1934—1935 оқу жылында елімізде 772 педучилище болды. 115 педагогтың институтта 67 мың студент оңыды. Жеті жылдық және он жылдық мектептердің санының өсуіне байланысты, 1933 жылдан бастап екі жылдық оқытушылар институттары ашыла бастады.
Педагогтық оқу орындарының өсуінің қарқыны жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асырудың даму талабын қамтамасыз ете алмады. Сондықтан 1930 жылдан бастап бастауыш мектепке мұғалімдер даярлайтын мыңдаған қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің білімін көтеру үшін педагогикалық оқу орындарының жанынан сырттан оқитын бөлімдер ашылды. Мұғалімдердің білімін жетілдіруде облыс орталықтарында ашылған білім жетілдіру институттарының ролі зор болды.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде елімізде 10 жылда (1930—1939) мұғалімдердің саны 2,5 есе есті. 1930 жылы 481 мың мұғалім болса, 1938—1939 оқу жылы 1 миллион 27 мың мұғалімге жетті. Олардың саны өсуімен қатар, саяси саналылығы, белсенділігі, мәдени дәрежесі және педагогтық шеберлігі де дамыды. Мұғалімдер мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты.
1936 жылы СССР Халық Комиссарлар Советі мен партияның Орталық Комитеті «Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы» қаулы алды. Бұл қаулыға сәйкес олардың жалақысы 1,5—2 есе, өсті. 1939 ж.ылы 4 мыңдай мұғалім орден және медальдармен наградталды. 1940 жылы еңбегі сіңген оқытушы атағы белгіленді.
Қазақстандағы сауатсыздықты жою мен мектеп білімін өркендетудің тарихы — мәдени революцияның лениндік жоспары салтанатының тарихы еді. 1939 жылы республика халқының 76,3 проценті сауаттанды. Қазақстан қысқа мерзім ішінде сауаттылықтың Совет Одағы бойынша алғандағы орта деңгейіне жетті. Республика үкіметі мен халық ағарту органдары орта мектепті дамытуға үнемі көңіл бөліп отырды. Қазақ АССР-інің Халық Комиссарлар Советі 1935 жылдың ноябрінде «Қазақстан мектептерінің структурасын реттеу және қазақ орта мектебін дамыту туралы» қаулы қабылдады.
1940—1941 оқу жылының аяғында Қазақ ССР-інде жалпы білім беретін мектептің саны сегіз мыңдай болып, оларда миллионнан астам бала оқыды.
Ұлт мектептеріне мұғалімдер даярлайтын педагогикалық оқу орындарының саны өсті. 1939 жылы ұлт республикаларында 411 педагогтық училище (оларда 116 мың оқушы оқыды), 93 педагогтың институт (оларда 54 мың студент оқыды) және 4 оқытушылар институты (оларда 15 мың студент) болды.