Коллизиялық нормалардың қолдану тәртібі мемлекеттік ішкі құқықтық нормасын қолдану процесінен айтарлықтай өзгерістері бар. Осы процесстің қиыншылығы яғни осы нормаларды қолданар кезде қзінің қолдану кезеңі мен айырмашылық шегі бар, әр түрлі құқықтық жүйенің өзара іс-әрекеттестігі болады.
Бірінші кезеңде осы жағдайда коллизиялық норманың қолданылуы тиіс па, соны анықтайды, егер де қолданылуы тиіс болса онда ол қай елге сілтеме жасап жатыр. Екінші кезеңде осы коллизиялық норманың сілтеме жасаған сол елдің құқығы қолданылуы болады. Егер бірінші кезеңде коллизиялық норманы қолдану болса онда екіншісінде материалдық құқық немесе отандық, немесе шетелдік норма қолданылады. Осы жердегі екінші кезеңде жария тәртіп туралы құқықтық мәселелерді шешуге және тануға және де шетел құқығының мазмұнын анықтауға тиіс.
Осы екі кезеңде халықаралық жеке құқық шеңберінде болатын құқық қолданушылық процедура болып табылады.
Коллизиялық нормаларды қолданар кездегі басшылыққа алатын бір нәрсе ол шетелдік өз елінің азаматынан гөрі құқықтық артықшылығы болуы болмайды. Бұл ереже әр елдердің халықаралық байланыс процессіндегі жеке және заңды тұлғалардың теңдігіне негізделіп құрылған. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің өзара қатынастарында құқық қолданушылық практика процессінде өзара түсіністік болжамдалады. Бұл өзара түсіністік материалды және сонымен қатар формалды болуы да мүмкін. Материалды өзара түсіністік бұл құзіреттіліктің мөлшер теңдігін білдіреді. Формалды өзара түсіністік бұл шетелдіктерге өз елінің ұйымдары мен азаматтарының құқықтарын сол күйінде өздеріне ұсынуды болжамдайды. Әр елдің әр түрлі құқықтық жүйесінің өзгеруіне байланысты материалды өзара түсіністікті қамтамасыз ету әр қашан мүмкін болып отырған жоқ, сондықтан формалды өзара
түсіністікті қамтамасыз етуге әрекет етеді.
Халықаралық жеке құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық келісім шарттардың ұқсас бірдей әрекеттері жоқ: келісім шарттың біреуін өзара түсіністік принципін жоққа шығарады, басқалары оның айналымын қолдайды, ал үшіншісі осы мәселеге байланысты ешқандай нұсқаулар жоқ. 1993 жылғы экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Египет келісімдерін зер қойған дұрыс шығар деп ойлайсың, яғни ондағы әр баптың өзара түсіністік принципі жол тауып отыр.
Коллизиялық норманың оған сілтеме жасауына байланысты басқа мемлекеттің шекарасындағы шетел заңын қолданар кезде өзара түсіністік туралы мәселе туындайды. Бұл дегеніңіз алдымен сол мемлекеттің шекарасындағы қолданған заңды және жеке тұлғаларға коллизиялық сілтеме қолданған сондай құқықты мемлекет мемлекет мүмкіндік беруін тану қажеттілігін білдіреді.
Басқа мемлекеттің заңды тұлғаларын және азаматтық құқықтарын жауапты шектеулер мүмкіндігі бар, егер соңғысы бірінші мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың құқықтарына шек қоюына мүмкіндік берсе.
Дау мамандығы әдетте коллизиялық жалғаудың көмегімен шешіледі, яғни оны сот заңы (lex fori) бойынша мамандандыру деп атайды. Бұл жерде сот немесе орбитраж әр түрлі коллизиялық нормалардың түсініктемелері мен қақтығысып отырады, осы елдің азаматтық заңнамаларының түсінігі бойынша түсініктемелерді мамандандырады.
Шетел заңы сол немесе басқа мемлекеттің шекарасында әрқашан қолданыла бермейді, өйткені онда жария тәртіп түсінігі қызмет етеді. Жария тәртіп туралы ескерту шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, немесе осы мемлекетте белгіленген, жария тәртіпке қарсы келетін шетел мемлекетінің құқығын қолдану кездегі, шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануын шектейтін, өзінше қорғаушы клапан ретінде қызмет етеді.
Халықаралық жеке құқық шеңберіндегі тәжірибелерге көз салсақ, жария тәртіп туралы ескерту азаматтық процес мәселелері бойынша да қолдана бастады. Бұл дегеніңіз құжаттарды тапсыру, куәгерлерден жауап алу және тағы басқа процесуалды іс-әрекеттер осы елде мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы ескерту қолданылуы мүмкін, егер тапсырылған құжатта немесе мәлімдемеде куәгер айтқан мемлекеттік немесе әскери құпия болса, өйткені бұл осы елдің қауіпсіздігі мен мүделеріне нұқсан келтірді.
Көптеген елдерде мысалы, ГФР сот өз инициативасымен шетел заңын қолданып және оның мазмұнын анықтай алады, егер де шетел заңы дұрыс қолданбаса, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз болмайды. Бірақ Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс қолданбаса оны қайта қарауға негіз бар. Қазақстан заңнамаларында жария тәртіп туралы ескерту қатынастары әлі толық қалыптасып біткен жоқ.
Шетел заңы Қазақстан шекарасында қолданылуы мүмкін емес, егер осы қолдану республикада белгіленген жария тіртіпке қарсы келетін болса, сондықтан қажет болған жағдайда республика азаматтық құқықтағы құқықтық тәртіппен жеткен нормаларды басшылыққа алады.
Жалпы ойға кеклктін болсақ, сот әдетте, өзінің ұлттық құқығын қолданады. Сот шетел заңы күшімен пайда болған, құқықты мойындай отырып, ол шетел құқығын мойындамайды, ал ол белгілі бір шетел заңының әрекеттерінен пайда болатын, субьективтік құқықты мойындайды.
Сол немесе басқа шетел құқықтық нормасын дұрыс қолдану үшін, алдымен осы нормалардың мазмұнын анықтау қажет. Бүгінгі күні осы шетел құқығының қолданылуына қызығушылық білдіріп отырған және сотта өзінің әділдігін дәлелдеуші, тараптар және соттың өзі шетел заңының мазмұнын анықтайды. Сот шетел құқығының мазмұнын анықтауға міндетті, сонымен бірге ол процеске қатысушылардың дәлелдемелерімен шектеліп қалуына болмайды және де дауда тараптар сілтеме жасаған сол немесе басқа да шетел заңының болуына өзі көз жеткізуі керек, сонымен қатар басқа да шетел мемлекеттерінен немесе қажетті заңдардың тексттерін әділет министірлігі арқылы сұрату қажет.
Шетел құқығы өз елінде қалай қолданылса, солай қолданылуы қажет және өзі шыққан елінде қалай түсінік берілсе оған солай түсінік берілуі тиіс.
Қазақстан соты шетел заңын қолдануы тиіс, егер бұл қажеттілік істі қарастырудың мазмұнынан шығып жатса; сонымен қатар тараптар шетел заңына сілтеме жасады ма жоқ па, немесе олар шетел заңының қолданылуына өтініш жасады ма жоқ па, оның маңызы жоқ.
Қазақстан соттары шетел заңының қолданарда, осы заңның қабылданған елде түсінік беру және қолданып жатса, сол қалпында оған түсінік беріп және қолдану қажет. Осындай тәртіп Қазақстан Республикасының Сауда — Өнеркәсіптік Палатасының Арбитражды сотына да таралады.
Сот отырысындағы дауды реттеу мүмкіндігімен шетел заңының жоқ болуына байланысты сотқа қандай шаралар қолдану мәселесі туындайды. Бұл жағдайда Lex fori (сот заңы) қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты бірнеше қорытынды жасауға болады. Негізі халықаралық жеке құқықтың, барлық мемлекеттерге ортақ халықаралық жария құқықтан айырмашылығы ол әр мемлекеттердің ұлттық құқық шеңберінде қызмет етеді. «Қазақстанның халықаралық жеке құқығы», «Ресейдің халықаралық жеке құқығы» және тағы басқалары. Әр мемлекеттірдің азаматтық құқығ
ында бірдей немесе жақын тәртіптер мен ережелер кездесіп жатады. Сонымен қатар жеке құқық азаматтық құқықтың бөлімі болып табылмайды, ол ішкі мемлекеттік құқықтық жүйеде өз орнын тауып отыр және өзінің пәнімен әдісін реттейтін өзін — өзі басқару саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқық өзіне нормалардың екі түрі кездеседі. Ол: коллизиялық «ішкі және келісімді» және үндестірілген материалды азаматтық құқық. Тек осылар ғана халықаралық жеке құқықтың пәні мен әдісіне жауап береді.
Коллизиялық нормалар жүйесімен ажыратылады. Коллизиялық норма жүйесіне себепші болған: 1) осы нормаларға әсер ететін, біркелкі қатынастар ерекшелігі (шетел элементімен қиындатылған азаматтық құқықтық характердегі қатынастар); 2) олардың жалпы міндетті (коллизиялық проблемаларды жеңу); 3) жалпы әдіспен қатынастарға әсер ету (реттеу әдісі); 4) басқа құқықтық нормалар құрылымынан ажыратылатын коллизиялық норманың біртұтас құрылымы.