М. И. Калининнің барлық сөйлеген сөздерінде Коммуниетік жас өспірімдерді коммунистік мораль рухында тәрбилеу мәселелері кең орын алған. Ол мораль жөніндегі марксизм-ленинизм іліміне сүйене, оны дәлелдей отырып, коммунистік мораль адам қоғамындағы моральдың жоғары түрі екендігін көрсетті.
Михаил Иванович советтік патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін жастарды советтік, ұлттың, намыс рухында тәрбиелеумен байланыстыра қарады. Совет патриотизмін насихаттау халқымыздың басынан өткен тарихын мақтан ету, халқымыздың дамуын ілгері бастырған аталарымыздың жемісті істерін мақтан ету бағытында жүргізілуі тиістігін ескертті.
Михаил Иванович әсіресе жастарды дене еңбегін сүюге шақырды, дене еңбегін сүю пролетарлық моральдың күшті тіректерінің бірі болады деген.
М.И. Калинин өзінің «Колхоз құрылысы және колхозшы әйелдер туралы» деген мақаласында жалпы білім беретін орта мектеп бітірушілерді ауыл шаруашылық жұмысына тарту мәселесін айта келіп, бұл ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттырар еді дейді. Михаил Ивановичтің бұл сөзінің қазіргі кезде ерекше мәні бар. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстыру мәселесі, орта мектеп бітірген жастарды өндіріс пен ауыл шаруашылың еңбегіне тарту, совет мектебінің политехникалық оқу мәселесін шешу жолындағы курделі міндеттердің бірі болып отыр.
М.И. Калинин жоғары моральдық сапалардың бұлардан басқа түрлері болып есептелетін шындық пен адалдыққа тәрі биелеуді жоғары бағалаған, мұндай сапаларды сіңіру үшін де тиімді педагогикалық әдістерді қолдануға шақырды.
М. И. Калинин коммунистік мораль тәрбиесін қалай жүргізудің негізгі жолдарын да көрсетті. Коммунистік моральдың нормалары мен ережелерін ендіріп, бекітудің өзара байланысы болатын ең негізгі екі жолын көрсетті. Біріншіден, коммунистік моральдың нормалары мен ережелері мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектеп, пионер және комсомол ұйымдары арқылы жүргізілетін адамгершілік тәрбиесі арқылы іске асады. Екіншіден, біздің советтік құрылыс, советтік шындық совет адамдарына коммунистік, адамгершілік принциптерінің үнемі еніп отыруына көмектеседі, сондыңтан да ол: «Өмірдің өзі тәрбиеге көмектесіп отырған жерде адамдарды тәрбиелеу ісі қандай жеңіл болмақ»,— деген.
М.И.Калинин жас өспірімдерге коммунистік тәрбие беру ісінде шешуші роль атқаратын орын жалпы білім беретін мектеп дел есептейді. Ол мектепті коммунизм құрылысшысын қалыптастырып, жан-жақты жетілдіретін бастапқы лаборатория деп атаған. «Мектеп,— деген ол,— сіздерді бірден-бір үздіксіз іске үйрететін орын… Мектеп көрмеген кісінің өмірі де қиын болады, оған соңыра жұмыс істеу де қиын. Бұл кемшілік, яғни жүйелі білімнің және жүйелі жұмысқа әдеттенудің жоқтығы қашан да және қандай жұмыста болса да көзге көрініп тұрады, көлеңке құсап қашан да қыр соңдарыңыздан қалмайды».