Факторинг шарты құқықтық реттеудің кейбір мәселелері және оларды шешу амалдары

Қазақсатан Республикасының Ұлттық Банкі беру жағдайлары бойынша несиенің классификациясы тұжырымдалған: овальді, акцептко-рамбурстік, акцептік, аукциондық, валюталық, ипотекалық, консорциалдық дебиторлықты жоюға, ломбардтік, онкольдік, тұтынушы, револьвердік, резервтік, сезондық факторинг, форфейтинг деп бөлінген. Және ҚР Президентінің заңды күшіне ие «Қазақстан Республикасының Банктер және Банк қызметі туралы» жарлықтың отызыншы бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиясы бар банктер факторингтік операцияларды жүргізуге құқылы.

Яғни, рұқсаты бар банктер бұл операцияларды жүргізу осы заңдарға сүйеніп, факторингті несие ретінде қарастырады. Несие ретінде қарастыру бұл қате емес, бірақ халықаралық қатынаста банктер 1988 жылы қабылданған «Халықаралық факторинг туралы» Оттава конвенциясына сүйенеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жоғарыда қарастырылған факторингті несие ретінде қарастырады, бірақта факторинг шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 336-шы бабына сәйкес рәсімделеді, сондықтан да ол талап ету құқығына теңестірілген (цессия). Бірақ олар әртүрлі шарттар, себебі факторинг қаржылық операция болып табылады, ал цессия ондай қатынастарға жатпайды. Талап ету құқығын беруде талаптар адресінде есеп айырысу қарыз алғаннан кейін жүзеге асырылады, ал факторингке есеп айырысу борышқордан ақша алғанға дейін жүзеге асырылады. Осыған сәйкес Ұлттық Банктің факторинг несиелендірудің бір түрі ретінде тұжырымдауымен келісуге болады. Сондықтан да банктер туралы заңдылыққа, Азаматтық Кодекске өзгерістер енгізу керек. Олар несиелендірумен банк мәртебесі жоқ тұлғаларға айналысуға құқықты беруге тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 733-ші бабының мазмүны осы Азаматтық Кодекске сәйкес келмейді, себебі осы бап бойынша қаржы агентіне ақшалай талапты беру, тіпті клиентпен оның борышқоры арасында оған тиым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда жарамды болып табылады.

Бірақта цессияға байланысты бірде тарап контракт бойынша өзінің құқықтарымен міндеттерін үшінші түлғаға екінші жақтың жазбаша келісімінсіз бере алмайды.

Сондықтан да Қазақстан Республикасында нақты нарықтық экономикалық дамыту үшін, және факторингтің ең пайдалы операция ретінде дұрыс реттеп, заңдылыққа өзгерістер енгізіп «Халықаралық факторинг туралы» Оттава конвенциясын ратификациялау керек.

Факторинг шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (кредит берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және беруді нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға қатысты құжаттар ұсынуда, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді камтуы мүмкін.

Қаржыландыруды алу мақсатындағы берілген ақшалай талап

 Төлем мерзімі келген ақшалай талап (қойылып келген талап) та, болашақ туындайтын ақша алу (келешектегі талап) құқығы да қаржы беру нысанасы болуы мүмкін.

Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты – ал туындаған кезден кешіктірмей бірыңғайландыруға мүмкіндік беретіндей болып белгіленуге тиіс.

Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер онда өзгеше көзделмесе, қаржы агентіне ауысты деп есептеледі.

Келешекте ақшалай талапты беру кезінде шартта көзделген талапты берудің нысанасы болып табылатын ақшаны борышқордан алу құқығының өзі пайда боланнан кейін қаржы агентіне ауысты деп есептеледі.

Клиенттің қаржы агентінің алдындағы жауапкершілігі

Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін қаржы агентінің алдында клиент жауапты болады.

Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезінде борышқордың ал талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар оған белгісіз болса, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жаранды деп танылады.