Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, зертханалық жұмыс); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан.
Тексерудің көбі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі. Әрбір сабақта, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруден басқа, ауызша және жазбаша тексеру жұмыстарына бағытталған бақылау жұмыстарына арналған сабақтар, зачет, емтихан, қабылдау, тест т.б. өткізу қажеттігі туындайды. Сабақ үрдісінде өткізілетін тексеру жұмыстарының бәрін қадағалап отыру үшін тақтаның бір бөлігіне немесе компьютердің белгілі бір файлына әрбір оқушының атын жазып, тұсына қойылған сұрақтарға берген жауаптарын (мысалы, «плюс», «минус», т.б.) белгілеп отырған жөн. Кейде мүғалім оқушылардың өздері белгілеп отыруын ұсынады. Бұл сабақтың соңында білім алушылардың өздерінің білімін өздері бағалауына мұғалімнің қойған бағасы мен білім алушының өзі қойған бағасының ынтымақтастықта қойылуына, бағаларға комментарий жасауға кететін уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Тексеру жұмыстарының өткізілу уақыты мен оның ұзақтығы оқушыларға алдын ала хабарлауды қажет етеді. Бұл оқушылардың психологиялық бейімделуін қамтамассыз етеді. Бақылау жұмысы немесе емтихан алдындағы қорқыныш сезімдерін жеңуге, стресс ахуалының алдын алуға септігін тигізеді. Бақылау жұмыстарының материалдарын жасағанда оқытушы қазіргі заманғы техникалық көбейткіш ксерокөшірме, компьютердің проектрлеуші қондырғылардың мүмкіндігін пайдаланып, жұмысын жеңілдеткені жөн. Сонымен бірге осындай тексеру сабақтарының жоспарын жасағанда білім алушылардың білімінің деңгейлік саралануын ескеріп құрылатын тапсырмалардың шешімдері мен жауаптарын сабақ жоспарына міндетті түрде ендіруі тиіс.
Тексеру сабақтарының мынадай түрлері болады: ауызша және жазбаша; оқылған тақырыптан соң бірден алынатын бақылау жұмыстары және біраз уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, көп уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, яғни уақыт өткен сайын алынған білімдердің беріктігін тексеруге арналған жұмыстар т.б. [1]. Олардың дидактикалық мақсаты тек білім деңгейін тексерумен ғана шектелмейді. Тексеру сабақтары білім беру функциясын да атқарады, окушылардың даму деңгейін де анықтайды. Жазбаша тексеру жұмыстары сабақтың бір бөлігіне немесе бүтін бір немесе екі сабаққа есептеліп беріледі. Мазмұнында міндетті бөлікпен қатар математикаға қабілетті оқушылар үшін қосымша бөлігі жоспарланады [2]. Оқушылардың үлгірім деңгейіне байланысты нұсқалар саны көп болғаны, тіпті әрбір білім алушының аты жөні жазылған, арнайы текстер берген тиімді. Тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, оқушы өзінің аты жазылған арнайы тапсырма алғанда, оның жауапкершілігі артып, жұмысқа ықыласпен қарайтыны байқалады. Мұғалім бақылау жұмысында оқушылардың бәрі түгел тиімді жұмыспен айналысуын қадағалап, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды жазылған жұмыстарды уақытында өткізуге үйретеді.
Келесі сабақтың бір бөлігін немесе түгел бақылау жұмыстарын талдауға, жиі кездесетін қателер мен жеке оқушылардың жіберген қателеріне, жұмыста жіберілген грамматикалық, символикалық, логикалық қателеріне талдау жасап, сараптауға арнаудың маңызы өте зор. Бұл осындай қателердің келесі бақылау жұмысында болдырмаудың кепілі бола алады және оқушыларды сауатты жазуға, логикалық ойлауын, сөз байлығын, шығармашылық кабілетін дамытуға ықпал етеді.
Бақылау жұмысын нашар жазған оқушыларға қателерін талдап, көрсеткеннен кейін қосымша нұсқа беріп, бақылау жұмысын қайта жазуға мүмкіндік беріледі. Жазбаша бақылау жұмыстарының тестік тапсырмалардан бір артықшылығы оқушылардың жазу стиліне, математикалық сауатты жазуына, есептерді шығарғанда сөз байлығын пайдаланып, түсініктемелер, тұжырымдар жасауын тексеруге, сол арқылы олардың жазу сауаттылығы мен сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын тексеруге мүмкіндік беріледі. Ал, тестік тапсырмалар уакытты үнемдеуге, оқушының да, тексерушінің де артық жұмыстарын азайтуға, білім беру функциясын т.б дидактикалық функцияларды іске асыруға мумкіндік береді [3].
