Білім беру диагностикасы

Диагностиканы педагогикалық қызметтің оңтайлы шешімі десек, диагностикалауды іс-әрекеттің барысы (негізгі бөлшегі) деп айқындаймыз.

Диагностика немесе баға өлшемі, тағы да еске сала кетейік — әдістемелік құбылыс ағымындағы барлық жағдайдың ашылуы, нәтижесінің нақты анықталуы. Бағалау өлшемінсіз әдістемелік іс-әрекетті тиімді басшылыққа алу, әрі бар жағдайды жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Оқыту өлшемін нәтижемен, қол жеткен табыспен, оқытумен ажыратылады. Оқытылу көздеген мақсатқа қол жеткізуі сәтіндегі өлшемнің дәрежесі есебінде қарастырылады. Әдістемелік бағалаудың мақсаты оқыту процессінің ағымы, оның тиімді жағдайына байланысты сараптау, бағалау, дер кезінде анықтау — әдістемелік бағалаудың мақсаты болып табылады.

Көріп отырғанымыздай диагностика ауқымына оқушының біліктілігін, білімін дәстүрлі тексеруден гөрі кеңірек, әрі тереңірек мағына сияды. Тексеру тек қана нәтижені ғана шамалайды да, оның шығу тегін анықтамайды. Ал бағалау өлшемі (диагностирование) оқытудың нәтижесінің жолдарымен байланысты табыстың әдістері.

Диагностикалау оқытуда қол жеткен табыстардың жолдарымен байланыстыра отырып, оқыту өнімділігінің динамикасын, тенденцияларын қарастырады.

Диагностикалау бақылауды, тексеруді, бағалауды, статистикалық мәліметтердің жиынын олардың сараптамасын, динамикасын анықтап, іс-әрекеттің ары қарай дамуы болжамын да қоса-қарастырады. Оқушының біліктілігіне бақылау жасау, білімін бақылау диагностикалау негізгі қажетті бөлім ретінде кіреді.

Бұл педагогикалық технологияның екі көне құрамдас бөлігі.

Өркениет тұсында да бақылау жасау мен бағалау мектептің дауысыз серігіне айналса, оның дамуына қоса ықпал етеді. Дегенмен, күні бүгінге дейін бағалау маңызы мен технология төңірегінде қызу талас тоқтаған емес.

Педагогтар бұдан жүз жыл бұрын да талас тудырған.

Баға сапаны анықтаушы ма, әлде оқушы үлгерімінің тұжырымды анықтамасы ма немесе, керісінше, артық жерін көрсетуші, әлде оқыту әдістемесі жүйесінің кемшілігін анықтауыш ретінде қызмет етеді ме деген сауал төңірегінде болады.

Педагогтар бағалауда өз құқықтарын ақылмен, әрі салмақты пайдаланады. Мектеп бағасының қайшылығын Я.А. Коменский де ескерткен. Оқытып отырған тұлғасының білімін бағалауда әділ бақылау талаптары арқылы педагогтардың адамгершілігі оның бүкіл әдістемелік жүйесін көрсетеді. К.Д.Ушинский өз заманында бақылау түрлерін қатты сынға алған. Оның кемшіліктерін атап көрсете отырып, қолданылып жүрген тәсілдер оқушылардың ақыл-ой әрекетін басып тастайтынын ескерткен.

Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан сұрап жатқанда қалғандары бұл істен шет қалады да өзін бос сезінеді. Олар күту арқылы толқып уақытын бос жіберіп, күштерін өшіреді. Мұндай жағдайда оқушы қызығушылығын да, бастамашылдығында көрсете алмайды.

Жаңа демократиялық мектепте жасанды бақылау болмауы тиіс. Әдістемелік бақылау өзіндік оқыту әдісі арқылы оқушының өзіне дамытушылық бағыт, өзін-өзі бақылау, қажетті әрі пайдалы болатындығын ашық көрсетуі керек. Мектеп бақылауын өзгерту жөніндегі ескі әрекеттер жаңа енгізулер мен барлық ұсыныстар төңірегінде болғандықтан ештеңе бермейді. Өйткені сұрақ біреу ғана болды – бағаны мектепте қолдану керек пе, жоқ па? Халық Комиссариатының 1918 жылғы мамыр айындағы “Бағаны өзгерту жөніндегі қаулысына байланысты бағалармен қоса емтихандар алынып, тасталынып, оқушылардың білімін бағалаудың ең қарапайым әдістері мен бақылаулар енгізілді. Осы мақсат пен оқушылардың жеке мүмкіндіктерін көрсететін ерекше есеп дәптерлер, “қызыл”, “қара” тақталарда озаттар мен үлгерімі төмен оқушылардың аты-жөндері жазылды, “социалистік жарыстар”, т.б. енгізілді. Бірақ бағасыз “бақылаусыз ешқандай тұрақты нәтиже берілмеді. Білім қабылдаудың жарқын болашағы” сонымен бірге “білімге табиғи құлшыныстың” оқыту әрекетінде ынталандыра алмайтындығы белгілі болды.

Мектеп өмірін демократизациялау бақылаудан бас тартпайды, керісінше оқуға бағалаудың көмегі арқылы ынтаны оятуды көздейді.

Оқушылардың жаңа оқу әрекетін ынталандыру жеке бастың пайдасы емес, тәрбиелеу мен оқытуда жаңа күштерді іздестіру көзделеді.

Баға диагностикалау жүйесінде ынталандыру құралы ретінде жаңа сапаға ие болуда. Диагностикалау нәтижелері жеке тұлғаны айқындауда бәсекелестік қоғамда негізгі қозғаушы күш болып табылады.

Оқыту еркіндігінде баға өткен кезеңдерде оқушыларды зорлықпен оқытуды қаламайтын құралынан өркениетті қоғам адамның маңызды көрсеткіші болып жеке рейтингті тиімді қолдану аламастырады.

Кейбір батыс елдерінде мұғаліммен оқушы арасында шарт жасасқанда мынандай сұрақ туындайды: “Бақылаусыз, әлде бақылаумен оқығыңыз келе ме?”, “Баға алғыңыз келе ме, әлде бағасыз бағыт меңгересіз бе?”

Егер оқушы бақылаусыз, бағасыз оқығысы келсе, онда қатаң бақылау жағдайында оқыған мен әділ бағалаудан гөрі оқуға төлем құны 3-4 есе төмен болады. Неге? Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

Оқытуды диагностикалау деген не? Жоғарыда айтылған балалардың ішінен дұрысын, басқаларға қарағанда орнықтысын таңдап алыңыз.

  1. Оқытуды диагностикалау – бұл оқушының білім мен биіктігін бағалау және бақылау.
  2. Оқытуды диагностикалау бақылауды, бағалауды, тексеруді, статистикалық мәліметтерді қамти отырып, олардың сараптамасын, динамикасын нәтижелердің болжамын анықтайды.
  3. Оқытуды диагностикалау – бұл (белгіленген критерилер бойынша) білімді, біліктілікті бағалау.
  4. Оқытуды диагностикалау – бағаны емтихандарды өзгертуді, бақылаудың басқа формаларын талап етеді.
  5. Оқытуды диагностикалау — әрбір оқушының жеке рейтингісін қалыптастыруды жүзеге асырады.

“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады.

Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады.

Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен педагогтың кез-келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап, оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік процесс диагностикалық бақылау жүргізу – жүйелілік процестің түрлері болып табылады. Оқу мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау оқитын шәкіртінің бірінші күніне дейінгі барлық әрекеті жүйелілік кіреді. Мектеп бақылауы оқушылардың нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере жүргізілуі тиіс. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы кешенді жүргізуде жүйелілік принциптері талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау құралдарының жан-жақтылығы мұндай шешімді қаламайды.

Сабақтың құрылуындағы талаптар:

  • Сабақтың орны мен уақыты жоспарға сай келуі керек.
  • Сабақтың құрылымы мен кезеңдері орынды, ара қатынастық байланысы уақытқа сай келеді.
  • Ғылымилық және мұраттық.
  • Эстетикалық тәрбиелеу, сабақтың әсерлілеу жақтары.
  • Жаңа материалды тарату.
  • Білім беруді дамытатын қағидаларды сақтау.
  • Өмір мен байланысы
  • Көрнекіліктер
  • Оқулықпен жұмыс
  • Жаңа атау, түсініктердің пайда болуы, тану қуанышы
  • Жаттығуларды таңдау
  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс атқаруы
  • Белсенділігін және инициативасы
  • Оқушылардың істің әртүрлі формаларымен қамтылау
  • Ауызша және жазбаша қамту
  • Жеке-жеке тіл табысы
  • Білімін тексеруді ұйымдастыру
  • Білімнің тереңдігі және қарапайымдылығы
  • Бағаның сай келуі
  • Үй тапсырмасының берілуі
  • Сабақтың барысының жылдамдығы
  • Мұғалімнің педагогикалық өзін ұстауы
  • Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
  • Дұрыс айту формалары
  • Грамматика мен лексиканың оқытылуы
  • Фразиологиялық жұмыс
  • Оқу техникасы
  • Сөйлеу мәдениеті және жазу
  • Әдеби кітаптар оқу
  • Жазбаша жұмыстар жүйесі

Сабақ жақсы дайындалған, ұйымдастырылған, жабдықталған болуы керек. Шығармашылық – мұғалім іс-әрекетіндегі маңызды ерекшелік. Бастауыш мектептерде сабақ жүргізілген кезде шығармашылық, өнертабыстық, ынталылықты көрсеткен маңызды. Кіші сынып оқушылары үшін маңыздысы, оқу материалын олардың өздері оқыған, оларға қызықты болады. Оқу – күрделі және қиын іс-әрекет, әсіресе кіші сыныптар үшін. Сабағындағы материалды шығармашылық және өзіндік оқып үйренсе, мұғалімге және балаларға жағымды сезім тудырады және қуаныш, қанағат әкеледі. Ең негізгісі оқушылардың сабақ мазмұнын түсініп меңгеруі.

Сабақ оқушылардан тыңдау және тәртіпті талап өтеді. Я.А. Каменский айтқандай – “мектеп тәртіпсіз, диірмен сусыз сияқты”. Оқу материалын үйренуде тәртіп маңызы рөл атқарды.

Мұғалім сабақ жоспарын жүйелі түзуі: сабақты неден бастау, көрнекіліктерді қалай пайдалану керектігін жоспарлау керек. Кейде тәжірибелі ұстаз да жоспарсыз келуі мүмкін емес. Сабақта әзіл-сықақ болуы да мүмкін, бірақ сабақ — әзіл-сықақ болып қалмауы керек. Ұрысып қорқыту сабақта тәртіп орнатпайды.

Бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық талаптың неше түрлі әдіс-тәсілдерін біледі. Бірақ Макаренканың “Баладан қанша талап етілсе, сонша сыйластық болады” дегенін ұмытпау керек.

Кіші сынып оқушылары мұғалімнің қамқоршыл, зейінді болғанын қалайды.

Сабақ типологиясы және құрылымы

Сабақ – оқытудың жүйелі ұйымдастырылуы. Мұнда мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде білім, білік, дағдыларының қалыптасуы жүзеге асады.

Мұғалім беделін көтеретін факторлардың ішінде ең негізгілерінің бірі – сабақ типологиясы. Бүгінгі күннің ғылым-зерттеушілері сабақты әр түрлі негізде топтастырған.

С.В. Иванов, М.Данилов, Б.Есипов, Казанцев сабақтың дидактикалық мақсатына қарай төмендегідей бөлген:

  • кіріспе сабақтар;
  • Оқу материалымен алғаш рет танысу сабағы;
  • Алған білімін іс-жүзінде қолдану сабағы;
  • Қайталау, қатынас жөніндегі сабақтар;
  • Бақылау сабақтар;
  • Аралас немесе қосылған сабақтар.

Бұдан басқа, Казанцев И.Н. сабақтарды оқыту әдісі және ұйымдастыруына қарай бөледі:

— лекция – сабақтары;

— әңгіме сабағы;

-серуендеу сабағы;

— кино сабақ;

— өзіндік жұмыс сабағы;

— зерттеу және жаттығу сабағы;

— әр түрлі тапсырмалар түріндегі сабағы;

— жаңа материалды түсіндіру сабағы;

-өткенді жалпылау және қорытындылау (жүйелеу) сабағбілім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы;

— білімін тексеру, талдау сабақтары.

Құрылымы қарапайым, жәй сабақтар орта және үлкен сыныптарда жиі өтіледі. Бастауыш сыныптарында сабақ аралас түрде беріледі. Тексеру сабақтары да кейде ауызша немесе қызықты әңгіме оқумен жүргізілуі мүмкін.

Көп таралған сабақ түрі – аралас сабақ.

Аралас сабақ – бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетумен ерекшеленеді. Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер:

  1. сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін шешу;
  2. үй тапсырмасын сұрау — өткен сабақ бойынша білімін ауызша – жазбаша түрде тексеру;
  3. мұғалім мен оқушының жаңа білім-білік, дағдыларын меңгеруді қарым-қатынасы;
  4. өткенді бекіту;
  5. диагностика жасау;
  6. үй тапсырмасының орындалуын нұсқау беру.

Аралас сабақта жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру, талдау, сүйену арқылы оқушыларға жеткізуге көмектеседі.

Бекіту сабағы

Негізгі мақсаты – интеллектуалдық және танымдық біліктер мен дағдыларды жетілдіру. Бұл сабақтың құрылымы кейбір қайталаулар мен жаттығуларды пайдалануға байланысты сабақтың педагогикалық жолмен шешілуінің мақсаты жаңа материалды баяндау емес, оқушылардың теориялық өздік жұмысы да емес, жұмыс түрін өзгертуге жаттығу.

Оқушылар бұл сабақта өз білімін өткен сабақтар негізінде тереңдетеді, жазбаша, ауызша түрде білгендерін жеткізеді, ауызша қорытынды – баяндамалар жасайды.

Кезеңдері

  1. Кіріспе және ұйымдастыру
  2. Түрлі деңгейдегі жаттығулар қысқа уақытқа арналған жазбаша жұмыс түрлері (даталық нәрселерді бейнелеу, флора және вауна ерекшелігін атау).
  3. Диагностикалау (өз бетімен атқарған жұмыстарына шолу).
  4. Қорытындылау (кешенді жаңа білімге оқыту).

 Байқау, тексеру сабағы

Бұл сабақ мұғалімге оқушылардың білім-білік деңгейінің қалыптасу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жұмыстың нәтижелі болу жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Тексеру ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Тексеру сабағының кезеңдері:

  1. кіріспе – түсіндіру бөлімі
  2. негізгі бөлім — өз бетінше жұмыс
  3. қорытынды бөлім – оқушылардың келесі жаңа тақырыпты меңгеру болжамы

Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, лабораториялық жұмыс); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан.

Тексерудің барлық түрі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі.

 Дидактик М.И. Махмутовтың тақырыптық жоспарлауы №1 кестеде көрсетілген.

№1 кесте. Тақырыптық жоспарлау кестесі: 

Р/С  Сабақтар
І.

1)

2)

3)

4)

5)

Сабақ тақырыбы

мақсаты

типі

жалпы әдіс-тәсілдері

жабдықталуы

тексеру сабақтарының түрлері

ІІ.

1)

2)

3)

Өзектілігі

тірек білімі (ұғымдар, фактілер) және әрекет

4)         жолдары

өз бетімен жұмыс типтері

ІІІ.

1)

2)

3)

Жаңа ұғымдарды қалыптастыру

жаңа ұғымдар және меңгеру жолдары

негізгі және қосалқы мәселелер, өз бетімен

жұмыс типтері

ІV.

1)

2)

Қолдану (білік-дағдыларды қалыптастыру)

Өз бетімен жұмыс типтері

Пән аралық байланыс

V.

1)

2)

Үй тапсырмасы

қайталау (оқу материалының көлемі)

өз бетімен жұмыс түрлері

Мұғалімнің сабаққа дайындығы неден басталады? Ол сабаққа материалын талқылаудан ғана тұрмайды, мүмкіндігінше сұрақтардың тууы, жауаптар, оқушылардың материалды қабылдап, ой елегінен өткізуі де жатады.

Өтілетін сабақ талқыланып болғаннан кейін, сабақ жоспары жазылады. Жас мұғалімдер жоспарды кең түрде жазыуы керек. Мұндай жоспар мұғалім үшін тірек болып табылады.

Сабақ жоспары – шығармашыл ізденістің бастамасы, сабақтың нәтижелі, мұғалімнің сабақты дұрыс түсіндіру, талантты жеткізу болып саналады.

Мұнда сабақ тақырыбы, өтетін сынып, сабақтың мақсаты, жаңа сабақтың қысқаша мазмұны, оқу-танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы, сабақтың әдіс-тәсілдері, мақсат, міндеттер жүйесі беріледі.

Сабақ оқушыларда тірек білімінің негізінде жаңа ұғымдар мен іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері қалыптасатындай, бақылау жұмыстарын және теориялық білімін практикада жүзеге асыра алатындай жоспарлануы керек.

Сабақ жоспарында оның құрылымы, әр кезеңге уақыттың дұрыс бөлінуі, оқушылардан қалай, кімнен сұрау керектігін де мұғалім білуі керек.

  1. Әр сабақта пәнге байланысты біліктілік дағды қалыптастыру қажет (математикалық, лингвистикалық, географиялық т.б. ұғымдар) оқушы өз білімін талқылай, қорыта білуі керек.
  2. Оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру керек. Ол үшін мұғалімнен сабақты тиімді және нәтижелі болуы үшін көп еңбек етуін талап етеді.

Ең негізгісі:

  1. Сабақтың жақсы нәтижеге жетуінің ең бірінші жолы – сабақтағы мен оқытылатын материалды меңгеру жағдайының, шарттарының қолайлығы. Сондықтан мұғалім сабақты оқушыларға материалды тек сабақ үстінде ғана меңгерте алатындай болуы керек. Бұл жерде мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері нақты білім, идеясы анық болуы керек.
  2. Ұжым жұмыста (топпен бірге жұмыста) әрбір оқушы өзінің қабілетін мүмкіндігінше арттыруға жағдай туғызу.

Әдеттегінше мұғалім сабаққа дайындалғанда орташа оқушыларды ескереді, себебі әр сыныпта оқушылардың қабілеті бірдей бола бермейді. Біреулері тапсырмаларды тез орындаса, кейбіреулері қиындықпен орындайды.

  1. Ауызша сұрақ – білімін, білік, дағдыларының қалыптасуын бақылау. Бұл жерде компьютер, карточка, сауалнамалар пайдалану қажет. Әрбір мұғалім өзінің жеке бақылау жүйесін жасайды.

Сабақтың тиімділігі оқушының интеллектуалдық білім-білік дағдыларының дәрежесіне де байланысты.

Теледидардың дамуына байланысты оқушының кітаппен жұмыс істеуі төмендеп кетті. Сондықтан оқушыны мүмкіндігінше көбінесе сабақта кітаппен жұмыс істеуге үйрету керек. Оқушы кітаптан керек материалды тауып, ең негізгісін таба білуі керек, жоспар түзіп, қысқаша конспект жасай білуі керек.

Бүгінгі күнде қарапайым есептің өзі калькулятормен шығарылуда. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетіне кері әсер етеді — оқушы өзі ойланбайды деген сөз.

Осының бәрі сабақтың нәтижелі болуының жалпы берілген әдіс-тәсілдері. Бір сөзбен айтқанда, оқушы сабақта тек қана жаңалықты тыңдап қана қоймай, танымдық бәрі мұғалімнің күшіне, қабілетіне байланысты.

Сабақты талдағанда мұғалім әрбір оқушының жеке өзгешеліктерін, дарындылығын ескеруі керек. Бәріне бірдей әдіс-тәсіл қолданып талап ету дұрыс емес.

Оқушының кемшілігін өзінің жұмысымен түзету керек.

Сабақты талдау бір адаммен ғана жүргізілмейді (директор, әдіскер, инспектор, завуч) топпен талдануы керек. Топпен талдау жасау, өзіне-өзі баға беретін, өзіне аз талап қоятын мұғалімдерге жасалады.

Себебі, мұғалім біреудің ғана пікірін тыңдамай, бірнешеуінің пікірін тыңдайды. Кейде бір адамның пікіріне қосылмауы да мүмкін. Мұғалім өзін-өзі бағалай білуі керек.

Қазіргі мектеп оқушыларының педагогтар барынша аз араласатын компьютерлік және тест түріндегі бақылауларды көбірек таңдауының басты себебі де педагогтік субъектизм болып отыр.

Мұғалім оқушы орындаған жұмысты бағалауда әділдікке әрі нақытылыққа саналы түрде тырысуы керек.