Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңға , 24 “Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
— жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
— субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
— материалды – жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау – тапсыру күні);
— талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
— төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
— тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;
— негізгі құралдарды және тауарлы – материалдық қорларын қайта бағалауда – субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман , құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау ; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар – жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке “Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен” рәсімдейді
Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері , жанар – жағай май ( бензин ) талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді . Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген , есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады . Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады .
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет : кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме , касса талапқа сай жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда сақталады .
Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :
451” Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма — қол ақшалар” шот дебеті
727 “Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс” шот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :
— анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады :
334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу” шот дебеті
451 “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма — қол ақшалар”
шот кредиті 5 000 теңге
— кассирдің мойнына ақшы салу ;
333 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот дебеті
334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу” шот кредиті 5 000 теңге
— кассирмен кем шығуды жабу ( кассалық кіріс ордері жазылады ) :
451 “Кассалық ұлттық валюта түріндегі қолма — қол ақшалар” шот дебеті
333 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот кредиті 5 000 теңге .
Тексеруге жататындар :
— есеп беруші тұлғалармен есеп айрысу — Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына , субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық , өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын кәсіпорындардағы 24 “ Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп беруі” Стандартына сәйкес тексеріледі ;
— кредиттерді алу және өтеу бойынша ба айырысу нкпен есеп– тексеру барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады .Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне ( кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;
— сатып алушылар және тапсырыс берушілермен , жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді . Мынаны есте ұстау керек : талап қою мерзімі 3 жылды құрайды ( Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178 – бабы , Салық кодексінің 219 – бабы , 1 – тармағы , 1 – тармақшасы ) . Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру ( қарызды төлеу мерзімін өткізіп алу ) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп кеткен ) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 “Табыс” және оған әдістемелік ұсыныс
болып табылатын “Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв” ) немесе резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып , салық салғанда түзетуге кіреді ( Салық көдексінің 219 – бабы);
— еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді ( Салық кодексінің 149 – бабы , 2 – тармағы)
— есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы ;
— алдағы кезең шығындары — құжат бойынша шотта көрініс табатын сома , сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;
— жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .
Инвестицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын ( патент , лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер көрсетіледі .
Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .
Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :
- Ішкі
- Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :
- Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар .
- Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар .
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар :
- Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
- Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
- Сатып алушылар .
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :
- Салық органдары
- Реттеуші органдар
- Статистикалық органдар
- Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б. .