Оқыту өнімділігінің санмен, сапамен, толықтылығымен, дерексізділігімен, тереңділігімен, әділ бақылаумен тығыз байланыстылығы әдістемелік процестің ең жоғарғы заңдылығы ретінде қарастырылады. Оның іс-әрекетке айналып кетуі үшін бақылаудың тиімділігін негіздеп, әсер етуші факторларды ажыратып, түсінікті нақтылау қажет. Қазіргі теорияда әлі “баға”, “бақылау”, “тексеру”, “есеп” және осылармен байланыстыларды ажырататын үйлесімділік жоқ. Оларды бір мағынада жиі алмастырып та, қолданып та жүр.
“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады.
Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал сапалық – “жақсы”, “қанағаттанарлық” т.б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы, “өте жақсыға” – 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру керек. Санды қолдан жасап қою бағалау пікірмен қайшылық келтіреді. Әлемнің көптеген елдерінде сандық өлшемге қызығушылықтан сақтану үшін әріптік белгілерді қолданады. Мысалы, А, В, С т.б.
Осы критерий бойынша бағаны анықтау үшін ұсынылған мәліметтер мен игерілгендердің көлемін өлшеуді білу қажет. Бұл міндет ыңғайлы практикалық технология деңгейінде шешілген. Баға қызметі, бізге белгілі болғандай оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға – педагогтың жеке тұлғаның оқуын реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында оны жан-жақты аша алатындығында. Осы көзқарас негізінде қазіргі білім, біліктілікті бағалауда баға жүйесін диагностикалау маңызымен қоса қайта қарастыру қажет. Оқытуды диагностикалаудың, бақылаудың принциптері болып маңызы әділдік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады.
Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады.
Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен педагогтың кез-келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап, оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік процесс диагностикалық бақылау жүргізу – жүйелілік процестің түрлері болып табылады. Оқу мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау оқитын шәкіртінің бірінші күнінен аяғына дейін дейін барлық әрекеті жүйелілік пен қамтиды. Мектеп бақылауы оқушылардың нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере жүргізілуі тиіс. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы кешенді жүргізуде жүйелілік принциптерін талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау құралдарының жан-жақтылығын қарастырған дұрыс.
Барлық оқушыларды бір ғана және сол ғана критерилермен ашық сынақ жүргізумен түйінделеді. Диагностика процесінде әр оқушының салыстырмалы, көрнекті рейтингісі шығарылады. Сонымен бірге жариялық принципі бағаны жариялап әрі дәлелдейді. Баға – оқушылардың өздеріне деген талап үлгілерін және педагогикалық әділділігін салмақтайтын бағдар. Диагностикалық кесім қорытындыларын, жаратылыстану мұны қажет деп есептейтін адамдардың қатысын талқылауы мен сараптамасы, кемшіліктерін жою үшін келешекке жоспарлар құру — бұл принциптің қажетті шартты болып табылады. Оқушылардың білік, білімін бағалау, тексеру, бақылау, диагностикалау оны қалай жүргізілетініне қисынды ізбен жүргізіледі.
Оқушылардың білім деңгейінің алдын ала шығарылған көрсеткішін тексеру жүйесінің ең бірінші құрамдас бөлігі деп есептеледі. Ол оқу жылының басында оқушының өткен оқу жылындағы білімін анықтау үшін жүзеге асырылады. Алдын ала тексеру біліміндегі, дағдысындағы кемшіліктерді жою мақсатымен сәйкес жүргізіледі. Мұндай тексеру оқу жылының ортасында да, жаңа тарауды бастар алдында да жүргізуге әбден болады. Әр тақырыпты меңгеру процесіндегі, ағымдағы бағалар білімді тексерудің екінші құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ ол әр сабақта жүргізілсе де оқушылардың белгілі бір өткен, меңгерген тақырыбы бойынша ғана диагностикалауға мүмкіндік береді. Ағымдағы тексерудің ағымдағы функциясы – оқытушылық.
Мұндай тексерулердің әдістері мен формалары оқу материалының мазмұны, оның қиындығы, оқушылардың жас ерекшелігі, дайындық деңгейі, оқыту мақсаты мен көлемі, нақты шарттар сияқты түрлі факторларға байланысты болады.
Ағымдағы бағалар сияқты тақырыптық қайталап тексеру біліктілік пен білімді айқындаудың үшінші құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқушылар жаңа тақырыппен қоса бұрын өткен материалды да қайталап оқиды. Қайталап тексеру білімді бекітуге ықпал жасағанымен оқу жұмысының қозғалысын, меңгерілген білімінің беріктік деңгейін диагностикалай алмайды. Диагностикалаудың әдістері мен түрлерін басқаларымен үйлестіре жүргізгенде мұндай тексеру қажетті нәтиже береді. Бұл жүйе құрастырылған бөлім болып – оқушының бір тарау бойынша немесе курстың маңызды бөлігін білетін білімін кезең бойынша тексеру болып табылады. Мұндай тексерудің мақсаты – оқушының бір курстың әр тарауынан алған білімдерінің сапасын оқу материалымен байланыстыра диагностикалау. Кезеңмен тексерудің негізгі қызметі – жүйелеу және жинақтау. Оқушылардың әдістемелік процестің барлық кезеңінде игерген біліктілігімен білімінің есебіне қорытынды тексеру, тексеруді ұйымдастырудың бесінші құрамдас бөлігі болып табылады.
Үлгерімнің қорытындысы есеп әр тоқсан аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі. Ол алынған бағаларды орташа арифметикалық балға қосып жай ғана есептелмейді. Ол ең алдымен осы кезеңдегі алға қойған мақсат пен нақты оқытылғанның деңгейін диагностикалау. Кешенді тексеру арнайы тексеру түрі болып табылады. Оның көмегімен оқушының игерген білімді басқа пәндерде, практикалық іс-әрекетті шешуде қолдана білу қабілеті диагностикаланады. Мәселен, жеке қожалықтығы құс өсіру шаруашылығының тиімділігінің есебін білу үшін физикалық, химиялық, математикалық, биологиялық, географиялық және басқа да пәндерден алған білімді қажет етеді.
Мұндай тексеру практикада аз қолданылғанмен, оқу курсына көпсалалылықты енгізуге байланысты, оның маңызы әлі өседі. Аталған курстар мектепте оқылған пәндер арасындағы алшақтықты жою мақсатында енгізілуде.
Кешенді тексерудің басты міндеті – пәнаралық байланыс сапасының жүзеге асырылуын диагностикалау, оқушының құбылысты процестерді, оқиғаларды, тұтас мәліметтерге сүйене отырып, оның ішінде оқылған пәндерінен алған білімін атай отырып түсіндіру қабілеті көбінесе кешенді тексерудің практикалық критерийі болып табылады.
Педагог әр бағанға қойған сайын ойлауды басшылыққа ала отырып, қолданып жүрген критерилерді орнықтылайды. Тәжірибелі мұғалімдер бұл жайында жақсы білетіндіктен оларды оқушылардың қақтығысынан сақтап, үнемі осындай орнықты негізге сүйенеді. Мұғалімнің білімді бағалаудағы субъектілік себептері әр түрлі. Тәжірибенің бірінде педагогтарға оқушының “жеке ісін” бағалау ұсынылады. Оқушының интеллект деңгейін, ата-анасының мектепке қатысуын, сонымен бірге оқушының болашаққа жоспарын анықтауды қажет етеді. Тек құпиясы сол сарапшыларға бірдей: “Жеке іске” қоса тартымды және тартымсыз фотосуреттер беріледі. Педагогтар “тартымды” балаларға нақты байламмен барынша жоғары интеллект деңгейін беруі, сыныптастары арасында да орнын жоғары белгілеп, ылғи да бағасын көтермелеп қоятыны белгілі. Мұғалімнің алдыңғы партада отыратын оқушыларға да еріксіз көңілді көбірек бөліп, оларға да жоғары баға қоятыны көрінді.
Көп нәрсе мұғалімнің субъектілік бейімділігіне де байланысты. Мұғалімдер жазуы әдемі, яғни “каллиграфистерге” де жақсы пейіл танытады екен. Педагогтар тілінің дұрыстығына көбірек көңіл бөліп, ал тіл мүкістігі бар оқушыларды әділетсіз жазалайды.
Педагогтік бағаның тағы да бір әділетсіздігінің қыры бағалаудың критерилерін жеткіліксіз әзірлеуінде.
1. Оқытуда танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақтың әр кезеңіне әр түрлі – тәсілдерді пайдалану.
Әрқалай бірқалыпты сабақ өту (мысалы, ауызша түсіндіру), оқушылардың ынтасын, көңілін төмендетеді, ұйқысын келтіреді. Ұйқысұрау баланың — өзін қорғауы болып табылады. Себебі, бала іс-әрекеттің басқа түрін іздеумен болады да, мұғалімнің айтқанын меңгере алмайды. Сондықтан сабақтың әр кезеңінде оқушы әрекетінің тәсілдерін өзгертіп отыру қажет.
