Банк – осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгіленеді.
Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Ұлттық Банк мемелекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары.
Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі деңгейіне жатады.
Шетелдер қатысушы банк – орналастырылған акцияларының үштен бірінен астамы:
— Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің;
— орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының;
Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.
Мемлекет аралық банк – халықаралық шарт негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.
Банкілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентінің Заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық құжаттарымен реттеледі.
Кредит беруге және өзге міндеттерді шешуге байланысты бірлескен жоюларды іске асыру мақсатында банктер бірлескен қызметі туралы шарт негізінде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
Банкілер Қазақстан Республикасының аумағында да, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде де өзінің еншілес банкілерін, филиалдарын ашуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында шетелдің қатысуымен банктердің филиалдарын ашу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Еншілес банк – орналастырылған акцияларының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк.
Банкілердің филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу-касса бөлімдері белгіленген тәртіппен құрылады, жабылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес банкілердің өкілдіктері Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның рұқсатымен ашылады.
Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:
Толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерін қоса құрылтайшылар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі деректер аты-жөні, азаматтығы, тұрғылықты жері мен жеке өзін куәландыратын құжат деректері;
Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын құру түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;
банк органдарының шешім қабылдау тәртібі.
Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі және онда өтініш берушінің мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
— жаңадан құрылатын банкінің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;
— құрылтайшылар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер; құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі;
— егер бір немесе одан көп құрылтайшы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алуға рұқсат беретін туралы тиісті мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының мәлімдемесі:
— банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк болып қайта құрылған жағдайда:
құрылтай шарты, жарғы, соңғы есеп беру күніндегі қаржылық есептілік;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесінің қаржы жағдайы туралы аудиторлық ұйымның есебі;
— банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер;
— жаңадан құрылатын банкінің егжей-тегжейлі ұйымдық құрылымы;
— жаңадан құрылатын банкінің несие комитеті жөніндегі ереже;
— жаңадан құрылатын банкінің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже;
— жаңадан құрылатын банкінің қызмет стратегиясы, қызмет бағыты мен ауқымын алғашқы үш қаржы жылындағы пайда мен залалдар есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары;
— ұсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткізген әзірлік шаралары жөніндегі есеп;
— өтініш берушінің құрылтайшылар атынан өтініш беруге өкілеттігін растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат, құжаттарды банкінің уәкілеттік берілген органдары бекітуі тиіс.
Укілетті орган банк ашуға рұқсат беру жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
Өтініш беруші банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтінішті ол уәкілетті органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердің қатысуымен банкілер құрған және олардың қызметін жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақтауға тиіс:
— шетелдер қатысушы банкілердің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы уәкілетті орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда барлық банкілердің жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аса алмайды;
— шетелдер қатысушы банкінің Басқармасының кеңесінің ең болмағанда бір мүшесі Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған банкіде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжірибесін, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын білетіндігін куәландыратын құжаттар тапсыруға тиіс;
Уәкілетті орган шетелдер қатысушы банкілерге олардың органдарының құрамына, орындалатын банк операцияларының тізбесіне, сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді пруденциалдық қалыптар мен есептесу тәртібіне қатысты қосымша талаптар қоюға құқылы.
Уәкілетті орган банк ашуға берілген рұқсаттың есебін жүргізіп отырады.
Банкіні мемлекеттік тіркеуді уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде Әділет органдарды жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкілетті органмен келісілгендігін растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бір ай ішінде банкіні мемлекеттік тіркеу үшін Әділет органдарына жолдануға міндетті.
Банктің, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган, Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк береді.Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар Ұлттық Банк белгілеген тәртіп бойынша беріледі.
Ұлттық Банк немесе уәкілетті орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берілгені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:
— барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның немесе Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жай мен жабдықтар әзірлеуге, сондай-ақ тиісті біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға;
— жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
— банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдан алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің және сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттердің;
— тәуекелдер мен ішкі бақылау жүйелері бар бөлікте уәкілетті орган белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Банк операциясын жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен бір мезгілде лицензия талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі өтінішті уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк өтініш қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс. Ұлттық және шетелдік валютамен банк операцияларын жүргізуге лицензия шектеусіз мерзімге беріледі.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия үшінші адамдарға берілмеуге тиіс.
Банк операцияларының барлық түрлері оны жүргізу құқығы лицензияда тікелей көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Банк операцияларын жүргізу лицензия беру жөніндегі шешімді уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялайды.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның тиісті дәрежеде куәландырылған көшірмесі банк клиенттері көруіне оңтайлы жерге орналастырылуы тиіс.
Банкінің филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкінің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі.
