Диагностикалық тесттерді қолдануда шетелдік мектептердің көне тарихы бар. Э.Торндайктың (1874-1949) педагогикалық тестілеуде аса жоғары беделге ие болған америкалық мектептерде тестілеуді практикаға енгізудің үш кезеңін атап көрсетеді:
- Іздену кезеңі (1900-1915). Бұл кезеңде француз психологі А. Бинэнің ұсынған еске сақтауға, ынтаға, қабылдауға және басқа тексеру жұмыстарына арналған тесттерін саналы түрде ұғынып, алғашқы рет қолдану жүзеге асырылды. Интеллектіні, ақыл-ой дамуының дәрежесін анықтайтын тесттер әзірленіп әрі тексеріліп жатыр.
- Осыдан кейінгі 15 жыл – мектептегі тестілеудің дамуы төңірегіндегі, оның орны мен рөлін нақтылауды, мүмкіндігі мен шектігін ойластырған “дау” жылы болды. Арифметика бойынша А.Стоунның, Б.Зекингеленің, әмле бойынша Э.Торндайктың көптеген мектеп пәндерінің диагностикасы жөніндегі тесттері жүзеге асырылып, енгізілді. Т.Келли оқушылардың білімділігі мен қызығушылығын (алгебраны оқытудағы) анықтайтын тәсіл ойлап шығарды, ал Ч.Спирмен тестті қалыпқа келтіру үшін түзетіп сараптауды қолданудың жалпы негіздерін ұсынды.
- 1931 жылдан бастап қазіргі тесттің даму кезеңі басталды. Мамандардың ізденістері тесттің тиімділігін арттыруға, мектептің тесттік диагностикасының үздіксіз (аралық) жүйесін құруға, бірыңғай идея мен жалпы принциптерге бағынған, жаңаны жасауға, ең жаңа жан-жақты құралдары ұсынылған өңделген, жинақталған және диагностикалық мәліметтерді, тиімді қолдануға бағытталып отыр.
Осыған байланысты ғасырдың басында өркендеген Рессейдегі педология мектеп бақылауының әділ тестік негізін еш даусыз қабылдады.
Орталық комитетінің “Наркомпрос жүйесіндегі педологиялық бұрмалаулар туралы” атты әйгілі қаулысынан кейін интеллектуалдық қана емес, сонымен қатар үлгерімнің зиянсыз тесттері де жойылды. Оларды 70-жылдары қайта қалпына келтіруге тырысу ешқандай нәтиже бермеді. Бұл мәселе жөнінде біздің ғылым мен іс-тәжірибе шетелдіктерден артта қалды.
Дамыған елдердің мектептерінде тестті енгізу мен жүзеге асыру қарқынды жүруде. Бірнеше баламалы жауаптан біреуін ғана таңдайтын мектеп үлгерімінің диагностикалық тестісі, ең қысқа ғана жауабын жазатын (жіберілгенді толтыру), әріптің, цифрдың, сөздің формула бөлшегін аяқтап жазу және т.с.с. Осындай қарапайым тапсырмалардың көмегімен анағұрлым көп мәліметтік материалдар жинақталады, оны математикалық амалдарда қолданып кетуге де әбден болады, әрі тестік тексеруде қолданылатын әділ шешімдер алуға болады. Тесттер жинақ түрінде де, оқулыққа қосымша ретінде де, компьютерлік дискет түрінде де таратылады.
Қазіргі жағдайда дүние жүзінде қызықты математикаға, логикалық ойлауды дамытуға қаншалықты көңіл бөлетінін байқау үшін:
-халықаралық PISA [11-12], TIMSS зерттеулерінде берілген тесттерде;
-Қазақ-түрік лицейіне қабылдау тесттерінде;
-Қазақстан жоғары оқу орындарына түсуге арналған ұлттық тесттерінде берілген есептерде қызықты есептерді пайдалану жағынан жасалған.
Бақылаудың ауызша және жазбаша түрлерінің ара қатынас жағдайы көп жағдайдың соңғысының пайдасына шешіледі. Алайда ауызша бақылау жауаптарға жылдам реакция жасауға көп ықпалын тигізсе де, байланыстырып сөйлеуді, дамытса да ол тиісті әділдікті көрсетпейді. Жазбаша тексеру неғұрлым жоғары әділдік көрсетеді. Сонымен бірге ақыл-ой дамуының қозғалысын мақсат қоюшылықты: оқушы жазбаша бақылауда анағұрлым жинақты, сенімді сұрақтың төңірегінде терең толғанады, оны шешудің нұсқаларын сараптап және жауабын құрады. Жазбаша бақылау дәлдікке, тұжырымдылыққа ойдың байланыстылығына үйретеді. Бағалау жүйесін анықтау төңірегінде әр түрлі көзқарастар нақты шешімдер бағалауды таңдаудың түрлері мен баға қоюдың принциптері байқалады. Шет елдік мектептерде білімді, білікті дағдыны бағалау жүйесі қолданылып бағаның түрлі шкалалары бағалау жүйесінің жүз, 10, 12, 2 балдық және басқа да түрлері қолданылады. Мәселен: Француздың лицейінде бітіру емтихандарын тапсыру кезінде нәтиже 20 балдық шкаламен анықталады. Мұнымен қоса әр пәннің арнайы салмақтық дәрежесі таңдауына байланысты бұл пәннің маңызы, бағдары мен лицейдің бөлімдері ескеріледі. Базаның осындай артықшылықтары бағдарлы пәннің салмағын арттырды. Көпшілік шет елдік мектептер жүйесінің орталықтандырылуы оқу жоспары мен бағдарламасын мектептің еркін таңдау шартымен байланысты. Ал оқушылардың оқу пәндері бойынша тексеру мен бағалау, білімімен біліктілігіне қарай орталықтандыру сирек жүргізіледі. Мәселен, Ұлыбританияда академиялық дайындықтың сапасын практикалық бақылау жасау қызметін университет комиссиясы мойнына алған. Бітіру емтихандарын тапсыру кезінде оларға емлелік және ерекше артықшылықтағы мектептер бекітіліп беріледі. Және бітірушілердің ары қарай университеттік білім алуға дайындығын бағыттап әзірлейді. Шет елдік мектептерде бақылау және үлгерім есебі диагностикалау әділ жүргізілетінін нәтижесіне қарап мойындау керек. Ол жаппай оқуға тартуды қамтымайды. Жалпы қабылданған оқытуды жекешелендіру бір ғана мақсатты түйіндейді — әркім өз жолымен және ырғағымен жүреді, мүмкіндігіне, қажеттілігіне болашақтың әділ бағасымен жүргізіледі.
