Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымын салған уақытта оның бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар жазылады:
Мысалы: кәсіпорын 100000 теңге көлемінде қысқа мерзімді қаржы салымын салған деп алатын болсақ:
Дт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Кт: Ақшалар шоты 100000 тг.
Осы салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде кәсіпорынның тапқан 10000 тг табысына:
Дт: Ақшалар шоты 110000 тг.
Кт: Инвестициялық қызметтен түскен табыс 10000 тг.
Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде 5000 теңге көлемінде шығын шеккен жағдайда:
Дт: Ақшалар шоты 95000 тг
Кт: Инвестициялық қызметтен шеккен шығын 5000 тг.
Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы 100000 тг.
Ескеретін бір жағдай, кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салмы негізінде шығын шегуі қаржы салмының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны кеміген жағдайда ғана болуы мүмкін.
Қаржы салымдары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялардың мазмұны | Дебет | Кредит
|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сатылып алыну құны бойынша акциялар кіріске алынды | 401 | 431,432,441,
451,671,687 |
2 | Берілген материалдық құндылықтар үшін сатып алы құны бойынша кіріске алынған акциялар |
401 |
201-206,208 |
3 | Акциялар үшін есептелінген дивидент сомасы | 332 | 724 |
4 | Сатылған акциялар:
— Баланстық құны бойынша — Сатқаннан алынатын табыс сомасына |
843 431,441,451 |
401 723 |
5 | Сатылып алынған облигациялар және басқадай құнды қағаздар | 402,403 | 431-432,
441,451 |
6 | Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынатын табыс сомасына |
401 |
727 |
7 | Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян сомасына |
845 |
401 |