Темір жолдарды электрлендіру

Электрлендіру деген айтуға оңай болғанымен, шындығында күрделі іс. Электрлендірудің нәтижесінде экололгия өзгереді. адамның тіршілігі тіпті бүкіл адамзаттың өмірі өзтеріп шығады.

Техника да бір орнында тоқтап қалған жоқ. Темір жолдарға казіргі заманға лайық куатты тепловоздар, электровоздар. турвоздар, дизель пойыздары, сондай-ақ электроника, есептегіш техника келді. Ал адам баласының тоқтаусыз алға өрлеген ақыл-парасаты көлік саласын өркендетудің жаңа амал-жолдарын қарастырып, небір қиын міндеттерді орындауды көздеуде. Өйткені қазіргі тұрғыдан ең жетілдірілді детен техниканың қай түрі болса да. біршама уақыт өткеннен соң заман ағымынан кейіндеп қалатыны анық.

Жер жүзінде тұңғыш рет электрлендірілген темір жол -ұзындығы 115 километр Балтимор — Огайдо темір жолы болған еді, бұдан кейін Норвегияда және Германия, Австрия, Швейцария секілді елдерде темір жолдар электрлендірілді. Бұрынғы КСРО-да кешенді электрлендіру, яғни темір жолдармен қоса төңіректегі аудандарды да коса электрлендіру жүзеге асырылды. 1988 жылы электрлендірілген темір жолдар енді 52 мемлекетте пайдаланылды. Олардың жалпы ұзындығы 175 мың километрден асты: оның шамамен 76 пайызы Еуропада, 13,5 пайызы Азияда, 5 пайызы Африкада, 4,8 пайызы Америкада және 0,7 пайызы Мұхиттық аралдарда. Темір жолдарда электр қуатын молынан қолдануға 1879 жылы Берлинде өткен өнеркәсіп көрмесі түрткі болып, қозғау салды. Бұл көрмеде локомотив пен рельске энергия келтіретін электрлендірілген темір жолдың жоба-үлгісі болды. Өткен ғасырдың аяғына таман шетелдерде электр жегін күші қалалардағы және магистральдық темір жолдарда қолданыла бастаған болатын./15,10/

1932 жылы қарашада ВЛ-19 сериялы алғашқы кеңес электровозы жасап шығарылды.

Электрленген темір жолдар ТМД мен Қазақстанның көлік жүйесінде бүгінде негізгі күш болып, жүк және жолаушы тасымалының денін атқарып келеді. 1964 жылы Қазақстандағы ұзындығы 263 км, алғашқы Қарағанды- Ақмола жолы электрлендірілді /8/.

1969 жылы Целиноград- Есіл жолы электрлендірлді, келесі жылы Целиноград-Атбасар-Тобыл жолы электрлендіріліп, ұзындығы 1180 км Қарағанды-Целиноград-Магнитогроск жолын электрлендіру аяқталды. Оның 1000 км-те жуығы Қазақстан жерімен өтеді. Бұдан соң Цлиноград-Екібастұз, Целинотрад-Көкшетау- Пресноторьская линиялары жұмыс істей бастады. 1981 жылы Тың жолының соңғы Қарағанды-Моинты учаскесі қатарға қосылды. Бұлар Қазақстанның температура қысқы уақытта —50°С, жазда + 50°С аралықта ауытқитын, клиамт жағдайы ауыр, сусыз, халық сирек қоныстанған және жүк тасымалы неғүрлым қарбалас жол аралықтары. Алматы темір жолының электрлендірілуі 1984 жылы Моинты-Шу бағытынан басталды. Бұл аралық Орал мен Батыс Сібір аудандарын Қазақстанның оңтүстік аудандарымен және Орта Азиямен жалғастыратын электрлендірілген жолдың оңтүстік бөлігі болатын. Моинты- Шу учаскесіндегі жүк тасқыны анық транзиттік сипатта, бұл аралықтағы жүктің дені көмір, мұнай,ағаш,астык,кен және т.б.

1985 жылы 28 маусымда электрлендірудің іске қосылуына орай көп адам қатысқан митинг болып, онда сөз сөйлегендер оның іске қосылуын жеделдетудің өмірлік қажеттілік болып отырғанын атап айтқан болатын-сол уақытта жүк айналымы мен жолаушы тасымалы жылдан-жылға артып, локомотивтер жетіспей іркілген пойыздар саны көбейген еді, Қазақстанда электр тарту күшін пайдаланудың тәжірибесі тепловоз тарту күшімен салыстырғанда оның ерекше тиімді екенін көрсетті. Мұның өзі өткір және тасымал қабілетін арттыруға, тасымалдың өзіндік құнын төмендетуге,еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ экологияны жақсартуға жағдай жасады. Осы учаскеде электр тарту күш қолданылғаннан былай тәулігіне 120 жұп пойыз өтетін болды,ал отын шығыны екі есеге азайды.Күннің суығында олардың қуаты двитательдер қызбайтын болғандықтан, біршама артады. Бүгінде электрлендірудің тарту күшінің ең прогресті түрлерінің бірі болып табылатынына ешкім де шек келтірмейді.

1986 жылы Сарышаған-Шығанақ учаскесі электрлендірілді. Ауа райы қатаң бұл аралықтағы жұмыс екі жылға жалғасып, 1988 жылы 30 қарашада электровоз Шу торапты стансасына солтүстік жағынан келіп кірді.

1992 жылы Шу тораптық стансасындағы Моинты-Шу және Шу-Арыс екі учаскесін түйістіру жұмысын атқарып шықты.

1985-1986 жылдары Шымкент жол бөлімшесінің Шеңгелді-Арыс учаскесі, 1989 жылы Арыс-Қызылсай учаскесі электрлендірілді.

Бүгінде Қазақстанда электрлендірілген жолдардың ұзындығы 4400 км-ден астам, мұның өзі 14 мың км пайдаланудағы темір жолдардың 31,7 проценті. Алматы темір жолында 1000 км-ден астам жол электрлендірілген, бұл жалпы пайдаланылатын жол ұзындығының 24 проценті.

1990 жылы 12 қыркүйекте Қытай мен КСРО-ны жалғастырған болат магистральді бұдан отыз жылдан астам уақыт ілгеріде Достық жолы деп аталған болатын (шекаралық өткелде Алматы теміржолының Дружба стансасы-Үрімші темір жолының Аташанькоу стансасы). Ал 1992 жылғы 20 шілдеден Алматы мен Үрімші арасында тұрақты қатынайтын жолаушы қатынасы ашылды. Жаңа халықаралық өткелдің тұрақты жұмыс істеуі континет аралық екі темір жол магистралінің қалыптасқаны туралы айтуға мүмкіндік береді, мұның өзі Азия мемлекеттерін бір-бірімен және оларды Еуропа мемлекеттерімен ең төте жолмен жалғастырады.

Қазақстанда темір жолды электрлендірудің алғашқы кезеңдері 1961 жылдан басталды, 263 км учаске электрлендіріліп 1964 жылы аяқталды. Электровоздар Қарағандыдан Астанаға қатынай бастады.

1959-1960 жылдары Қазақ теміржолының Техникалық-экономикалық кеңесі Целинотрад-Қарағанды (1961 жьш), Целиноград-Атбасар-Тобол (1964 жыл), Тобол Железнорудная (1967 жыл), Целиноград-Екібастүз, Қарағанды-Моинты (1977 жьш), Моинты-Шу (1981 жыл) учаскелерінің электрлендіруін жобалауға тапсырмалар дайындалады /8/.

1964 жылы 12 желтоқсанда кдбылдау комиссиясы Қазақстанда тұңғыш электрлендірілген Қазақ темір жолының Қарағанды-Целинотрад учаскесін пайдалануға қабылдап алу актіне қол қойды.

1964-1967 жылдары Қазақ темір жолы ұзындығы 229 км Целиноград-Атбасар учаскесін іске қосуға әзірленіп жатты, ал жағдай өте күрделі болып тұрған еді.

1968 жылы Целиноград-Атбасар, Атбасар-Есіл учаскесі
құрылысының соңғы қорытындышаушы кезеңі басталды, учаске
1968 жылы 7 қарашада пайдалануға тапсырды.

