Шартты ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкөс меншікті қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар өз кезегіндегі материалдық иіліктердібелгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалды игіліктер біреуге жататынымен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші-ағымды күйі деп тән болып келеді және айта келетін болсақ ренталық қатынастардың осы күйі ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Мүліктің қозғалысы көп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншікті иесіне қатар мүлтіктің өзге тұлғаларға да тиесілігін бекіте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты міндеттемелік қатынастарға құрылады және топтасады.
Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада меншіктің заңи мағынада меншікті құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілер тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шартардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.
И.Грешников рентаның тұрақталған түсінігін берген. Рента сөздің кен мағынасында, бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында, табыс өңделетін жер учаскілері құнарлы топырағын және жерін пайдаланып табыс табады.
Жылжымайтын мүліктің, кәсіпорындардың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың қасиеттері келеді.
Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақсат Республикасы заңнамасында тұнғыш рет -қабылданғасын пайда болады. Онда рентаға 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асыраудан ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастылады тұрғын үйды сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты бойынша бір тарап екінші тараптың меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны үстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және уақтылы мүліктің кездейсоқ жойлуы немесе бүліну қауіпі оны күтіп үстау ауырпалығы да оған ауысады. Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелігі-мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекснің 519- бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелері қолданылады. Бұл осы шарттың мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға мүліктін жетіспеушілігі, бүзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу-сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың қүқықтарымен ауырланғаны негізінен орын алмауы керек. Себебі шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді.Егер ауырпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынанда айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп отырған сұрақтарға көзқастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалары рантье-меншік иесі туралы үйреніш болып келетін көзқарсты жоққа шығарады. Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады.
Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек ғұмырлық рента төлеуі үшін пәтер, түрғын үй және өзге де мүлік иеліктен тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл міндеттемелік құқық пайда болады. Осыған қатысты экономикалық мағынада бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмшіліктерін сақтай береді деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз түрақсыз болып шығады. Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауырпалықтарын жүктеуге келісуі үшін салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны алғашқы меншік иесімен бөлісуге мәжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншік иесі өз бетімен де рантье болып шығады.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшеліктері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табу мүмкіншілік береді. Бірақ заңгер рента шартына кәсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде қарайтынын ұмытпауымыз керек, рента осы себептен кәсіпкерлікпен беретін құқықтық нысан болып бағалануы мүмкін. Аренданың ретті шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты ұдайы табу сипаты жоғалып қалады. Бір басқа түстен қарасақ, біз жаңа заңнама мүлікті жалдау мерзімі бойынша шектеулерді негізінен алып бастағанын байқай аламамыз. Сондықтан рента және мүлікті жалдау шаттарының бұл-табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсіз болып келмейді.
Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлікті жалға беретін немесе өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер субъектінің құқықтық жағдайынан немен ерекшеліктерін айтып кетейік.
Біріншіден, алушыда кәсіпкерлік тәуекел орын алады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В Покровский этап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық міндеттемелер арқылы емес, өзге де міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіледі. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының кәсіпкерлік қызметіне байланысты болады немесе байланыспауы мүмкін. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сияқты кәсіпкер ретінде әрекет өтетін азамат та ренталық міндеттеменің тарапы бола алмайды. Бұл айтылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің күшінде болып келетін редакциасына да қатысты әділ болып келеді.
Барлық тізіліп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық қатынастарға азаматтық құқықтағы дипозитивтік реттеу толығына тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшінші тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделерді және имперсивті нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз қалауымен бекітіледі. Рента ешқашан нақты уақыт шегімен аннықталмайды, бұл шарттың мәнісіне қатысты нәрсе. Сондықтан тараптар рента төлену мерзімін келісімімен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі көзделген 1 тұрақты рента шарты, 2 ғүмырлық рента шарты , 3 өмір бойы асырауда үстау шарты. Жалпы нормалар шартының аталған үш түріне де бірдей қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерікшеліктері бар. Олар түлемдерін нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олардағы құқыұтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді.
Рента шартының жіктелу негіздері осымен шектелмейді.Түрақты ренат және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге немесе ақыға тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі мүмкін.
Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерекшеленеді. Онда фидуциарлық сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипат азаматтық құқық шеңберінең кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, онда сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін.