған баға жетпес еңбек деп санаймын» деп пікір айтты. Бұл еңбек тек Қазақстан ғалымдары үшін ғана емес, кейіннен Орта Азия республикаларының зерттеу салаларында баға беруші маңызға ие болды. Еңбек жаратылыстану ғалымдары жүргізген қызу пікірталас, жаға идеялардың қозғаушы күшіне айналды. Көпшілік қауымның көңілінен шыққан еңбектің нәтижесінде Ә.Бейсенованың қаламынан 1981 жылы «Табиғатты жаңадан ашушылар» («Первоткрытователи») және «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың дамуы» атты ммонографиялары жарық көрді.

Соңғы он жыл бойы Ә.Бейсенова өзінің бар күш жігерін егемендік алған еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру мен оны қорғаудың актуалды мәселелеріне арнап келеді. Ғалым алдымен Ұлы Жібек жолындағы орыс-қазақ зерттеулерінің өзара байланысын, ықпалын саяси-әлеуметтік және саяси-тарихи деңгейде көтере білді. Ол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастаған тарихи зерттеулерді қорытындылап, жаңа талапқа сай Қазақстан табиғатының қалыптасу жолдарын зерттей бастады. Әлемдік деңгейдегі географтар П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, Н.В.Мушкетовтың, А.С.Бергтің қазақ жеріндегі іргелі зерттеулеріне талдау жасап, орыс географиялық қоғамының толық мүшесі Ш.Уәлихановтың мұрасын зерттеуге, оны орыс ғалымдарының деңгейіне көтеруге өзінің бар ынта-жігерін салды. Оның «Қазақстандағы география  мен зерттеушілердің тарихы негізі» атты монографиясын жоғары бағалаған Қазақстан Ренспубликасының Білім және Ғылым министрлігі Әлия Сәрсенқызы Ш.Уәлихановтан кейінгі Ресей географиялық  қоғамының толық мүшесі болған қазақтың ғалым қызы екенін біз ерекше мақтан етеміз.

Әрине, Ә.Сәрсенқызының ғылымдағы жолы үнемі теп-тегіс, даңғыл бола қойған жоқ. Көпшіліктің экологиялық білімі мен мәдениетін көтеру қажеттігі толғандырып жүрген кездерінде Ә.Сәрсенқызы көп кедергілерге кездесті. Бірақ өжет те өр мінезді қазақтың ғалым қызы барлық қиындықтарға қарсы тұрып, өзінің көздеген мақсаттарына жетті.

Сол кездегі партократтың тосқауылдар мен ғылымдағы демологияны жеңе білді. Ә.Сәрсенқызы СССР және жоғары арнаулы орта білім министрі Ягодинге дейін барлық жастарға экологиялық білім беру туралы идеяларын жүзеге асыруға кірісті. Экологиялық білім беру жүйесіндегі МГУ мен Қазан университетінің тәжірибесіне ден қойды.

Экология дегенде ойына қазақтың кең жазира даласы есіне түседі. Қазіргі кезде оның байлығы тоналған, ауасы мен суы, жері ластанған, табиғаты тозған. Бұл өзекті өртер шындық. Осыны білгендей ана бір жылдары ғұлама ғалым, ұстазы академик А.Машанов бірде ғылыми кеңес отырысында «Әлия, экологиялық жағдай бәрімізді толғандырып жүрген ауыр мәселе. Ендігі жерде қазақтың табиғатын зерттеп жүрген саған бұл мәселені биігірек көтеру керек», — деп үлкен сенім жүктеді. Ұстазы жүктеген осы міндетті онсыз да табиғат үшін күресіп жүрген ғалымды жаңа биіктерге жігерлендірді.

Жасыратыны жоқ, бұл кезеңде Қазақстан эколоиясы апатты жағдайға жеткен еді. Аңыраған Арал, Тойсойған, Нарын полигондары көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақтың түн ұйқысын  төрт бөлетін. Осыны сезінген ғалым енді экология кадрларын дайындауға қызу кірісті.

Бұл ойын Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ректоры, профессор Т.Садықовқа айтты. Ректор ғалымның бұл идеясын қуана қарсы алды. Сөйтіп, 1987 жылы Білім министрілігінің бұйрығымен «Ландшафттар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылып, ол 1991 жылы республикамызда тұңғыш рет «география-экология» факультеті құрылды. Осы аталған жоғарғы оқу орны Одақ бойынша экологтар дайындайтын алғашқы жоғары оқу орны болды. Кейін мұны Елбасы Н.Назарбаев та қолдап облыстардағы жоғары оқу орындарында да экологтар дайындау үшін оның оқу жоспарын, оқу-әдістемелік бағдарламаларын жасау мен үйлестіру бағытында бар күш жігерін жұмсады.

Ал бұл кезең елімізде экология мамандарын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының институттарымен тығыз байланыс жасады. Кафедра мұғалімдерін сабақ берумен қатар ғылыми-зерттеу жүргізуге жұмылдандырды. Мәселен, «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздері», «Республикада эколог мамандар дайындау проблемалары», «Кәсіптік және жалпы білім беретін оқу жүйелерінде экологиялық білім беруді жақсарту жолдары», «Жезқазған облысында ерекше қорғалатын территорияларды қорғау және ұйымдастыру мәселелері», «Қызылорда қаласының экологиялық жағдайы және табиғатты қорғау», «Қазақстанның аймақтық экологиялық ақпараттық картасын жасау» сияқты мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми зертеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттар бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалып (А.Белый, Ф.Темреева, З.Ахметжанова, З.Абишева, Г.Сабденалиева, А.Баймолдаева т.б.) экологтардың саны сапа жағынан жақсартылды. Осы жұмыстардың бәрі профессор Ә.Сәрсенқызының тікелей басшылығымен жүзеге асырылды.

Соңғы жылдары Ә.Сәрсенқызы жоғары оқу орнымен қатар мектеп өміріне де араласып, болашақ жасөспірімдерге экологиялық білім беру сапасын жақсартуға көңіл аударып келеді. Кафедраға қарасты «Экология» оқу-әдістемелік лабораториясының жұмысын мектеппен байланыс жасауға тиімді пайдалану жүзеге асты. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің тапсырысымен «Экологиялық білім тұжырымдамасы», және «Экологиялық білім бағдарламасы» туралы арнайы комиссия құрылған еді. Бұл қажетті құжаттарды жазуға Ә.Бейсенованың 1987 жылғы экологиялық тұжырымдамасы алынды. Онда Әлия Сәрсенқызы экологиялық білім берудің түр негізі отбасынан басталатынын дәлелдеді.

Ол үшін ғалым 1987-1999 жылдар аралығында республикамыздың Алматы, Семей, Орал, Петропавл, Жамбыл қалаларындағы жоғары оқу орындарында «Экологиялық білім беруді жақсату жолдары туралы» бірнеше ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. 1992 жылы Алматыда «Көпшілікке үздіксіз экологиядық білім беру және мамандар дайындау мәселелері» атты ғылыми конференция өткізді. Онда сөйлеген сөзінде «Экология – қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғаты қорғап қастерлеуге негізделген ғылыми»,- деп атап көрсетті. Шын мәнінде көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатпен етене араласып, оның қыр-сырын жетік білген.

Жылдың төрт маусымын шебер пайдаланған дана халқымыз көшкен жұртына бір түйір зат көлденең тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кетпейтін бе еді?

Әлия Сәрсенқызы үнемі «Экологиялық білім тәрбиемен келеді, ол тәрбие ана сүтімен беріледі» деп отырады. Оның жетекшілігімен шәкірті А.Манкеш «Бала бақшада экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері туралы», ал Д.Жанкелдина мен Г.Сабденалиева оқушыларға экологиялық білм мен тәрбие беру тақырыбында диссертация қорғады.

1991 жылдан бастап Ә.Сәрсенқызы экологиялық білім беруде Қазақстанның экология саласында еңбек етіп жүрген білікті ғалымдарды  профессорлар А.Биғалиев, Ж.Жатқанбаев, А.Чигаркин, Қ.Сағынбаев, В.Фурсов, А.Сармурзиналармен пікір алыса отырып, көптеген мемлекеттік деңгейдегі еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге атсалысты.

Қазақстан табиғатының тарихын зерттеу, оның бұрынғысы мен болашағына көз жіберу, бүгігі таңдағы геоэкологиядық жағдайларға баға беру Ә.Сәрсенқызының күнделікті жұмысы. Әсіресе, ғалым Қазақстанда жастарға  экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Бүгінгі таңда Ә.Сәрсенқызының өмір жолы, жұмыс істеу стилі, ғаламдық зерттеушілік ұстанымдары шәкірттері үшін үлгі-өнеге болса, ал әріптестері үшін көрнекті және қоғам қайраткері ретінде танылып отыр.

Өзінің ғылыми еңбегімен көзге түскен қазақтың талантты да ғалым қызының еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Қазақстан географиясының талантты да көрнекті өкілдерінің арасынан ерекше дараланып көзге түсетін ғалымдардыі біреуі – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының мүше корреспонденті Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Ә.С.Бейсенованың Қазақстанның физикалық географиясы мен экологиясын зерттеу саласындағы ғылыми еңбектері еліміз шеңберінен асып, алыс және жақын шет елдерде де өз сұранысын тауып, қолданбалы мәнге ие болуда. Ғылымның асқар шыңына талмай ұмтылған, география ғылымының дәрежесін көтеру мен қолданбалы мәнін арттыру мақсатында үлкен үлес қосқан озық ойлы ғалымның қаламынан 350-ге жуық ғылыми еңбек жарық көрген. Оның 15-і өте толымды монографиялар мен оқулықтардан тұрады.