Бұл үшін таңдап алынған әдіс-тәсілдер – оқушының әрбір дене мүшесіне әсер етуі керек.
Бірақ іс-әрекетті өзгерту баланың жас өзгешелігіне, сыныпқа байланысты болуы керек. Оқушылардың бәрі бірдей әр түрлі іс-әрекетте бейімделе алмайды.
- Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – көңіл-күй. Көңіл-күй оқушылардың жаңа білімді меңгеруде іс-әрекеттің маңызды түрінің бірі. Мұғалімнің қатты дауысы, ымдау әрекеттері кері әсер етуі мүмкін.
- Әр сабақта оқушылардың білімі үздіксіз есепке алынып отыруы керек. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін, ескеріп отыруы керек. Мұғалім бірақ, оқушыларды түгел сұрап үлгермейді. Сондықтан, оқушылардың білімін тексерудің әр түрлі формаларын пайдалануы қажет. Мысалы компьютерлік программалар, жазбаша жұмыстар, сауалнама, перфокарталар, т.б.
- Әрбір сабақ өзінің жағымды ұйымдастырылуымен жақсы нәтиже беруі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім үшін де, оқушы үшін де ілгерілеу болып табылуы керек. Мұндай өрге басу, оқушылар мен мұғалімді қанағаттандырып, оқуға белсенділігін тудырады.
- Әрбір сабақта жүйелі түрде қайталау жүргізілуі керек. Көрнекіліктер, жабдықтар, техникалық құралдар кейін бостан босқа уақыт жібермеу үшін, алдын-ала даярланып, іске қосылып тексерілуі керек.
Кейде әдеттегі сабақ барысы (сұрау, түсіндіру, пысықтау) уақытты жоғалтып қоюы мүмкін.
- Әрбір сабақ техникалық және дидактикалық жағынан жабдықталған болуы керек.
Таным — сезу мен қабылдаудан басталады. Бірақ көрнекілікті көріну үшін қолдану қажет емес, техникалық құралдарға қиянат жасауға болмайды, ол үшін сезім шаралары қажетті. Мұғалімнің сабақ көрнекілігін жасауға, даярлауға кеткен барлық уақытын, оқытудың нәтижесінен көруге болады.
- Әрбір сабақтың әр пәнімен өткен және келесі сабақтармен байланысы. Кез-келген сабақ басқа сабақтардан бөлек қарастырылмауы керек, ал жалпы сабақтар жүйесінде негізгісі болуы керек. Әрбір оқытушы өзінің мүмкін шараларын қолданып сабақ материалын өткен сабақтың материалдарымен байланыстырады. Келесі сабақтың мазмұны мен құрылымын елестетуі керек. Бұл бастауыш педагогтеріне өте маңызды.
- Сабақтың барлық, яғни максимал уақытын нәтижелі қолдану. Сабаққа дайындау алдында оқушылардың 45 минут түгел жұмыс істеуі жайында ойлану керек. Сынып мұғалім назарынан шықпауы керек, көптеген тапсырма сұрақтары т.б. дидактикалық материалдарды барлық сынып үшін беру керек.
- Сабақ барысында оқушылардың оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
Мұғалім әр оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, талап ете білуі керек.
Көптеген мұғалімдер оқушылардың назарын аударта алмайды. Оқушы мұғалімге қарап қана қоймай, тыңдай да білуі қажет.
Сабақ – оған көп дайындық жасалса да, ол спектакль емес.
- Сабақтың мамандандырылған бағыты. Кез-келген сабақ, оқыту пәнінен тәуелсіз, кәсіптік бағыты болуы керек. Қандай да бір мамандық иесі болу үшін, әр уақытта оқып, үйреніп жүрген материалдың маңызды жерінің астын сызу керек.
- Үй тапсырмасының нәтижесі және оның міндетті түрдегі тексерілуі. Оқытушы оқушыларға үй тапсырмасын бергенде, барлық оқушылар тапсырманы орындап келетіндігіне сенімді болуы керек. Кей кезде қиынырақ тапсырмалар беріледі, сол кезде мұғалім тапсырманы түсіндіріп, мазмұнын, және қай қағида бойынша орындау керектігін айтуы керек.
Орындалған үй тапсырмасын міндетті түрде тексеру керек, болмаса оқушылардың өзіндік жұмыс жасауға қызуғышылығы жоғалады.
- Жоғарыда сабаққа қойылатын он екі талап аталып өтті, бірақ бұл талап тізімін жалғастыруға болмайды деген сөз емес және де мұғалім оның бәрін әрбір сабақта орындауға да тиісті емес.