Ресейде революцияға дейін білімді бағалау жүйесінің 0 ден 5-ке дейінгі 6 баллдық жүйесі болды. 1918 жылы “0” жойылды, бірақ “1” деген баға да сирек қолданылып, ал 50 жылдардан бастап “2”-де аз қолданылады. Бағаның бесбалдық жүйесі үшбалдыққа айналды. Ал “4” пен “5” оқи алмайтын оқушылардың көпшілігі үшін бұл шкала екібалдық. Алайда көптеген педагогтар кәдімгі бесбалдық шкалаға қосымаша ретінде “плюс”, “минус” таңбаларын қолданады. Шындығына келгенде бестіктің үш өлшемі “бес плюс”, төрттіктің үш өлшемі (жоғарыдағыға ұқсас), үштікпен екінің де үш өлшемі бар болып шығады. Осылай бағаның 10 балдық шкаласы шығады.
Ресей білім академиясының ғылыми зерттеу мекемелері бағалау шкаласының жаңа еліміздің түрлі аймақтарында тәжірибеден өтіп жатқан бағалау шкалаларын қосады. Кейбір аймақтар бағалау жүйесінің он екі баллдық жүйесін қолдануға ыңғай көрсетуде, жоғарыда аталған он баллдан басқа екі экстремалдық: “1” балл – “құтқарыңдар” – бұл оқушы арнайы, жеке көмекті, назарды қажет ететіндігін білдіреді. Тіпті жеке бөлмені де сұрау мүмкін; жоғарғы балл “12” – экстремальды биіктік (“ура”) оқушының ерекше дарындылығын және қабілеттілігін білдіріп оны арнайы бағдарламамен жеке оқыту керек немесе пәнді тереңдетіп оқытатын мекемеде оқыту керек.
Бағаның он және он екі баллдық шкаласының артықшылығына қарамастан жақын мерзімде мектеп жүйесінің практикасына кең енуі неғайбыл, сондықтан педагогтар бес баллдық шкаласын көтеру әдістерін іздестіру үстінде.
Бірінші “плюс” және “минус” белгісімен баға қою сынып журналдарын жүргізу ережелері мұғалімнің бағаға қосымша белгілерді қолдануына мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда педагог мынадай мәмлеге келеді. Сынып журналына плюс, минуссыз кәдімгі бағаны қояды да, ал өзінің жеке кітапшасына нақты бағалауын жазады.
Екінші жағдайда бағаның сандық өлшемі сөзбен толықтырылады. Бұл әдіске шек қойылмайды, бірақ сабақ кезінде артық уақыт алатындықтан педагогтар сирек және ықылассыз пайдаланар.
Кейде мұғалім үшінші әдіске – күнделікке баға қоя отырып ата-аналарға ескертпе жазуға жүгінеді. Мұндайда оқушының отбасы алдындағы жауапкершілігіне сүйенеді. Мұның бір ғана себебі болмаса терістігі жоқ. Егер күнделіктердегі ескертпелерді оқи отырып теріс жақтарына көз жеткізуге болады. Бірақ кері жері дәлелді бұзады. 5-6 сыныптарда жауапкершілік себебінің рөлі үнемі төмендейтіні белгілі, бірақ зерттеулер барлық оқушыда бірдей емес тек күнделіктерінде ескертулері бар оқушылардікі ғана төмендейтінін көрсетті.
Төртінші жағдай қатынастық дәлелге сүйенумен түйінделеді. Әркімге жолдастары қалай қарайтыны, қалай ойлайтыны бәрібір емес екені белгілі болады. Педагог мұны пайдалануы керек. Бірақ дәлелді бұзуға әкелетін ынталандыруға теріс қиянат жасамауы керек. Революцияға дейінгі гимназияларда мынандай ереже болады: оқушыны сынып алдында мақтауға болады, ал ұрсуға, қолдамайтынын айтып тастауға болмайды. Бұл ережені қазіргі заманның педагогтары да естерінде ұстаса.
Бесінші әдіс байланыстың ықпалын күшейту болып табылады, бұл үшін оқушылардың жолдастарының табыстары мен сәтсіздіктеріне бірге араласуды үйрету керек.
Алтыншы әдіс – үлгерім экранын қолдану. Сынып бөлмесінде оқушылардың барлық бағасы жазылған экран ілінеді. Бұл әдістің кемшілігі мынау: озаттардың тым марқайып кетуіне ықпал етсе, үлгермеушілерге мәліметті дұрыс қабылдауды үйретпесе немқұрайлылыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жетінші әдіс — өзімен-өзін жарыстыруды ұйымдастыру. Оқушы әр аптаның соңында сөздік “өте жақсы” немесе “нашар” баға алады. Егер өткен аптада үлгерім төмендесе, озат оқушылар бола тұрса да, оқушылар жарыста ұтылады және керісінше әлсіздер жақсы жұмыс істей бастаса ұтады. Өзімен-өзі жарысқанда барлық оқушы бірдей шартқа бағынады – егер үлгермеуші өткен аптаға қарағанда бір қанағаттанарлықсыз бағаны төмен алса да жеңіске жетуі мүмкін. Ал озаттар үнемі алып жүрген бестіктің орнына бір төрт көріп отырғандай бұл үлгерім бойынша жарыс емес, үлгерімді өзгерту турасындағы жарыс[6].
І. Бос жерді толтырып ұғымдар анықтамасын жазыңыз:
Диагностикалау – бұл
Бақылау — бұл
Тексеру – бұл
Есеп – бұл
Бағалау – бұл
Баға — бұл
Белгі – бұл
ІІ. Игерген білімдеріңді пайдалана отырып, бақылау әдісіне жататын тұжырымдарды таңдаңдар:
- Ауызша бақылау
- Жазбаша бақылау
- Активизациялау
- Жүйелеу
- Графиктік бақылау
- Зертханалық, практикалық бақылау
- Дәлелдеу
- Жеке сұрақ жүргізу
- Жазбаша бақылау жұмысы
- Білімді өзектілеу
- Жан-жақты сұрақ жүргізу
- Жазбаша сынақ
- Бақылау жұмысын орындау
- Эмоциялық ықпал ету
- Ауызша сынақ
- Жазбаша емтихан
- Оқытудың тесттері
- Ауызша емтихан
- Семинар сабақтар
- Мәселемен оқыту
- Бағдарламалық бақылау
- Ауызша өзін-өзі бақылау
- Жазбаша өзін-өзі бақылау
- Білімді игеру
- Оқытуды басқару
ІII. Оқушыларды зерттеу үшін білімнің 14 мәліметтік ойлау элементі ұсынылған. Диагностикалауды оқытуды аяқталған соң білімді меңгергені анықталады. Білімді меңгерудің көрсеткіші мен оқытудың өнімділік көрсеткішін анықтаңдар. Оқыту бағасын қойыңдар.
- VI. Оқытылуды диагностикалаудың жалпы принциптерін атаңдар:
- Дер кезінделілік
- әділділік
- жүйелілік
- демократизм
- жариялылық
- адамгершілік
- ұстанымдылық
- ізбасарлық
- тәуелсіздік
- дұрыстық
Табыс пен дамуды тестілеу
Диагностикалық тестілеудің әр түрлі қырлары нақты сұрақтарды қарастырғанда көрінеді. Еске сала кетейік: “тест” ағылшын тілінен шыққан тілімізді сынау “тексеру” дегенді бідіреді. Оқытылу тестісі – тапсырмалар жиынтығын деңгейін анықтауға арналған оқыту мазмұнының белгілі қырларын меңгеру.
Дұрыс құрылған оқытылу тестілері біршама талаптарды қанағатандырады. Олар: көп уақытты алмайтын өте қысқа; бір таңбалы жауаптарды қажет етпейтін мүлдем қысқа, яғни тесті орындауда сандық бағаның қатысын шкаламен өлшеуге болатын ыңғайлы нәтижені математикалық жылдам тәсілмен өңдейтін стандартты кең практикалық қолдануға қолайлы болуы керек. Оқытылу тестілері немесе оларды тағы да мектеп тесттері деп те атайды, бұл жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын диагностикалайтын психологиялық және педагогикалық сынақтардың бір ғана түрі. Егер де тест негізінің классификациясына адам дамуының түрлі аспектілерін (компоненттерін) қойса, онда ол төмендегідей түрде болар еді:
- Жалпы ойлау қабілетін, ойлауды дамыту тесттері.
- Іс-әрекеттің түрлі ауқымдағы арнайы қабілетті дамыту тесттері.
- Оқытудың, үлгерімнің, академиялық жетістіктердің тестісі.
- Тұлғаның жеке сапаларын (есте сақтауын, ойлауын, мінезін т.б.) анықтауға арналған тесттер.
- Тәрбиеліліктің (жалпы адамзаттық қалыптасудың, адамгершіліктің, әлеуметтік және басқа сапалардың) деңгейін анықтауға арналған тесттер.
Сол немесе басқа да тесттерді бөлек топтағы тесттермен үйлесімділігін ұстана отырып қолданғанды тиімді және сенімді қорытындыға қол жеткізеді. Сондықтан тесттік сынақтар әрқашан кешенді қалып танытады. Мысалы, оқушылардың даму деңгейін оқыту тестісін ғана пайдаланып, жалпы қорытынды жасау кешірілместей қателік болар еді. Тұлғаның жетістіктері мен дамуымен байланыстыра оқытылуды диагностикалау міндеті қойылғанда сәйкес келетін тест тапсырмаларының түрлерін өлшем әдістемесі ұсынысымен диагностикалаудың ықшамдысын қолдану керек.
Тесттерді дайындағанда оқытудың жоспарланған мақсатының, білім берудің, оқушылардың дамуының қаншалықты тестке сәйкес келетінін ескеру керек. Оқытылу тесттерінің басты критерийлеріне оның пәрменділігі, (белдеулілігі, көрсеткіштігі), сенімділігі (мүмкіндігі, көрсеткіштігі) дифференциалдығы (айқындылығы) жатады.
Тесттің пәрменділігі оқытылған білім, біліктіліктің барлық элементтерін жан-жақты тексеру, үйлесімділігінің талаптарына жақын болады. “Пәрменділік” деген термин екі синонимді – белдеулікті (ағылшынның valid – маңыздылығы бар, бағалы) және көрсеткіштігі, таныстырушылығы, жариялау рәсімі іспеттес. Тест құрастырушының оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін мұқият меңгеруін, оқытудың мақсаты мен нақты міндеттерін жақсы білуі басты нәрсе. Сонда ғана ол оқушылардың белгілі бір категориясына ғана пәрменді тест құрастыра алады.
Қабылданған білім төңірегінде нақты және ашық сұрақ қою – тестің бөлінбейтін пәрменділік шарты. Егер де тест мазмұны меңгерген мазмұнынан асып немесе осы көлемге жетпесе, онда ол сол деңгейдегі оқушыға ғана пәрменді болады. Арнайы физика – математика лицейлерінде меңгерген математиканы жалпы білім беретін мектептерге арналған тест көмегімен диагностикалауға болмайды.
Тесттің пәрменділігі статистикалық әдіспен анықталады. 0,7-0,9 мөлшері оқытылу тестісінің пәрменділігінің жоғарылығын көрсетеді. Егер де өзара байланыс дәрежесі 0,45 — 0,55-ке жетсе, онда тест пәрменділігі қанағаттанарлық, ал одан да төмен болса, қанағаттанарлық деп саналады.
Тестің көмегімен немесе сонымен алмастыруға болатын, құралдармен қайталап өлшегенде ғана оның тұрақтылық, орнықтылық көрсеткіштерімен сенімділік дәрежесі бағаланады.
Бұл сандық көрсеткіштің жобаланған нәтижеге қол жеткізілген де ғана дұрыстығы есепке алынады.
Сауатты құрылған және мақұлданған тестілер ғана 0,9 дәрежесіне жеткенде ғана сенімділікке ие болады. Тестік тапсырманың ауқымына қарай оның сенімділігі де артады.
Тестік тапсырмалардың тақырыптық, мазмұны жоғары болған сайын сенімділігі төмендейді. Мұны былай түсіну керек: меңгерілген нақты тақырыпты тексеруді мақсат еткен тест ылғи да ауқымды мазмұнды жалпы қабылдағанын тексеру тестілеріне қарағанда аса сенімді болады. Себебі соңғысының мазмұндық ауқымы өте кең болуында. Тесттің сенімділігі қиындығы мен оны орындауына да байланысты. Қиындығы сол тесттің дұрыс және дұрыс емес жауаптарының арақатынасында. Тест құрамына оқушылардың көпшілігінің дұрыс немесе керісінше қате жауап беретіндігі де оның сенімділігін төмендетеді. Оқушылардың 45-80 %-ң дұрыс жауап беретін тапсырмалардың практикалық бағасы барынша жоғары болады.
Зерделеу түрі бірнеше баламалы жауапты артық, ішінен тек дұрыс жауабы ғана таңдалатын тесттермен тығыз байланысты. Егер де барлық оқушылар бір сұрақтың жауабын дұрыс тауып немесе басқа бір сұраққа бірыңғай жауап бере алмаса онда тесті жетілдіре түсу керектігі белгілі болады. Оны түрлендіріп, зерттелеу қажет. Мұндай тапсырмалар оқытылған материалды меңгере алмағандардан оны жеткілікті деңгейде меңгергендерден ажыратуға болмайды. Жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелері мен жалпы тест қорытындылары бойынша тесттің практикалығы статистикалық мәліметтер арқылы зерделенеді. Егерде нақты тапсырмалар мен тест арасындағы жауап байланыстылығы 0,5-тен жоғары болса, онда тесттің тиімділігі дәлелденеді. Қаралған критерийлерден өзге тесттің тиімділік көрсеткіші де қолданылады. Мәселен 10 мин ішінде тест алу кезінде 5,8,10 жауап алу оқушылармен түрлі тапсырмаларды түрлендіруге мүмкіндік береді.
Материалды тестік бақылауға дайындау кезінде мынандай негізгі ережелерді ұстану керек:
- Дұрыс еместігі оқушылармен бірге нақтыланбаған жауаптарды енгізуге болмайды.
- Дұрыс емес жауаптары текстес қателер мен сәйкестендірілгендіктен ақиқатталмаған.
- Дұрыс жауаптары ұсынылған жауаптар арасында байқаусыз болуы керек.
- Сұрақтар оқулықта құрастырылғанда қайталанмауы керек.
- Бір сұрақтың жауабы басқа сұрақтың жауабы болмауы керек.
- Сұрақтары “қағып алатындай” мазмұнда болмауы керек. Оқытылу тесттері әдістемелік процесстің барлық этаптарында қолданылады.
Олардың көмегімен біліктіліктің, білімнің алдын-ала, ағымдағы, тақырыптық, қорытындыға, үлгерімнің есебіне, академиялық жетістіктерге қол жеткізіледі.
Алдын ала бақылау
Кез-келген тақырыпты (бөлім немесе бағытты) табысты оқып меңгеру ұғымды, терминдерді, ережелерді т.б. меңгеру дәрежесіне тәуелді, қайсы бірі алдын-ала оқыту кезеңдерінде үйретілгендей. Педагогта бұл тарала ақпарат барма әлде жоқпа, онда ол оқыту процесіндегі жобалау және басқару мүмкіндігінен айрылады.
Керекті ақпаратты педагог кіріспе бөлімін қолдану арқылы, және педагогтарға белгілі білімді алдын-ала бақылау (есепке алу) арқылы тексереді.
Оқушының бастауышта алған білім деңгейін оқытудың соңында жеткен деңгейімен салыстыра отырып, оның білім дәрежесі, ақыл дағдысының қаншалықты өскенін талдау жасау, және дидактикалық процесстің нәтижесімен педагогтың оқыту барысындағы оқушылардың алған білімінің нәтижесін көруге болады, педагогтың еңбек нәтижесін және оның шеберлігін (іскерлігін) бағалауға болады.
Аралық бақылау.
Бұл дидактикалық процесс өлшемінің жүрісі үшін маңызды, жоспарланған бөлек-бөлек кезеңдер арасындағы біреуінің нақты жеткен нәтижесін тексеру. Аралық бақылау мен білімін бағалау оқушылардың оқу еңбегін, оқу материалын қалай меңгергенін жалпы оқу еңбегін бағалайды.
Аралық бақылау әдетте ауызша сұрау арқылы жүргізіледі, тесттік тапсырмалар аралық бақылау үшін 6-8 сұрақтан көтерілмейді, себебі соңғы 2-3 сабақтағы маңызды элементтерді есте сақтап алу үшін. Тест алу уақыты 10-12 минуттан аспауы керек. Кейбір педагогтар 2 сабақ өткен соң. Үшіншісінде осы сияқты тест алуды ұсынады. Тест жұмысы біткен соң оқушылардың жіберген қателеріне талдау жасалынады.
Тематикалық бақылау.
Тематикалық тест тапсырмасын құру көп еңбек етуді талап етеді. Бұл жерде жеке элементтерді меңгергені жайында емес, ал сол элементтердің қосылу жүйесін түсінуі туралы. Маңызды рөлді бұл жерде кешенді тапсырамалар, тақырыптың бөлек түсініктерін қосатын сұрақтар және олардың өз-ара ақпараттық байланысуына мүмкіндік береді. Тематикалық тесттік бақылау алу үшін педагогикалық тесттер құратын мамандардың дайын тесттерін алған дұрыс.
Қорытынды бақылау
Бұл бақылау жалпы қайталау немесе тоқсан соңында, оқу жылының соңында алынады, және де емтихан сынақтар алған кезде жүргізіледі. Нақ осы кезеңде дидактикалық процесс және аз материалы қатынаста болады. Жоғарғы дәрежедегі оқыту тесттерін құру арқылы жүргізуге болады. Мектеп тәжірибесінде тесттердің түрлі нұсқалары пайдаланылады. Бітірушілерден (алғашқы) емтихандардан тесттік карточкалар арқылы қабылдаған нәтижелі болады. Тест тапсырмаларына қойылатын негізгі талап ол жалпы ұлттық стандартты білім беру деңгейіне сәйкес келуі керек. Қортынды бақылауды компьютер арқылы қабылдау кең таралады. Оқушылардың білімін сабақта тест арқылы тексеруді барлық педагогтар қолданады деседе болады.
Бұл тексеру барысында сыныптың барлығы жұмыс істейді және аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білімін анықтауға болады. Бұл тесттік бақылау оларды әр сабаққа дайындалып келуіне тиісті етеді.
Тест арқылы көп нәрсе алуға болмайды. Себебі, оқушының өз жауабын мысалдар келтіре өз ойларын логикалық және дәлелдеу қабілеті және т.б. тест арқылы болжамдау мүмкін емес. Бұл дегеніміз тестілеу тексеру – формаларының басқа әдістерімен сай келуі керек.
Білімді бақылау және тексеру сабағы
Сабақтардың барлық типтерінде оқушылардан білімін бақылау мен бағалау жүйелі жүргізіліп отырылуы тиіс. Бұл оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін анықтауға және қолданылатын оқыту әдісінің тиімділігін тексеруге қажетті. Оқушылардың білімін ұдайы бақылау мен тексеру, оларды өздігінен оқулықпен жүйелі жұмыс істеуге, үй тапсырмасын толық орындаға, қосымша әдебиеттерді ізденіп оқуға бағыттайды, жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, өз білімін өзі бақылауға дағдыландырады, тіпті кейбір жағдайларда бағалаудың түрлері арасында сабақтастық орнатуға (мәселен, зачет алуға) мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру сабақтың шағын ғана құрылымды бөлігін құрайды, кластың аз ғана тобын қамтып, білім мен іскерліктің жекелеген түрлерін ғана қарастырады.
12 жылдық білім беру консепциясының негіздері
Білім беру системасы кез-келген елде негізгі міндеттерді: әлеуметтік – экономикалық және мәдениеттік ұйымдардың қамын іске асыруға шақырады немесе осы мектеп пен жоғарғы оқу орындары адамды белсенділік әрекетіне әр түрлі сфераларда экономикалық, мәдениеттік саясаттың қоғам өміріне даярлайды. Сондықтан мектептің рөлі өте маңызды болып табылады. Білім қабілеттілігін кез-келген мекемеде және ұйымда жеткілікті тығыз талап етуі, бақылауда сақталған, жиналған тәжірибенің дұрыстығы өте зор маңызы бар. Өткен жүз жылдық пен салыстырғанда, қазіргі қоғам өмірінде және мектеп талаптарын орындауда тез өсе бастады. Білімнің деңгейі көптеген елдерде дағдарыс ретінде бағаланады, бұл дағдарыс әр елде әр түрлі формада пайда болған болса да, оның ішкі тамырлары кез-келген жерде бірдей пайда болды.
Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде бүкіл әлемдік тәжірибеге сүйенбеске мүмкін емес.
Мектепте талапты қазіргі заманға сай етіп қою және сабақтың жағымды немесе жағымсыз жақтарын басқа елдерден үйрену және олардың қатесін қайталамай дұрыс нәтижесін көруі керек.
Европадағы Совет Деклорациясында (1992) әлемдік практикада 12-жылдық білім беруді дүниенің 216 елі мойындайды. Көптеген дамыған елдерде орта білім беру 12-14 жыл арасында жүзеге асады. Деклорациядағы негізгі мақсат, 12-14 жылдық білім беру – жастардың әлеуметтік қорғанысы.
Негізгі мақсат – оқырманды негізгі тенденцияларымен және мектептегі білімнің қазіргі заманға сай болуымен таныстыру.
Әлемнің кез-келген елінде 12 жылдық білім беруді дамыту теория және практикалық система арқылы сипатталады. Әр елде мектепке дейінгі құрылым, орта білім беру ең негізгі мектеп системасының бағыт беру реформасы болып табылады.
Бұл оқу құралын курс жұмыстарында қолдануға немесе пайдалануға “Педагогикадан”, “Салыстырмалы педагогика” және арнайы курстардан немес реферат, курстық жұмыс және де дипломдық жұмыстарды жазғанда қолдануға болады.
Жетекші елдерде біріңғай емес реформаның нәтижесінде білім берудің жалпы системасы өзгерген, тегін білім алудың мерзімінің артуы, аралық қимылын өзара бастауыш және толық орта мектеппен әрекет етеді.
Негізгі стратегиялық бағыттың дамуы мектеп системасындағы білім дүниенің әр түрлі елдерінде тұлғаның білім алу мәселесін шешу жолында тұр және бұл жерде оқушы педагогтың, психологтың бас назарында болуы керек. Бұл жерде оқу әрекеті және тану әрекеті және бұл жерде білім-берудің басты рөлінде оқытушы – оқушы емес, ал дәстүрлі білім беруде – оқушы өзінің бағыттылығымен жаңа тәсілге өзгертілсе: оқушы – оқулық – оқытушы. Көшбасшы елдерде білім беру системасы дәл осы сияқты дамыған. Осы шағылу гуманитарлық бағытта философияда, психологияда және педагогикада бейнеленген.
Информациялық технология ұйымы басқа индустриялық ұйымдарға қарағанда ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында, оларда қатты қызығушылық пайда болды. Олардың азаматтары өзбетімен, белсенді әрекет етуі, шешім қабылдауы, өмірдің талаптарын үйренуі керек. Талап, әр елде әр түрлі деңгейде шешіледі.
Осы талаптар келесі мүмкіндіктерді қамтамассыз етеді.
Әр бір оқушы алған білімін практикада айқын және жете түсіну, қайда, қай тәсілмен немесе қай мақсатпен бұл алған білім қолданылады;
- қызмет істеу барысында өз шеберлігін және іскерлігін көрсетуді талап етеді;
- кең түрде басқа мектептегі құрдастарымен, басқа аймақтағы адамдармен және дүниенің басқа еліндегі құрдастарымен қатынаста болу;
- ақпаратты өз мектебінің ақпарат орталығынан ғана емес, және де ғылыми, мәдени, дүниенің кез-келген ақпарат орталығынан өзінің тәуелділік мақсатымен еркін және қолайлы жұмыс істей алады.
Бұл мәселені шешуде тек мектеп қана емес және барлық қоғам жұмысы.
Біз балаларымыздың өз тағдырын ғана емес және мемлекет тағдырын құру үшін, бұл мәселенің шешімін педагогикалық білім беру тұрғысынан шешудің жолын іздеуіміз керек.
АҚШ-тағы 12-жылдық білім беру
12 – жылдық білім беру системасы дүниенің әрбір елінде әртүрлі тенденциялармен байқалуын қарастырайық.
Кейінгі кезде АҚШ-та көбінесе мектепке дейінгі балалардың 24 жаста оқыту мен тәрбиелеуде ерекше назар аударылады. Бұл мектептер жағдайы орташа балаларға есептелініп салынған.
Көптеген селолық аудандар ақысыз мектепке дейінгі 5 жастағы балаларға білім беруді ұсынады. Құрылым схемасы АҚШ-тағы орта білім беру 6+3+3, оқыту мерзімі 6 жастан 18-жасқа дейін. Қоғамдық ақысыз оқыту мектептерінде 16-жасқа дейін оқуы міндетті емес. Жекеменшік оқыту орындарында оқу ақылы. 6 жастан 12 жасар аралығындағы балалар, бастауыш (элементар) мектептерде оқиды.
Орта мектеп екі бөліктен тұрады: бастауыш және жоғарғы мектеп болып. Бастауыш орта мектеп (7-9 сынып). Оқу уақытының үшінші бөлігі бәріне ортақ бағдарламаға — өз таңдауымен алынған пәндер. Жоғарғы орта мектеп (10-12 сыныптар) міндетті түрде 5-пәнді таңдау және көптеген оқу академиялық профильдермен және практикалық бағыт-бағдармен оқиды.
Тексеру мен бағалаудың ең негізгі тәсілі бұл – тест арқылы. Көбінесе тесттердің сұрағы бар жауабы жоқ түрде қолданады. Бағалау және тексеру барысында олар кредитті пайдаланады – кеткен уақыт пен алған білімінің сәйкестігін тексеру үшін жоғарыдағы орта мектепті аяқтап, атестат алу үшін 16 кредит жинауы қажет, оның жартысы міндетті түрдегі оқу жылын 2-3 периодқа бөледі, ал соңында 5-балдық немесе 100-балдық система бойынша бағаланады. А (93-100) – “өте жақсы”; В(85-92) – “жақсы”; С (75-84) – “қанағттандырарлық”; D (65-74) – “нашар”; Е (0-64) – есепке алынбайды. Үлкен сыныптардың жұмыс күні өте ауыр: сағат 8:30-дан 16:00 – ге дейін, аптасына 5 күн. Күннің ортасында демалуға және түстенуге үзіліс.
Өз ауданыңның қоғамдық мектебінде оқымау үшін, жергілікті штаттың оқыту бюросына емтиханды жақсы тапсыру керек. Бастауыш мектептердің реформалық бағдарламасына негізделіп, негізгі оқу дағдысын меңгеріп, жазу, санау, өзін қоғамда ұстауын, география, табиғат және оны қорғау. 60-90 жж аралығында оқу бағдарламалары жасалып, көрсетілген міндеттер бойынша. “Жылжу бағдарламаларымен” қоштасып, ол үшін оқушы стандартты білім алады. Негізіндегі бағдарламалар күрделеніп кетті. Математика курстары негізгі геометрия мен алгебра негіздерін танып болжамдау болса, бұрын олар орта мектепте оқытылатын еді. Ана тілі дұрыс жазуды, дұрыс айтуды, сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық құрылымдарын тексереді. Барлық оқу тақырыптары бойынша методикалық өңдеу жұмыстары даярланған, ол жерде оқу материалының мақсаты мен мазмұны ғана анықталмаған және де тексеру тесттері берілген. Қысқа уақыт аралығында орта білім беру реформасы бойынша математика, физика, химия, биология пәндері бойынша жаңа бағдарламалар даярланды. Бұл бағдарламада бұрын мектеп курсында болмаған экология, генетика, биохимия және басқа ғылымдардың сұрақтары да енгізілген. Бұл енгізілген бағдарлама бойынша оқушылардың білім мен даму қасиеттері жақсару қажет. Жоғарғы және орта мектеп реформасы: “бес базис” қағидасына негізделген.
Міндетті түрде оқытылатын пәндер 5 конценртатқа дейін қысқартылған: ағылшын тілі және әдебиеті (4 жыл: 1 жыл бастауышта, 3 жыл жоғарғы орта мектепте), математика (4 жыл: 1 жыл – бастауышта, 3 жыл – жоғарғы орта мектепте), табиғаттану (3 жыл жоғарғы орта мектепте), әлеуметтік ғылымдар (3 жыл жоғарғы орта мектепте), компьютерлік оқыту (0,5 жыл жоғарғы орта мектепте). Бұл бағыттар бірнеше бөліктен тұрады. Мысалы, “Математика” базисы – алгебра, геометрия, тригонометрия, іс қағаздар жүргізу, информатика. Бұл жағдайда оқып білім алушылардың жартысы ғана толық бағдарламаны оқиды. 80-жылдарда “бес базиспен” 90% жоғарғы орта мектептер жұмыс істеді. Бұл “базисты” енгізу міндетті түрдегі білім беруді қысқартқаны емес. АҚШ-та медия білім беру мектепте дәстүрлі түрде мына пәндер: ағылшын және шет тілі, математика, тарих, табиғаттану, экономика және өнер.
Американың бірлескен Штаттарында ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен ұлттық әрекет ассоциациясы бар. Әр бір мектепте оның филиалы бар. Ата-аналар бұл реформаның белсенді қатысушылары. Ата – аналар комитетінің көзқарасы оқу процессіндегі маңызы зор. Мектеп пен ата-аналардың бірлесу дәстүрі берік және бұрын шыққан.Оқыту мекемелерінде жүйелі түрде ата-аналар комитетінің жиналысы, ата-аналар жиналысы, жеке сөйлесетін ата-аналар мен мұғалімдер кездесулері, оқушылардың арнайы ата-аналарына арналған полкілері болады, онда оқушыларда көбінесе кездесетін мәселелері (тауқіметтер) жазылады.
Мектеп ата-аналар мен одан да жақсы әрекеттесуге тырысады. Мысалы, кейбір оқыту мекемелерінде “телефондық байланыстарды орнатады, ата аналардың сабаққа қатысуын құрметтейді. АҚШ-тың әрбір мектебінде мамандандырылған психолгтар жұмыс істейді. Оқу жылының басында оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардан тест алынады, ол тестті олардың әр қайсысын оқытуды неден бастау керектігін анықтау үшін, алынған білімдері бойынша тестіленеді; Оқу материалының фрагменттерін алу және қайталау, қайталанған материалдар блоктары бойынша аралық тесттер жүргізу, оқу мақсатын дұрыс түсінбегенде, яғни сәтсіз болған жағдайда оқытуды қайталау керек. Оқыту методикасына тағы да ізденушілік, оқыту ойындары, дисскусиялық үлгілер. Американың биологы және педагогы Дж. Швабаның (60-жылдардың ортасы) “Зерттеуге шақыру” атты қызықты зерттеу методикасы бар. Ол зерттеу бастауыш және орта мектеп оқушыларының жаңа бағдарламаны меңгеруіне көмектеседі.
Жалпы алгоритмнің моделі мынадай:
- Оқушыларды оқу пәнінің зерттеуімен таныстыру;
- Оқушылар көбінесе кездесетін мәселені орнату және қиындықты анықтау;
- Оқытушылар мен оқушылар бірігіп мәселенің шешімін іздеу;
Көрсетілген басқа да дәстүрлі емес оқыту моделімен басқа елдердің оқу мекемелерінде тәрбие жұмыстары практика жүзінде жүзеге асырылған.
“Келешек мектеп” проектісі берік академиялық білімге, адамгершілік тәрбиеге, ата-аналарды мектеп тәрбиесі мен оқуына қосу. Осылардың бірі “бір жылдық бағдарлама” атымен аталған.
Авторлардың өздері мұны былай сипаттайды. “Біз қалың бір кітапты алып, оны 12 бөлікке бөлеміз, ол бөліктердің әр біреуі оқушы алдында қандай да бір мақсатқа жету болып табылады”. 12-жыл ішінде әр бір оқушы өз бетімен жыл сайын сол бір бөлікті оқып, меңгеруі керек.
Басқа автор проект бойынша – “оқытудың алға жылжуын басқару” әр оқушыға әр түрлі деңгейдегі бағдарламаларды ұсынады. Мектепке келген баланың қабілеті мен қызығушылығына қарай бағдарламаны оқытады. Ол бала 5 сынып бағдарламасы бойынша ағылшын тілімен, 6 сыныптың математикасымен, 7 сыныптың табиғат ғылымдарымен т.с.с.
“Келешек мектеп” проектінің кейбір жерлері мақсатқа сәйкес келмеді. Мысалы, бұл жерде көп уақытта оқушылардың өзіндік жұмыстарына берілген 70-жылдардың басында АҚШ-та “ашық мектептер” пайда болды.
Ч.Зильберман басшылығандағы педагогтар (Конектикут штат университеті): “ашық мектеп” моделін жасады, ол жерде екі негізгі талап қарастырылған: тілеулес және адал мұғалімдерді таңдау, уақытқа сай оқыту жұмысын жоспарлау және оқушы күшін ескере отырып оқытуды ретсіздікке әкелмеу үшін.
“Балама оқыту” АҚШ педагогтары пионер болды.
Бірінші 28 “Балама мектептер” АҚШ-та 1968 жылы пайда болған. 70 жылдардың ортасында олар екі мыңнан аса түсті. Олар 60 мектеп округтерінде 200 проект пен жұмыс жасады. Балама оқытудың ассоциациялық тірегі белгілі педагогтар мен бизнесмендер қатысуымен жасалған. “Балама мектептерге” құрылған ассоциациялар қаржы жағынан көмектесті. “Балама мектепте” өз еркімен әрекет ету қағидасы болған. Оқытушылар, оқушылар олардың ата-аналарының әдеттегі оқыту мен дәстүрлі емес оқыту арасында таңдау құқығы бар. “Балама мектеп” таңдауды дұрыс жасағаннан кейін, олар тәжірибеден өтуі керек. “Балама мектеп” девизі мына сөз болған “ИӘ” жаңа, талас, педагогикалық идеяға.
«Балама мектептер» жай мектептер білімімен шектелгісі келмейтіндерге арналған. Оларға дәстүрлі емес мұражайдағы сабақтар, ғылыми зертханаларда, кітапханаларда, ағарту орталықтарында жүргізіледі. Мұғалімдер саны жай мектептерге қарағанда «балама мектепте» өсті. Оқушылар мен педагогтар ғана емес, ата-аналарда жұмыс жасайтын еді (аралас сабақ беру). «Балама мектептер» оқу қағидаларын ойын және творчество ретінде, және қуанышты жаңалық ашу ретінде пайдаланылады. Көбінесе кездесетін оқу формасының ішінде әңгімелесу, пікірталас, көңіл көтеру ойындары, творчествалық мінездің жазу жаттығулары, жұптарда және топтарда оқытылады.
«Балама мектептерде» бастауыш білімді, жай бағдарлама басқа, орта мектеп бағдарламасын жиі дербес пәнді ұсынған (тарих, география, шет тілі, нақты ғылымдар т.б.). «Балама оқыту» проектінің арасында «ерікті мектеп» деп аталатын мектеп тәрбиесін беретін бөлім бөлінеді. Бұл арман «жаңаша тәрбиелеу» яғни адам дамуын бала кезінен бастап өз табиғатына сәйкестендіріп тәрбиелеу. «Ерікті мектептерде» өзін-өзі оқыту, өз алдына әлемді тану мектеп қабырғасы ішінде, ал сыртында болса, ойын жағдай және оқу. «Балама оқыту мектептерінде» оқушыларды бір жыл толық оқытатын. Оқушылар топтарға бөлінген, олар 45 күн оқығаннан кейін, 2 апталық демалысқа кетеді. Бұл демалыстар әр топта әр уақытта келетін еді. Осылайша олар 12 ай оқитын еді. Бұл мектеп оқушылары жай мектеп оқушылары сияқты оқитын еді.
«Балама оқытудың» АҚШ-тағы тағы бір тәсілі – үйде оқыту. Әдетте бұл бастауыш білім беру еді, ата-аналардың өз балалары үшін тәжірибелі оқытушыларды шақыратын еді.
Қытайдағы 12-жылдық білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі білім беру 3 жастан 6-жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз етеді. Бастауыш мектеп 6 жыл, ол 2 сатыдан тұрады: 4 және 2 жыл білім беру. Екінші сатысы болса осы жастағы балаларға маманды дайындық болып табылады. Қытайдың базалық білім беру жүйесіне мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, толық емес және толық орта білім. Қытай Халық Республикасының Атазаңында бекітілгендей жалпы білім алудың мерзімі 9 жыл (біріншіден 9 сыныпқа дейін). Жаңа реформадағы оқу бағдарламасы бұл тоғыз жылдық білім алуды тұтас жүйе ретінде қарастырады, ол үш бөлікке бөлінеді: тұңғыш бастауыш екі жыл (1-2 сынып); негізгі бастауыш төрт жыл (3-6 сынып); орта бастауыш үш жыл (7-9 сынып). Алғашқы екі бөлікте жүйелі кешеннің негізгі оқу пәндері жатады; Ал бастауыш сыныптарға «Ана тілі», «математика», «дене шынықтыру», «көркем өнер» (немесе ән, сурет) т.б. Кейбір қала мектептерінде бірінші сыныптарға ағылшын тілін шет тілі сияқты енгізуді ұсынады. Білімнің бұл өзіндік екі бөлігінен жаңа бір пән қалыптасқан «өмір және адамгершілік», оның мазмұны бастауыш сынып балалрына жақын және түсінікті болған. Ал үшінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейін бұл пән «Адамгершілік және қоғам» ретінде беріледі. Осы сыныптарға тағы мына сияқты пәндер қосылады: «Ғылым», «Кешенді тәжиребелі әрекет». Бұрынғы «табиғат» пәнімен салыстырғанда, табиғат» пәнімен салыстырғанда, табиғат құбылыстарының пайда болуын ғана қарастыратын, жаңа «ғылым» деген пән ғылыми дайындықтың негізін балаларға түсіндіреді және негізгі ғылыми әдістердің жас мөлшерімен тура келуін түсіндіреді.
1959-1960 оқу жылдарында Қытайдың барлық мектептерінде Министрдің орнатуы бойынша Қытай тілінің (алфавитін) фонетикалық транскрипциялау жүргізіледі. Мектептегі практикалық жұмыстарда бұл Қытай тілінің (алфавитінің) фонетикалық транскрипциясын сауатты жазуды және оқуды үйретеді. 1990 жылдардың басында Қытайдағы негізгі білім беру үлкен жетістіктерге жетті. Олар екі мақсатқа жетті. Жалпы тоғыз жылдық білім беруді кеңейту жастар және үлкендер арасындағы сауатсыздықты жою. Оқу бағдарламасының реформасын іске асырудың үш кезеңі бар: дайындық кезеңі, айрықша және тарату кезеңі.
Бірінші кезеңде (маусым 1999 – маусым 2001) мына мәселе қарастырылған «Оқу бағдарлама реформасының негізгі проектінің ережесі»; Негізгі мектептер үшін 18 пән бойынша оқу материалдарын айрықша стандартты іріктеу құрылған және бекітілген; 20 пән бойынша айрықша оқулықтар құрылған (7-бастауыш сынып үшін, 13-орта мектеп үшін);
Оқу бағдарламасының бағасын саясатқа сәйкес дамыта отырып басқару, 1999 жылдың маусымында «Білім берудің негізгі даму реформасын» орнатқан, ҚХР-ның Госсоветі 2001 жылдың мамыр айында бекіткен, ол жерде: негізгі білім беру реформасын бастау үшін ұлттардың мінез қасиетін жоғарылату (өсу), мемлекет алдындағы сезім жауапкершілігінің (есте) кешенді қуатын есте бекіту маңызды борыш, стратегиялық ой формасы анық белгіленіп: әр түрлі мамандарды тәрбиелеу жөнінде базалық білім беру жалпы мінезде басты және маңызды роль атқарады. Қытай Халық Республикасының білім беру облысында нәтижелі дамыту үшін мына мәселелер қарастырылады:
- Оқу бағдарламасының реформасын үдемелі жылжыту;
- Ізгі тәрбиені күшейту және жетілдіру;
- Емтихан және баға қою системасын қайта құру;
- Педагогикалық кадрларды даярлау және жетілдіру.
