Факторингтің түрлері және талаптары құқықтық жағдайы

Арнайы әдебиеттерде факторингтің мынандай түрлері бар:

  1. Талаптардың орналасқан жеріне байланысты ішкі (ұлттық)-халықаралық (сыртқы).
  2. Борышкердің факторингке қатысуы-қатыспауын білу-білмеуіне байланысты ашық (конвенционды) және жабық құпия.
  3. Регресстік талап құқығы бар-жоғына байланысты айналымды және айналымсыз.

Ішкі д/з, егер тараптар 1 елде болса, онда ішкі факторинг жүзеге асырылады.

Сыртқы д/з, егер 3 тарапты біреуі басқа елде орналасса. Факторингтің қолданылуы халықаралық операцияларды жүзеге асыруда көрініс табады. Негізінен әлемдік нарықты 2/3 факторингтік қызметтерін 4 топқа біріккен компаниялар жүзеге асырады. Ең ірісі «Фэкторс чейн интернэйшл» (ФЧИ).

Ашық факторинг — жеткізуші тауарлық қүжаттарды фактор-фирмаға бере отырып, қарыз тұлғаға фирмаға осы операцияға қатысатындығын айтуға міндеттейді. Факторға ол туралы хабарлау үшін счет-факторға белгі соғылады.

Жабық факторинг — мұнда қарыз тұлғадан қарызды фактор-фирма алатындығын туралы борышкерлерге хабарланбайды. Бұл түрінде ашыққа қарағанда факторингтік қызмет көрсету тарифтері көп болады.

Айналымды немесе регрессивтік талап құқығы бар факторинг. Мұнда фактор-фирма клиенттен егер борышкер қарызын төлеуден бас тартса, онда фактор алдында аударатын ақша соммасын талап ете алады. Нәтижесінде регресстік талап бос болғанда кредитор (клиент) келісім нәтижесінде фактор-фирмаға сатылған қарыздықталаптар үшін тәуекелді шегіп қалады. Айналымсыз факторингтеборышкер өзінің қаржылық міндетін орындамаған кезде (30-90 күн) компания кредитор -клиент пайдасына барлық қарыздарды қайтару керек. Мұнда дебитордың қарыз талабын сатқанда клиенттің тәуекел қаупі болмайды.

Факторинг шартының өзара мүдделік сипаты шарт бойынша 2 тараптың өзара байланысты міндеттемелерін айқындайды. Егер факторинг шарты бойынша ақшалай талап беру жағдайы клиенттің қаржы агенті алдындағы өз міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тұрғысыыда қаралатын болса, онда жалпы диспозитивтік ереже бойынша қаржы агенті клиенттің қамтамасыз еткен ақша мөлшерінс ғана ие болады. Егер қаржы агенті борышкерден алған ақша клиентіы қаржы агентіне талапты берумен қамтамасыз етілген міндеттемелері соммасынан аз болып шықса, клиент «Финансы и маркетинга» Москва 1994 г Стоянова Е.Е. міндеттемелердің қалған бөліктері бойынша жауапты болады. (ҚР АК 736 бап, 2 тармақ).

Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша клиентті қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентінің сатып алуы жолымен жүзеге асырылса, соңғысы борышкерден талапты орындау үшін алатын барлық соммаға қүқықты иемденеді, ол клиент өзі алған сана қаржы агенті клиентке төлеген соммадан аз болғаны үшін қаржы агенті алдында жауап бермейді. Жалпы диспозитивтік ереже бойынша клиент ақшалай талап беруді негіздігіне жауап бергенімен, оның орындалмауына нмесе толықтай орындалмай қалу себебіне жауап бермейді. Шарт бойынша 2 тараптың өзара келісуімен борышкердің ақшалай талап беру жөніндегі міндетін орындамағаны үшін клиентін қаржы агенті алдындағы қосымша жауапткершілігін қарастырған келісімнің кез-келген нысаны жасалуы мүмкін. (ынтымақты субсидиарлы, үлесті жауапкершілік, төлемегені үшін өтем т. б) Шарт бойынша қаржы агенттігінің жауапкершілігі тек консенсуалды шартта ғана көрсетіледі. Ақшалай талап берілген қаржы агенттігіне келесі талап беруіне рүқсат етілмейді. Шартта өзгеге көзделмесе, қаржы агенттігінің ақшаай талапты кейін беруіне жол берілмейді.

Ақшалай талап берілген борышкер ол жөнінде хат арқылы хабардар етілуі тиіс, ал қаржы агенті, яғни жаңа несие беруші борышкерге ондай хат берілмей қалған жағдайда жауапты болады. Борышкер өз кезегінде қаржы агенттігіне ақшалай талап беру жөнінде жазбаша түрде хабардар етілісімен төлем жүргізуге міндетті. Борышкер жазбаша түрде хабар алмай жатып, ақша аудару жөнінде қаржы агеіггі алдында оз мімдстін орындаған болса, ол клиент алдындағы міндетінен қүтылады деп есептеледі де, жауапкершіліктен босатылады. Борышкердің отіпіші бойынша қаржы ағенті қисынды мерзімде борышкерге ақшалай талаптың қаржы агентіне шындығында берілгеніне дәлелдеме үсынуға міндетті. Тараптардың шарт мәнін айқындаудағы еркіндік принципі ақшалай талап берілген борышкер мүддесінің бұзылуына әкеліп соқпау тиіс, ал клиент- ең алғашқы несие беруші берілген құқығы бойынша міндеттеме КР Азаматтық кодексіне түсіндірме.

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер.

Коммерциялық банктерде халықаралық факторингтік операцияларды арнайы факторингтік бөлімшелер жүргізеді.

Халықаралық саудада факторинтік шарт моделі қолданылады:

екі факторлық

тіке импорттық

тіке экспорттық

«бэк-ту-бэк» Классикалық екі факторлық жүйесі келесі этаптардан тұрады:

  1. Сұрау лименттік тәуекелдерді қамтамасыз ету.
  2. Жеткізу (фактураларды тарату)
  3. Қорытыландыру
  4. Төлеу.

Тіке импторттық мақсаты төлемдерді қамтамасыз ету, схемасы:

  1. Сұрау лиметті тәуекелдерді қамтамасыз ету
  2. Жеткізу (фаткорларды тарату)
  3. Төлеу.

Тіке импорттың схемасы екі факторлықпен бірдей. Оның
айырмашылығы импорттар мемлекетінде факторингтік компаниялардың күрылуы міндетті емес.

Жоғарыда қарастырылған үш моделдерді коммерциялық талаптары көзделмеген, ал осы функцияны кіргізеді.

Мәмлені жүзеге асыру технологиясы қарапайым ішкі факторингтің және екі факторлық схема комбинациясына ұқсас.

Қазіргі таңда сыртқы саудада факторингтік операциялар көрініс тапқан. Сыртқы саудада факторлар экспорттердің талаптарын шетел сатып алушыларына 30-120 күн мерзімде төлемдерді қайтару үшін сатып алады.

Клиент барлық айналым саласынан 0,5-3% мөлшерінде комиссия төлейді, және алатын несие бойынша проценттер төлейді. Әлемдік нарықта факторингтік операциялар жылына 260-270$ деп бағаланды. Бұл бизнестің өркендеуіне 1988 жылы конвенция әсер етті. Конвенцияда қатысушы тараптардың құқықтық реттелуі мазмұндалған.

Өнімді сыртқа шығарғанда экспорттердің кредиттік тәуекелі артады, оның себебі:

— шетел клиенттерінің несие төлем қабілеттерін бағалау қиын;

— коммерциялық несие шетел болғандықтан ұзақ мерзімге беріледі;

— импорттердің еліндегі саяси тұрақсыздық, экономикалық тоқырау сияқты форс-мажорлық жағдайлар тәуекелінің қаупі жоғары болуына әкеліп соғады;

— екі немесе көп валютаны қолданғанда валюталық курстың өгеруіне байланысты тәуекелділік жоғары болады.

Факторингтің клиент үшін мынадай тиімді жақтары бар:

— капитал айналысының жылдамдығы;

— байланыс қүрылымының жақсарту айналым ауыртпалығын төмендету;

— сол сияқты төлем түсірудің кепілдігі кәсіпорынға қаржылық жағдайын көтеруге және жомпарлаудың деңгейін жоғарылатуына себебін тигізеді.

Шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, факторингтік қызмет көрсетулер көрсеткенде, факторингтік қызмет көрсету орта және шағым кәсіпорындарға анағұрлым тиімді болып келеді.

Оларға өз кезегінде қаржы тапшылығына қарамастан өндіріс көлемін ұлғайтуға жақсы бастама туып отыр. Шағым кәсіпорындарға техникалы жаңашылдарға тез әрі оңай меңгеріп алуға жеңілдіктер бар. Қазіргі жағдайда шағын кәсіпорындықты болашақ дамыту, жетілдіру басты мақсат болғандықтан факторингтік қызмет көрсетулер әлі де жетілдіріле түседі.

Факторингтің тиімді жақтары:

— төленбеген сомманың дағдарысын жеңілдетеді;

— тұрғындырдың қапталып жатқан ақшалары ақша айналымының дамуына, жоғарылауына әсер етіп экономикаға қызмет етеді;

— жаңа кәсіби кәсіпкерлік түрмен қоғамның барлық топтары айналысады, коммерциялық мәмле бойынша жеткізілген тауарлар үшін төлемі тез төленген соң, мәмленің төлемдігі артады;

— мемлекет факторингтік операциялардан қосымша пайда табады;

— өз клиенттерімен ұзақ мерзімді келісім жасаумен және есеп айырысуды жүмыстың белгілі-бір этапы біткеннен кейін немесе аванстық төлемдер жасағаннан кейін тоқтататын кәсіпорындармен;

 — сол сияқты факторлар операцияларды жеке тұлғалардың кәсіпорын филиал бөлімшелерінен қаржылық міндеттемелеріне жүргізуге болмайды.

1988 жылы 28 мамырда Оттавада қол қойылған халықаралық факторинг туралы ЮНИДРУА конвенциясына сәйкес факторингтік компания осы аталған төрт функцияның екеуін атқарса, онда ол факторинг болып табылады:

  1. клиенттің қарыз талабы бойынша алдын-ала несиелендіру;
  2. клиенттің айналым, бухгалтерлік есебін ашу;
  3. клиент қарыздарын инкассациялау;
  4. клиентті несие тәуекеліне, қаупінен сақтандыру.