Ғалымның ғылыми зерттеулері мен қызмет аясы өте ауқымды.

Қазақстандағы география ғылымының қалыптасуы мен дамуы және оның басты бағыттары:

  • үздіксіз экологиялық біліммен тәрбие беру;
  • мектеп пен жоғары мектептегі географияның оқытылуы;
  • географиялық әдебиеттер мен оқу құралдарын, әсіресе Қазақстанның физикалық, тарихи-географиялық және экологиялық карталарын шығару;
  • мектеп пен жоғары мектепке білімді де білікті мамандарды әзірлеу сияқты бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін мәселелермен тікелей айналысып, іскер басшылық жасап, өзінің шәкірттеріне аянбай жол көрсетуде.

Әлия Бейсенова – Қазақстан физикалық географиясы мен экология саласында аса көрнекті ғалымдардың арасында бірегейі.

Профессор Әлия Бейсенова Қазақстан табиғатын зерттеуді  тарихи кезеңдер арқылы жіктеп, көне заманнан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі табиғаттанудың ұзақ шежіресін жасады. Ол табиғат зерттеу тарихының бүгінгі заман үшін, әсіресе, егемендік алған еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланудың жолдарын іздестірудегі маңызын ерекше атап көрсетті.

Қырық  жылдан астам уақыттан бері Ә.Бейсенова Қазақстан табиғатын зерттеу тарихымен шұғылданып, 1967 жылы Мәскеуде кандидаттық, 1981 жылы Баку қаласында докторлық диссертация қорғайды. «Қазақстан табиғатын зерттеу» (1979), «Қазақстанды физика-географиялық тұрғыда зерттеу» (1992), «Алғашқы зерттеушілер» (1987), «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың дамуы» (1989), «Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихы негізі» (2001) атты монографиялар жариялады.

Еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы ғалымдарды көптен ойландырып жүргендігі белгілі. Ә.Бейсенова да 80-жылдардың орта кезінен экология тақырыбында мақалалар мен еңбектер жазып, Қазақстан экологиясының мәселелерімен терең шұғылдана бастады.

Экология мәселелеріне қатысты Ә.Бейсенованың қаламынан «Экология негіздері» (1998), «Экология» (1999), «Экологиялық білім және табиғатты қорғау», «Адам экологиясы» (2001), «Экология» (2002) оқулықтары мен зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектерде экология негіздері және Қазақстан табиғатының ерекшеліктері жайлы мәлімет берілді.

Белгілі ғалым Ә.Бейсенованың ғылыми-шығармашылық қызметі Қазақстандағы географиялық профильдегі ғылыми мекемелермен тығыз байланыста өтіп келеді. Ол геология және кен қойнауын қорғау, экология және табиғатты қорғау министрліктерімен үнемі бірлесе жұмыс атқарды. Ғалымның басқаруымен жүргізіліп жатқан экологиялық тұрақсыз аудандардың «Каспийдің оңтүстік шығыс жағы ландшафты мен олардың ресурстық мүмкіндігін бағалау» деп аталатын  зерттеуді Ғылым академиясы география институтының жоспарына енген.

Жалпы білім беретін орта мектептің VII сыныбына арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» 1992 жылдан 1999 жылға дейін үзбей басылып келеді. Оны қазақ, орыс, ұйғыр мектептері пайдаланды. 2000 жылы ол мектепке арналған жаңа оқулықтар жасауға белсене қатысты.

Ә.Бейсенова географиялық жас кадрларын дайындау мәселесіне де үлкен көңіл бөліп келеді. Ол аспиранттар  мен жас ғалымдардың жұмыстарына әр уақытта басшылық етеді.

Ғалымның жетекшілігімен оннан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ол — ұлттық ғылым академиясының география институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетіндегі диссертациялар және жоғары Аттестациялық комитеттің сараптау кеңестерінің мүшесі.

Профессордың ғылыми-шығармашылық, қоғамдық істері Қазақстан Республикасынан тыс елдерге де белгілі. Ә.Бейсенова Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Бакуде, Ташкентте, Бішкекте, Киевте, Қазанда өткен ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Египет, Англия, Сирия, Ливан, Греция, Туркия, АҚШ, Италия, т.б. елдерде мәдени, ғылыми-шығармашылық сапарда болған.

Оның 1999 жылғы Вашингтонда әйелдер қозғалысының жиынында жасаған баяндамасы арнайы мақтау қағазбен марапатталды.

Ә.Бейсенова – қоғамдық жұмыстарды да ғылыммен қатар алып келе жатқан ғалым. Ол Бүкілодақтық географиялық қоғамның тексеру комиссияның мүшесі. Қазақстан географиялық қоғамының төралқа мүшесі болып сайланған.

Қазақ энциклопедиясының географиялық жөніндегі кеңесінің мүшесі болды.

Қазақстан Республикасының Білім академиясының география жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы. 1998 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

Еліміздің алғысына бөленген Ә.Бейсенованың ғылыми-педагогтік, қоғамдық еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше рет марапатталды. Ол «Құрмет» орденімен (1996), «Еңбек ардагері» (1987), медалінің «КСРО Жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін» (1983), Ыбырай Алтынсарин медальдарының иегері, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1990), «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» (1997).

Профессор Ә.Бейсенованың география және экология бойынша еңбектері:

  1. Изучение климата Казахстана // Тезисы докладов ХХ научной конференций КазПИ им. Абая. Алам-ата 1986.
  2. Исследования внутренных вод Казахстана // Тезисы докладов XVIII  науч.конф. КазПИ им. Абая 1966 г. Объем 0,2 п.л.
  3. Физико-географическое изучение территорий Казахстана за Советский период (1917-1941 г.г.). Автореферат дисс.на соискание ученной степени канд. геогр. наук. (Институт историй естествосознания и техники АН СССР) М.1967.
  4. Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу жайында // Қазақстан мектебі 1967 ж. №4.
  5. Есік көлі // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
  6. Жайық өзені // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
  7. Жезқазған аймағы //  Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
  8. Жеңіс шыңы //   Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
  9. Жоңғар қақпалы // Жоңғар орографиясы Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
  10. Имантау.// Қазақ Совет энциклопедиясы 5т.
  11. Киікбай тоғаны. // Қазақ Совет энциклопедиясы 5т.
  12. Қайнар селосы // Қазақ Совет энциклопедиясы 6т.
  13. Мойынқұм // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
  14. Мұғалжар // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
  15. Мұзбасу // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
  16. Мұзбек жаны тауы // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
  17. Академик Л.С.Берг. Қазақстан табиғатын зерттеуші // Қазақстан мектебі 1976. №3.
  18. Сарыарқа // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
  19. Табиғатты қорғау // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
  20. Текелі // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
  21. Қазақстан жерінің географиялық зерттеу тарихы //  Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама. (Ә.Бірмағамбетовпен бірге).
  22. Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау ісі //  Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама (А.Полтушевпен бірге).
  23. Қазақстан территориясында Орта географиялық қоғамы жүргізген жұмыстар // Социалистік Қазақстан 1982.
  24. Ш.Уәлиханов – саяхатшы және географ // Қазақстан мұғалімі 1985.
  25. Арал теңізі // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
  26. Каспий теңізі // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
  27. Қаратау // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
  28. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттері // Қазақстан мектебі 1990 №6.
  29. Экологическая обстановка в Казахстана // Экологические проблемы Казахстана: тезисы докладов 3 съезда географического общества КазССР. Ч 1-Алма-ата, 1990.
  30. Задачи экологического образования и воспитания в свете решений о перстройке высшей школы // Экологичсекое образование и воспитание в Казахстане: Межвуз сб. Научных трудов преподавателей КазПИ им Абая. Алматы, 1991.
  31. Қазақстанның физикалық географиясы Орта мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі бекіткен. Алматы, Рауан. 1992 146 б. (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағұловпен бірге).
  32. Концепция экологического образования и направоения совершенствования учебных программ для школ. Алматы 1994.
  33. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру методикалық нұсқау. Алматы АлМУ, 1994. (Д.Жанкелдинамен бірге).
  34. Эколог мамандар даярлаймыз (Жоғары оқу орындарында) // Биология және химия 1996 №1.
  35. Қазақстанда экологиялық  мәселені шешу үшін мамандар даярлау концепциясы // Атамекен 1996.
  36. Экология негіздері // сб. Геоэкология №38 АГУ им.Абая. Алматы, 1997.
  37. Әлемдік экология проблемалары // ст. Геоэкология №38. АГУ им.Абая. Алматы 1997.
  38. Этноэкология. Программа // Пойск 1997.
  39. География –экология мамандарына арналған «Биосфера» курсының далалық практикалық бағдарламасы // сб. Геоэкология №38 АГУ им.Абая. Алматы 1997.
  40. Экология негіздері. Оқу құралы // Абай атындағы АМУ 1998. (Ж.Шілдебаевпен бірге).
  41. Экологиялық білім бағдарламасы. Программа экологического образования. Алматы РИК, 1999.
  42. Экология және табиғат қорғау 8-сынып. Алматы 2001. (Г.Б.Бейсеева, Ж.Шілдебаев, Ф.Е.Қозыбаева, Б.Қ.Қазыхановамен бірге).
  43. Экология оқулық. Алматы. Ғылым, 2001 (ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева).
  44. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Еспаев, Ж.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.