1969-1980 жылдары электрлендіру политоны ұлғайды. Есіл-Тобьш, Тобыл-Железорудная екі титулы бойынша жұмыс жүргізу міндеті тұрған еді.

Бұл уақытта Қазақ темір жолы 3 жол болып бөлінді: Басқармасы Целиноград (Астана) қаласы болатын Тың темір жолы, Басқармасы Алматы қаласында болатын Алматы темір жолы, Басқармасы Ақтөбе қаласында болатын Батыс Қазақстан темір жолы.

Бұл орайда жолдар құрамына қамтылу төмендетідей болып белтіленді /8/.

Тың жолы- Қарағанды, Көкшетау,Қостанай, Павлодар және Целиноград бөлімшелері;

Алматы жолы- Шымкент, Жамбыл, Алматы, Семей және Защита бөлімшелері, кейінерек қосымша Шу жол бөлімшесі  ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан жолы —Ақтөбе, Турьев (Атырау), Қызылорда және Орал бөлімшелері.

Алғашқы пойыз 1981 жылы 27 желтоқсанда жүріп өтті. Үш жылдың ішінде 996 км (тарқама ұзындығы) контакт желісі тартылды, контакт желесінің 6 кезекшілік пункті, Моинты стансасындағы тәулігіне 60 локомотивті өткізе алатын.

1982-1984 жылдары Целиноград -Көкшетау учаскесінің электрлендіруі 2×25 кВ айналымы тоғында электрлендіріліп екінші жол салу техникалық жобасы бойынша атқарылды.

1984-1989 жылдары бұл учаске Қазақстанның солтүстігін, Урал және Батыс Сібір аудандарын Қазақстанның оңтүстігімен және Орта Азиямен байланыстыратын Петропавл-Ақмола-Қарағанды-Моинты-Шу қосарлы жолды бойлық линияның оңтүстік бөлігі болып табылады, бұл линия сондай-ақ сол төңіректегі жертілікті ауданды көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырады.

1990-1991 жылдары электрлендіру ісі «жолға қойылған рельспен» Алматы темір жолы бойымен әлі жүріп тұрған уақытта «қайта кұрудың» салдары Көлік құрылыс министрлігі, Қазақстан мен Орта Азияның Темір жол құрылысы кешенінде де анық байқала бастаған болатын. Трестер «егеменді мемлекеттер» бола бастаған, олардан құрылыс индустриясы зауыттары да қалыспауға айналған еді.

1991-1992 жылдары «Минтрансстрой» секілді қуатты құрылыс жүйесінің ыдырауы шетіне жеткен жылдар болды. Соған қарамастан жоспарда әрқайсысының ұзындығы 119 және 116 км Түлкібас-Тараз және Тараз-Лутовая учаскелерін қатарға қосу көзделген еді.

1964-1994 жылдары іске қосылған қуаты

Электрлендірілгені                    3304 шақырым
соның ішнде:

Алматы темір жолы                  1121 шақырым

Тың темір жолы                        2183 шақырым

жылдар 1964 1964 1970 1979 1881 1982 1984 1985 1986 1988 1989 1990 1991 1992 1994
Жол аттары                              
Алматы               12

6

21

7

16

8

91 74 11

9

11

7

123..
Тың 23

4

37 6 31 1 29

4

33

6

10

5

19 1   18

8

    14

8

« «

Жыл                            
дар 1981 1983 1984 1985 1986 1987 1988 1989 1990 1991 1992 1993 1994 Барлығы
Тұрғ                            
ын 2833 4026 3695 1540 2860 2860 4273 2515 825 4566 600 3092 825 35170
үй                            

1993-1995 жылдары Тараз-Лутовая учаскесі пайдалануға берілді (1993 жыл). 1994 жылғы 22 желтоқсанда Алматы темір жолы ұжымының «Новь Турксиба» газеті бас мақаласында былай деп хабарлады: «Шу-Лутовая арасында енді аз ғана уақыттан соң электровоздар жүйесі бастайды. Моинты-Шу учаскесімен тікелей түйісетін ұзындығы 582 км Арыс-Шу учаскесін электрлендіру кезеңі де келіп жетті.