«Білім беру базасының реформасының оқу бағдарламасының негізгі ережесінде» жобаланғандай, 2001 жылдың маусымында оқу Министрының ұсынған бойынша бұл реформаның мақсаты ХХІ ғасырдың талаптарына жауап беретіндей, жаңа мынандай жүйе болуы керек:
- «Оқушылар мінезінің тәрбиелік сапасын» негізгі рухани білім берудің маңызды іске асыру;
- Оқушының әр жақты дамуын қадағалау;
Бұл реформаның нақты мазмұны мынаған алып барады. Оқушыларға ұжымдық тәрбие, отанын сүйуді үйрету; қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу; халыққа қызмет көрсету; ғылыми, гуманитарлық және экологиялық жаратылыс, өмірге деген көзқарас. Оқу жоспарының болжамы жаңа құрылым бойынша, пәндердің кешенді жүйесі бастауыш сыныптарда маңызды рөл атқарады. Толық емес орта мектептерде бұл жүйе пәндер мен үйлеседі; Бұл үшін жаңа оқу бағдарламасындағы кейбір бөліктер кеңейтілген, оқушылардың тәжірибесімен өмір ағымына сай етіп, ұзақ уақыт ішінде Қытай мектептерінде оқу бағдарламасын бағалауда сараптау және таңдау функцияларын атап көрсеткен. Баға қызмет түріне айналады, оқытушылар мен мұғалімдер оқушылардың білімін бағалауда қолданады. Дамып жатқан бағалар көптеген мүмкін заттар бағасын ұсынады. Қорытынды бағасын қою алдында, баға қоюшы мекемеге әр түрлі мүмкіндіктер ұсынуы керек, сол мекеме өз кемшіліктерін түзетіп үлгеруі керек. Басқа сөзбен айтқанда, қорытынды баға түрімен дамып жатқан баға арасында қайшылық жоқ. Қорытынды баға тек қана дамып жатқан бағаға көп көңіл бөлгенде ғана қорытылады, ХХІ ғасырдың жалпы білім беру мектептері үшін оқу бағдарламасының құрылымының бүтін жүйесін құру қиын. Бұл оқу бағдарламасының құрылымының құрамдас бөліктеріне де тиеді, олардың пайда болуы, саясаты және бағасы және де таралуы, тәрбие жұмыстарымен мектептен тыс балалар мекемелері, балалар мәдениет үйлері, спорт алаңдары т.б. жүргізіледі. Мамандандырылған – техникалық білім беруді 6-жастағы бастауыш сынып негізінде жүзеге асырады. Көптеген толық емес орта білім алып бітірушілер, мамандандырылған техникалық мекемелерде оқуын жалғастырады. Қытай — әлемдегі ең үлкен мемлекет. Экономикасы толық дамыған ауылдарда 80% — тен көп халқы тұрады. Осы үшін білім және мәдениет жағынан даму аймақтарында теңсіздіктер бар болады. Осы жағдайларды есепке ала отырып, реформадағы белгіленген арнайы шаралар ауылдың толық емес орта мектептер үшін оқу бағдарламасын жаңарту үшін: олар барлық сыныптар үшін «жасыл диплом» агротехника жоспарын енгізген. Бұл жоспардың негізгі мазмұны мынада: тоғыз жылдық білім беру бағдарламасын оқыту, ол жердегі оқу бағдарламасының жартысы қадағаланады. Бұл бағдарламаны толықтыру білім және дағдыны ауылшаруашылық ғылым және техника талаптарына сай және қазіргі заманға сай, әрекет емес сабақтар, оқыту сағаттарының көбеймеуі керек. «Жасыл диплом» жоспарының нақты мазмұны аумақтың нақты әлеуметтік-экономикалық деңгейіне сай болуды талап ету керек. Оқу жоспарында «жасыл диплом» ауыл мектеп оқушыларына терең білім алу мүмкіндігін яғни ол алған білімін ары қарай жалғастыруы да немесе сол алған білімі ауылшаруашылық және агротехникада жұмыс істеуі үшін жеткілікті болады. Қытайдағы ХХІ ғасыр білім беру реформасын жаңа кезеңдерді енгізді, халықаралық экономикалық жағдайда сәйкес, қоғамды ақпараттандыру, ұлттық білім беру және оның үздіксіздігі. Оныншы бес жылдықта, яғни 2001 жылы, Қытай Халық Республикасы негізгі білім беру реформасы мен жоғарғы мектептерді жаңарту (жаңғырту)-ға ерекше назар аудармақ.
Негізгі білім беру екінші кезеңнің басталуы жалпы Қытай конференциясы болып, 2001 жылдың маусымында, «Негізгі білім беру реформасын орнату, сонымен қатар» Оқу бағдарламасының негізгі білім беру ережесінің негізгі реформасы» туралы жариялайды. 2004 жылдың күзінде, үшінші кезең басталады, осы бағыттағы тәжірибені есепке алып, алған тәжірибеден, барлық пәндер бойынша жаңа оқу бағдарламалары мемлекеттің жалпы білім беретін мектептері жайында жарияланды. Бұл оқу бағдарламасының реформасымен жұмыс істеу 5 жылды қажет етеді. Шамамен 2005 жылда барлық бірінші, үшінші және жетінші сыныптар жаңа стандартпен және жаңа оқу материалдарымен жұмыс жасайды. Осы аралықта Қытайдағы негізгі білім беру жүйесінде көптеген мәселелер мен қиындықтар туындайды. Біріншіден, оның жалпы деңгейі жоғары емес; негізгі, тоғыз жылдық жалпы білім беру жүргізілетін, бәрі бір әлсіз; әлемдік білім деңгейі мөлшерден төмен болып, аумақтың алған білімінің орташа көлемі 8-жылдан көтерілмейді, орташа әлемдік деңгейден 3 жылға кем. Екіншіден, мемлекеттің әр аумағындағы білім деңгейі тең емес болады. Қытайдың барлық халқының 35%-ті, үлкен және орташа қалаларда тұратын, экономикасы дамыған аймақтарда, жалпы жағдайда өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын үш жылдық мектепке дейінгі және толық орта білім алу мүмкіндіктері бар.
Үшіншіден, міндетті түрдегі жалпы білім алу мәселесі, қаржы салу жеткілікті емес, кейбір ауылдарда мұғалімдер айлықтарын кешіктіреді. Қытайдың білім жағынан Азия елдерінен қалуының басты себебі, ондағы жоспарлау механизмінің, білім берудің дамуы және экономикалық өсуінің таратылуында.
Негізгі білім берудің дамуы – бұл құрылым жүйесі. Оқу бағдарламасы және оның реформасы – жүйенің ішіндегі біреуі.