Кәсіпорындармен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорны деп атайды.Банк активінің біршама бөлігі несиелік операцияларға орналастырылған.Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72 % кеді.Сондықтан табыстың 85% ұсынылған қарыздарды төлеу түріне алынған.Қазақстан Халық банкінің қарыз алушыларға ұсынылған банктің қарыздары көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1кредиторлар бойынша: — орталықтандырылған, бюджет тік,банктік, банктік емес,қаржылық ұйымдар,коммерциялық, сыртқы.
2 Қарыз алушылар бойынша: қаржылық институттарға, үкіметке, бюджеттен тыс қорларға,бантерге: экономиалық салалары бойынша барлық меншік түрлері,ауыл шаруашылығына, өнеркәсібіне, жеке кәсіпкерлерге
3 Банк несиені қолдану мерзіміне байланысты мынадай түрге бөлуге болады:
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді
4 Қолдану сипатымен бағыты бойынша:негізгі қорларға несие,айналым капиталына несиелер
5 Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:қамтамасыз етілген,бланк ті (сенімді)
6 Ұсынылған валюта бойынша:шетел валютасымен,теңгемен
7 Ұсынылған шарт бойынша: авальді,акцепті- трамбусты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер,дебетті сальдоны жабу несиесі,лизингті, ломбардты, Аскольді тұтыну несиесі, маусымдық несие, факторинг, форфеитинг.
8 Несилеудің обьектісі бойынша: меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру, материалдық қорлардың жиынтығын экспортты және импортты тауарларды жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынатын шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер,театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы мауысымдық үзілістер,күрделі салымдарды қаржыландыруға еңбекақы төлеуге, тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Несиенің түрлері- белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас түрінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
- Мерзімдері бойынша:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 жылдан 3жылғадейін)
- ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары)
- Несиелеу обьектілері бойынша
- Негізгі қорларға берілетін несие
- Айналым қорына берілетін несие
- Несиелеу әдістері бойынша
- Қалдық бойынша несие
- Айналым бойынша несие
Қысқа мерзімді несие- пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.Олар тауалы- материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктеріне беріледі.
Орта мерзімді несие – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін үй және қондырғылар сатып алу үшін беріледі.Оларға:мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып беретін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингттер.
Ұзақ мерзімді несие— мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорларын қалыптастыру үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Банк қаражаттарын әр түрлі ати втер түріне орналастыру әр түрлі заңдарымен реттеуші актілерге байланысты.Қаражаттардың жалпы қоры әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі,оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады.Бұл әдіс негізінен банктердің ресурстарды біріктірілуі алынған.Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінелі. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв Роланде басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалар бабына кіретін активтер қарастырылады.Оған басқа коммерциялық банктің қарыздары корреспонденттік шотындағы ақша және инкассалау құжаттры кіреді.Жалпы, банктік несиелік операциялар екі топқа бөлінеді:Активті–банк қарыз беруші ретінде шыққанда, пассивті–төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады.Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негід нысаны ажыратылады: несие және депозит. Банктің активті және пассивті несиелік операциялар несиелік нысан ретінде де, депозит тік нысан ретінде де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар – біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну рперациясына, екіншіден, басқа банктерге орналасқан депозиттерден тұрады.Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелікоперацияларынан тұрады.
Кәзірге кезде осы уақытқа қолданып келген кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі оңтайлы жүйе болып табылады.Клиент банкке бекітілмейді, өз қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды.Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банкте ашуга құқылы. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді.Шартқа сайкес әрбір жақ белгілі бір міндеттерді мойына алады,шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі бір құқықтарға ие болады.Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады. Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, бактің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай – ақ банк пайдасы.Аталған баланста тапсырмалармен кепілдемелерді беру кепілдік міндеттемелерді рәсімдеу тәжірбиесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәландыру керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге тоқталады. Егер тапсырма міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында тоқтатылады. Шаруашылық субьектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және банктің хабарламасын бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде клиент Халық банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.Несиелік мәмлені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісім шартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:
- Несиенің мақсаты;
- Берілетін несиенең жалпы сомасы;
- Несиенің валютасы;
- Несиенің өтеу мерзімі;
- Несиені өтеу әдісі;
- Қамтамасыз ету;
- Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.
Әрбір берілген несие бойынша климент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу мерзімі келген кезде мерзімді міндеттемелердің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынылған кепілдіктер жаылады. Халық банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез- келген несиені ұсынуда талап ететін құжаттардың болуы жеткілікті.Негізгі құжаттар келесілер:
- Қарыз алушы қол қойған несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепі ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш,
- Егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;
- Қарыз алушының атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;
- Жасаған несиелік шарттың түп нұсқасы;
- Клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қортындысы;
- Егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;
- Несиенің пайдалануын мақсатын растайтын құжат;
- Заңды тұлғаның бізнес жоспар;
- Несие беру кезіндегі бюджет тік және бюджет тік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
- Басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.
Егер несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттамаға келесілер кіреді:
- Мемлекеттік тіркеуден өткен іпотека және кепі шартының түп нұсқасы;
- Кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;
- Егер несие мүлікті алу ұшін берілсе онда кепі мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.
Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайына ұсынылғаннан басқа кепі шарте, кепі заты туралы апарат және олардың ұүнын анықтау туралы апарат ұсынады.
Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мыныдай қосымша құжаттамалар тігіледі:
- Кепі және кепілгерлік шарте;
- Кееепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;
- Кепі берушінің артынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзіреті бар тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін құжаттар;
- Несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі.
Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең – ұсынылған несиге кеткен қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуді белгілі бір күндік туған кезде жүргізеді.