Сонымен, 1995 жылы 4 қаңтарда Луговая-Шу электрлендірілтен учаскесінің салтанатты ашылуы болды. Бұл аралықта Еуразия электр матистралінің алты тізбеті нетізделтен. Бүл жүмыста Ресей тарапынан тікелей көп көмек көрсетілді. Ресейдің «Трансэлектромонтаж» тресінің 704 және 706-шы құрылыс-монтаж пойыздары линияны монтаждау жөніндеті негізгі жұмыстарды атқарды. Бетон тіректер де Ресейден әкелінді. Бұрын көлденең бекімелер де сол жақтан әкелінетін, бірақ қазір оларды өзіміз Қазақстан металынан жасайтын болдық. Қазақстанның темір-бетон бұйымдары зауыттарының контактылық желіге арналған тіректерді де өздері жасау үшін қайта жарақталып жатқанын айту керек. Яғни темір жолдарды электрлендіру үшін қажетті өз өнеркәсіптік базамыз жасалуда .

Экономиканың дамуы темір жолдардың өркендеуімен ажырағысыз байланысты. Біздің электр тарту күшіне болат магистральдардың жылдан-жылға көбірек учаскелерін көшіріп отрығанымызды өзі қалай болғанда да экономикалық дағдарысты жеңе бастағанымызды және сөздің толық мағынасында болашақта экономикалық өркендеуге жол сала бастағанымызды көрсетеді. Бұл жұмыс 1984 жылы. Моинты-Шу бағытымен басталған еді, оны электр тарту күшіне көшіру 1988 жылы аяқталған болатын. Мұнымен қатарлас 1985-1986 жылдары осындай жұмыс Шеңтелді Арыс учаскесінде атқарылды.

1989 жылы пойыздардың қатынауы анағұрлым қарбалас әрі олының жер бедері де күрделі Арыс-Шу бағытында электрлендіру асталды. Қазақстанның теміржолшылары мен құрылысшыларының, Мәскеуден Новокузнецкіден, Екатеринбурттан, Бесланадан (Солтүстік Осетия), Украинадан келген электр монтажшыларының қажырлы еңбегі арқасында Лутовая-Шу бағытының соңғы учаскесін электрлендіріп линияларының ұзындығы 1000 км-ден асты, мұның өзі оның пайдаланылатын ұзындығының 24 проценті.

Соңғы 30 жыл ішінде Республикада 3300 км-ден астам болат магистраль электрлендірілді. Мұның өзі эколотияны едәуір жақсартып, темір жол көлігінің үнемділігі мен сенімділігін арттырды. Республиканың темір жолдарын Азия аймағының елдерімен және Ресеймен жалғастырған электр магистралін тарту жөніндеті көпжылдық жұмыс аяқталды, ол Қазақстанның жақын және шалғайдағы шетелдермен сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын ұлғайтуға үлкен үлес қосады.

Электрлендірілген Шу-Луговая учаскесінің іске қосылуы нәтижесінде дүние жүзіндегі ең ұзақ үздіксіз суперматистральды құру жөнінде көп жылғы жұмыс аяқталды. Бұл магистраль Орта Азияны (Жызақ-Ташкент стансаларын) Қазақстанның оңтүстігімен, Солтүстік Қазақстанмен (Ақмола-Петропавл стансаларымен, 2450 км) және ақыр соңында дүние жүзіндегі ең ұзақ электрлендірілген магистральмен, ұзындығы 10400 км Владивосток — Хабаровск-Иркутск — Новосибирск- Омбы- Челябі — Мәскеу — Минск — Брест магистралімен және одан әрі Берлин — Париж —Лондон аралығымен байланыстырады. Қазақстанның еуропалық елдердің темір жолдар желісіне және Балтық порттарына шығуы нетізінен республиканың жұмыс істеп тұрған темір жолдар желісі негізінде қалыптасқан.

Бұл бағыт Қазақстан территориясы бойынша толық аяқталғаннан кейін (инфрақұрылым айтылып отыр) жұмсалған күрделі қаржылардан болған іс жүзіндегі экономикалық нәтижеде есептеп шығарылады; мұның өзі жолдарды электрлендіруге байланысты көптетен методикалық және теориялық ережелерді ұлғайтуға, темір жолдарды электр тарту күшіне көшіру жөніндегі жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлауға, неғұрлым көбірек экономикалық тиімділікке жету үшін жұмыс күші мен материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Алматы темір жолының Шеңгелді-Моинты магистрлалін электрлендіру он жылға жалғасты. Басқа да көлік жолдары құрылыстарымен қатар ол Қазақстан халықтарының еңбек жетістіктерінің даңқты жылнамасына енеді. Мұның өзі ерлік құрылыс деп атауға әбден лайық нағыз халықтық құрылыс болды. (карта-схема  «Қазақстан темір жолының электрлентен жолдары»)

Пайдалануға берілтен темір жолдың ұзындығы( жыл аяғына қарай; километр)

  1990 1993 1994 1995 1996
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 14463 14423 14423 14358 14358
Ақмола облысы 1491 1490 1490 1531  
Ақтөбе облысы 1142 1141 1141 1148  
Алматы облысы 1252 1246 1246 1274  
Атырау облысы 758 750 750 742  
Шығыс-Қазақстан обл

 

1180 1175 1175 1175  
Жамбыл облысы

 

1116 1073 1073 1064  
Б-Қазакстан облысы 417 417 417 417  
Қарағанды облысы 1867 1867 1867 1867  
Қызылорда облысы 760 760 760 760  
Қостанай облысы 1136 1137 1137 1040  
Маңғыстау облысы 776 776 776 775  
Павлодар облысы 734 750 750 733  
Солт-Қазақстан облысы 1226 1235 1235 1235  
Оңт-Қазақстан облысы 680 606 606 609  

Темір жол көлітімен жүк тасымалдау (миллион тонна)

  1990 1993 1994 1995 1996
ҚАЗАҚСТАН          
РЕСПУБЛИКАСЫ 345,0 220,5 175,0 161,1 140,2
Ақмола облысы 12,6 7,0 5,0 4,6  
Ақтөбе облысы 15,5 9,3 6,8 5,6  
Алматы облысы 6,9 3,6 2,1 1,6  
Атырау облысы 6,9 5,3 5,0 5,0  
Шығыс-Қазақстан

облыс

15,0 10,4 6.9 8,5  
Жамбыл облысы 23,4 7,9 4.1 3,9  
Батыс-Қазақстан

облысы

2,8 1,6 0,8 0,4  

Қарағанды облысы 75,7 49,8 40,2 29,1  
Қызылорда облысы 4,8 2,4 1.0 0,5  
Қостанай облысы 43,8 22,2 15.0 19,2  
Маңғыстау облысы 5,7 1,6 0.8 0,8  
Павлодар облысы 100,0 83,1 77.1 69,6  
Солтүстік-Қазақстан

облысы

8,4 6,4 3,7 3,4  
Оңтүстік-Қазақстан

облысы

23,5 9,3 4,9 4,9  
Республика аралық   0,6 2,0 4,2  
жүк тасымалы          

Бұл кестеде 1990 жылы 345,0 млн.тонна, ал 1996 жылы 140,2 млн.тонна жүк тасымалданып жалпы республика бойынша темір жолмен жүк тасымалының азайғанын байқаймыз. 1993 жылы республикааралық темір жол жүк тасымалы 0,6 млн. тоннадан 4,2 млн. тоннаға дейін жоғарлаған.

Темір жолдардың электрлендірілуі өнеркәсіптің өзте салалары үшін қажетті дизель жанармайының қорларын едәуір үнемдейді./8,9/Электрлендіру нәтижесінде көліктің жүмысын үйымдастыру мен басқаруда, көліктің барлық салаларында түбетейлі өзтерістер болды, тасымал арзандады.Мұның өзі экологияны едәуір жақсартып, темір жол көлітінің үнемділіті мен сенімділітін арттырады.

Трансконтиненттік электр магистральдары Қазақстанның темір жолдарын Еуропа және Азия елдерімен жалғастырады, сөйтіп Қазақстанның жақын және шалғайдағы шетелдермен сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын ұлғайтуға үлес қосады.