Банк филиалының банкімен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Банк өз филиалын ашуға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және талаптарға сәйкес уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
Банк филиалын ашуға келісім беру туралы өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
-банктің басқару органының филиал ашу туралы шешім;
-банк растаған және филиал жүргізуге уәкілетті банк операцияларының тізбесін қамтитын үш дана етіп жасалған банк филиалы туралы ереже;
-банк филиалының бірінші басшысы мен бас бухгалтері қызметтеріне кандидаттар туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының аумағында банкіні, банк филиалын немесе өкілдігін құруға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
Банктің филилалы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде банк тиісті шешім қабылданған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Банкінің өкілдігі-заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банкінің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.
Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктің өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтінішпен өкілдік ашу туралы өтініш берген айдың алдындағы қатарына үш айдың ішінде оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, ол пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтаған жағдайда, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдігін ашуына келісім беру туралы өтінішіне мынандай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
- банк өкілдігін ашу туралы шешім қабылдауға уәкілетті банк басқармасы органының шешімі;
- банк растаған үш дана етіп жасалған Өкілдік туралы ереже;
- уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес өкілдіктің бірінші басшысы туралы деректер.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдік ашуына келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімде қарауы тиіс.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкілдік ашуына келісім беруден бас тарту кез келген мынадай негіздер бойынша:
- банктің қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған жағдайда;
- банктің өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтініші берген айдың алдындағы қатарынан алты айдың ішінде пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді банк орындамағанда;
- банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар болғанды
Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдігін ашуға келісім беру жөніндегі өтінішке мына құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
— өтініш беруші банкінің құрылтай құжаттары;
— өтініш беруші банкінің тиісті органының Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік ашу жөніндегі шешім;
— өтініш беруші банкінің банк қызметін жүргізуге қолданылып жүрген лицензиясы бар екендігі туралы тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының жазбаша растамасы;
— өтініш беруші банкінің соңғы қаржы (операциялық) жылындағы тиісті дәрежеде ресімделіп,аудиторлық ұйым куәландырған жылдық есебі;
— тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының өтініш беруші банкінің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашуға қарсылығы жоқ екендігі жөніндегі жазбаша хабарламасы, не тиісті мемлекеттің банк қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің өтініш беруші банк мемлекетінің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі жөніндегі мәлімдемесі.
— өкілдік қызметкерлерінің көзделіп отырған саны және оның басшысы жөніндегі мәліметтер.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдік ашуына келісім беру туралы мәселені үш ай мерзімде қарауға тиіс. Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкілдік беруден бас тарту осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.
Банктің есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) – банктің уәкілетті орган келісімі негізінде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аумақтық оқшау бөлімшесі.
Банктердің филиалдары мен өкілдіктерін жабу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Есеп айырысу-касса бөлімдері (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.
Филиалды және өкілдікті әділет органдарында есептік тіркегеннен кейін банк он төрт күн ішінде тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариаттық куәландырылған көшірмесін уәкілетті органға беруге міндетті.
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
— жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
— банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
— осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұстау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаптап буу, сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;
— аудару операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
— есептеу операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:
ақшалай түрде несие беру;
— жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
— сенім операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және оның тапсыруымен ақшаны ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын және тазартылған бағалы металдарды басқару;
сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;
— банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары-банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
— сейфтік операциялар:
сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылғанбағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
— ломбард операциялары:
сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімде несие беру;
— төлем карточкаларын шығару;
— банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау;
— шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда);
— чек кітапшаларын шығару;
— аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
— ақша түрінде орындалуы көздейтін банк кепілдіктерін беру;
— үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
Банктерге және кредиттік серіктестерге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға операцияны жүргізуге лицензия беру үшін Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
Кредиттік есірктестіктерді қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, операцияларды жүргізуге және қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға операцияны жүргізуге лицензияларды Ұлттық Банк береді.
басқа банкілер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
— қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған мәнеттерді, дәрігерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату.
— құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
— вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелі вексельедрді, вексельдер акцептін төлеу;
— лизинг қызметін жүзеге асыру;
— өз меншігіндегі бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару;
— факторингтік (сауда-саттық) операциялар:
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болу;
Форфейтингтік операциялар (форфетингтеу):
тауарларды сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтің мынадай:
— Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілген ең төменгі рейтингін алған елдердің не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің иемденіп алуына рұқсат берілген шетелдік валюта және облигациялар базалар активі болып табылатын туынды бағалы қағаздармен-делдалдық;
— Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің иемденіп алуына рұқсат берілген шетелдік валюта және облигациялар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздармен– дилерлік;
— инвестициялық портфельді басқару;
— кастодиалдық;
Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше бірлескен түрлерін жүзеге асыруына лицензияларды уәкілетті орган береді.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілген ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Банкілердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкілетті орган банкілердің қызметін реттеуді, соның ішінде:
- күдікті және сенімсіз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкілер сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеу;
- банкілер орындауға міндетті нормативтік құқықтық құжаттарды басып шығару;
- банкілердің қызметін инспекциялау;
- банкінің қаржы жағдайын сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру;
- банкілерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану;
- банкілерге санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкілетті орган белгілейді.
Банкілердің қызметін инспекциялауды уәкілетті орган дербес не басқа ұйымдарды қатыстыра отырып жүргізеді.
Инпекциялауды жүзеге асырушы адамдар банкілердің қызметін тексеру барысында алынған және банкілік не коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері банк шоттарының бар екендігі, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы сондай-ақ банкінің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүліктерінің бар екендігі, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтер кіреді.
Таратылу процесіндегі банк берген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
Банкілер өз депозиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары мен депозиттері жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкілердің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктердің құпиясына кепілдік береді.
Банк құпиясы есепшоттың иесіне, есепшот (мүлік) иесінің жеке өзі банкіде болған сәтте берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
Банктердің заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына міндетті түрде хабарлауы, валюталық заңдарға сәйкес экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін клиенттердің экспорт және импорт операциялары бойынша мәліметтерді кеден органдарына беруі, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшін салымдарға ұжымдық кепілдік беру жөніндегі ұйымға және агент-банктерге беруі құпиясын ашу болып табылмайды.
Банк шоттардың бар екендігі және нөмірлері туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негізінде, есепшоттың иесі банкінің қарыз алушысы, кепілдік берушісі, кепілдеме берушісі немесе кепіл берушісі болса, кредит алғаны растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкіге беріледі.
Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға беріледі:
— анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша;
— соттарға:
сот ұйғарымы негізінде олар жүргізіліп жатқан істер бойынша;
— прокурорға: тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде, өз құзыреті шегінде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
— прокурордың санкциясымен клиенттердің экспорттық және импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;
— салық органдарына: тексерілген тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғаға қатысты;
— атқарушылық іс жүргізу органдарына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негізінде;
Шоғырландырылған негіздегі қаржылық есептілікті қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тізбесі мен нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету мерзімдерді мен тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілейді.
Банктер операциялар мен оқиғаларды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Аудиторлық ұйымның банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы есебі жеке құжат түрінде ресімделеді және коммерциялық құпия болмайды.
Аудиторлық ұйымның есебін жасау тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Аудиторлық ұйым банкіде жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша табыс етуге міндетті.
Банк, банк холдингі және банк және банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілетін банктің немесе банк тобының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган жолсыздықтар жойылғанға дейін;
банк холдингіне, банк және банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты шараларды қолдануға құқылы;
осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жолсыздықтарды жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
банкке қатысты –банктің лицензиясын қайтарып алуға;
банк холдингіне қатысты шараларды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы кез келген заңды немесе жеке тұлға банк қызметіне аудит жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға жолдануға құқылы.
Банк қызметіне аудит жүргізуге лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтату және оларды кері қайтарып алу тәртібі және шарттары, өтініш берушіге қойылатын талаптар осы Заңда белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Тақырыптың мақсатын айқын ашып көрсету мақсатымен жұмысты орындау барысында көптеген экономикалық кітаптармен басылымдарды пайдалануға тура келді. Олардың бірқатарына тоқталар болсақ:
Қазақстан Республикасының қаржы минситрлігінің жолындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің №21 банктердің қаржылық есебі” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының қырық бірінші (41) бабында: Қазақстан Республикасының Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай – ақ ақша – несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру, пруденциялық нормативтер белгілеу, қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру делінген. Ал осы стандартың 43 бабында: қаржылық есебі туралы есепті осы стандартының талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамына тапсырады делінген. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандартына негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады. Кестеде берілген мәліметтер ВОSS жүйесінің көмегі мен автоматтандырылған әдіспен өңделген және осы мәліметтің негізінде банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады. Соынмен банктер мен әр түрлі есеп берудің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды. Статус – Репорт банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат. Статус – Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері “САМЕL” компонеттері бойынша банкке реитинг беру жүйесін қолданады. Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі. Статус – Репортта негізгі қаржылық көрсеткіштер мыналар:
- Банк туралы жалпы мәліметтер;
- Меншікті капиталдың көлемі мен құрылымы;
- Банктің активтері;
- Банктің міндеттемелері;
- Банктің табысы мен шығысы;
- Қосымша ақпараттар.
Банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып таладау жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус – Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды.
М. Мақыштың “Банк ісі” еңбегінде банктің қаржылық есебі берілген. Онда жалпы қаржылық жағдайы банктің негізгі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын басқаруда табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын “САМЕL жүйесі” қолданылады. Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақтылыққа ұшырауға жіберуі мүмкін өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауда тоқтатып, оның салдарынан банкротқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау керек. Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.
Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқада шығындары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттарды, құрылғылары және қызметкерлері, оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына өсуіне және капиталдануына жұмсау керек. Ал,Сейтхасымовтың “Ақша несие банк” әдебиетінде: қаржылық есеп қабылдаған стандартқа және қаржылық ақпараттарды беруге жазуды бағаланады негізгі мақсаты мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
- Қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- Ақпараттық жүйені құру принциптері;
- Осы ақпараттың сапалық сипаттамалары;
- Қаржылық есеп берудің элементері;
- Алушының және мойындау критериялары;
- Қаржылық есеп банктің қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай – ақ қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәлімдеменің болуы қажет.
— қаржы салымын жасау және несиеге беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет;
— мекеменің алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажет мәлімет;
— басқару органдарын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп банктің бухгалтерлік ақпараттың алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементің алғашқы үштігінің қатарына банктің балансында көрсетілген активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқандығы. Қалған төрт элементі банктің қаржы шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілген табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары шешім қабылдау үрдісінде көрсетілген ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді.
Міржақыповтың “Банктегі бухгалтерлік есеп” кітабында нақты толық мәліметтер берілген, яғни қаржылық есептілік – пайдаланушыға бухгалтерлік есепте жинақталған өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсыныстық әдісі ол шаруашылық субъектісі және халық тарапынан әсіресе орталық банктің несиелік – қаржылық жүйеге сенімін қолдауы керек.
Қаржы есебі келесі қағидалары арқылы жүргізіледі:
- Есептеу әдісі – операцияларының және басқа оқиғалардың нәтижесі олар жүзегег асырылғаннан кейін ғана мойындалады.
- Қызмет үздіксіздігіне рұқсат ету компания әрекет одан әрі жалғастырғандығын білдіреді. Қаржылық есеп – шаруашылық бірлігінің үлгілері. Қаржылық есептілік істің нақты жағдайын толық бейнелегенмен ол бухгалтерияның осыған жету жолындағы талабының жақсысы болып табылады. Бұл есепте сандық түрде дана емес сапалық сипатта болу керек. Сапалық сипаттамасы – алынған ақпараттарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету, қаржылық есептің негізгі сапасы – айқындылығы. Айқындылық деп – ақпараттар бар жағдай да барлық қатысушыларға қолайлы, көрнекті және түсінікті ортаны қалыптастыру принципі.
Қаржылық есеп беру банктің қаржылық жағдайын бағалауға тікелей қатысы бар элементтерден тұрады:
- активтер – жасалған әрекет нәтижелеріне және келешекте экономикалық пайда алуды жоспарлаған әрекеттің нәтижесіне қалыптастырған компанияларын бақылаудағы ресурстар.
- Міндеттемелер – жасалған әрекеттер нәтижесіне туындалған ағымдағы міндеттемесі. Міндеттемелер бойынша есеп айырысу компаниялары экономиканың тиімділікке әкеледі деп болжанады.
- Капитал – міндеттерін орындаған киінгі активтер.
Қаржылық есептің келесі элементері нәтижесін бағалауға қатысты:
- Табыстар активтердің түсуі немесе ұлғаюы нысанына экономикалық пайданың өсуі немесе меншік иелерінің жасаған салымын капиталдың артуы түріндегі міндеттемелердің қысқаруы.
- Шығындар активті есептеп шығу немесе азаюы түрлі экономикалық пайданың қысқаруы немесе міндеттеменің көбеюі нәтижесінде капитал қысқарады.
Банкте басқада шаруашылық субьектілері сияқты қаржылық есеп берудің келесі түрлерін жасалады:
- Бухгалтерлік баланс;
- Табыстар мен шығыстар туралы есеп;
- Ақша қозғалысы туралы;
- Меншік капитылының өзгерісі;
- Есеп саясаты және түсініктеме хаттар.
Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болған ақша ағымының жеке ашып көрсету, банк қызметкері ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғаның қарсылықтарын болжауға мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшаның негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек.
Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болған ақша ағымына келесілер жатады:
- акция эмисиясынан түскен ақшалай тәсілдер;
- банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдер;
- қарыздың міндеттері шығару мен түскен ақшалай түсімдер.
Бухгалтерлік баланс есептің басты нысаны болып табылады. Ол есепті күндегі банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады. Баланс қорытынды айналымдағы және қаржылық есептердің жиынтық балансын ескере отырып құрылады. Банк мұндай жітеулерді өзінің активтерімен пассивтері үшін таңдап алуына болады. Алынуға тиісті және төленуге тиісті сомалар 12 ай ішіндегі және 12 айдан кейінгі болып бөлінеді. 12 ай ішінде алынбайтын активтер ұзақ мерзімді, ал алынатын ағымдағы деп аталады. Банк өзінің активтері мен міндеттемелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуіне болады. Егер ол жасалынбаса активтер мен міндеттемелер олардың өтімділік тәртіптері бойынша ұсынылады.