Коммунистік тәрбиенің мақсаттары туралы

М.И.Калинин өзінің сөйлеген сөздерінде коммунистік тәрбиенің мәнін және оның буржуазиялық тәрбиеден бүтіндей өзгешелігін анықтады.

1940 жылы 2 октябрьде Москва қаласының партия активінің жиналысында жасаған «Коммунистік тәрбие туралы» деген баяндамасында педагогиканың бұл маңызды ұғымына мынадай аныңтама берді: «…тәрбие деген сөз — тәрбиеленушінің бойына тәрбиеші қалаған қасиеттерді егу үшін, оның психологиясына мақсат көздеп, үнемі ықпал етіп отыру деп деп білемін”.

М.И. Калинин коммунистік тәрбиенің буржуазиялық тәрбиеден бүтіндей тек өзінің мақсатымен ғана емес, әдісімен де өзгеше екендігін көрсетті. Михаил Ивановичтің сөзінше ол: «Қалың көпшіліктің саяси санасын, жалпы мәдениетін өсірумен, оның ой-өрісін жоғарылатумен тығыз байланысты».

Советтік педагогика ғылымы үшін М.И.Калининнің коммунистік тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары жөніндегі пікірлері аса құнды еңбек болып саналады.

Өзінің сөйлеген сөздерінде М.И.Калинин Коммунистік тәрбиенің мақсаты — жаңа қоғамның жан-жақты жетілген құрылысшыларын тәрбиелеу екенін баса айтты.

Социалистік қоғамның жаңа адамын қалыптастыру мәселесінде М.И.Калинин коммунистік идеялық пен саяси саналыққа ерекше мән берді. Жастарға арнаған сөздерінде бір неше рет оларды идеялық өмір құруға, Отанына, халқына бірнеше мүдделес өмір сүруге шақырды.

М.И.Калинин жастар санасында коммунистік көзқараз қалыптастыруға көп көңіл бөлді.

Жас өспірімдердің саяси санасын дамыту ісінде М.И.Калинин олардың марксизм теориясымен қарулануына зор мән берген. Ол өзінің көптеген сөйлеген сөздерінде жастарға марксизмді творчестволың түрде меңгерудің қажеттілігін, оны практикалың өмірге қолданудың, басшылыққа алудың қажеттігін ескертті.