Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді
-негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;
— сатылған өнімнің , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны ;
-жалпы кіріс ;
-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;
-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
— табыс салығы ;
— салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян – төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;
— таза кіріс немесе зиян (№1 – кесте ).
Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру ( №1 – кесте).
Баптардың атауы | Сомасы |
Кірістер | |
Таза сату | 14000000 |
Процент түріндегі кіріс | 500000 |
Кірістердің жиыны | 14500000 |
Шығындар мен шығыстар : | |
Сатудың өзіндік құны | 9000000 |
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары | 250000 |
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар | 500000 |
Өндірістік үстеме шығындар | 250000 |
Сатудың өзіндік құнының жиыны | 10000000 |
Жалпы кіріс | 4500000 |
Сату жөніндегі шығындар | 1000000 |
Жалпы және әкімшілік шығындар | 500000 |
Процент төлеу шығындары | 500000 |
Өзге шығындар | 0 |
Шығындардың жиыны | 2000000 |
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі | 2500000 |
Табыс салығы бойынша шығындар | 750000 |
Төтенше табыс немесе зиян | 0 |
Таза кіріс | 1750000 |
Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :
* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;
* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .