Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелерімен келешегі

Егемен Қазақстандаты казіргі сыртқы экономикалық құрылыста тарихи тәжірибені пайдалану тиімді екені өз алдына, оны пайдалану етене қажетте. Бұрынғы замандарда, атап айтқанда, бір кездегі Ұлы Жібек жолы арқылы сауда-саттық міндеттерін мінсіз атқарылтаны шығыс өңіріндегі шекаралық қарым-қатынастың қазіргі проблемалары мен үндесіп, тоқайласып жатыр, бүгінде мұның өзі айрықша анық көрінуде. Сонау XIX ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік шекаралардан асып, іргелес елдермен неғұрлым терең сауда-өндіріс қарым-қатынастарына жеткізетін жаңа орнықты шаруашылық өңірлерін қалыптастыру тұрғысында тұтас бір шаралар кешені жүзеге асырылтан болатын. Қазақстан өзінің географиялық орны тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар бірқатар саяси және экономикалық тұрғыдан да бұл процестерден тысқары қала алмады. Сондықтан да көлік проблемасына айрықша назар аудару қажет, мұның үстіне бұл проблема қазір айқындаушы проблемалардың бірі болып табылады.

Көлік жолдар өркендеуінің қалыңқылығы бүгінде өте елеулі фактор, нақ осының өзі Қазақстанның және өзте ТМД елдерінің Қытаймен және Азия —Тынық мұхит аймағының басқа елдерімен қарым-қатынастарының дамуын тежеп отыр.

Қазіргі уақытта жаңа трансконтиненттік Азия-Еуропа темір жол магистралі құрылысының Қазақстан мен Қытайдың темір жолдарын жалтастыратын Достық стансасынан мемлекеттік шекара арқылы Алашанкоу стансасына дейінгі бірінші кезеңі түйісіп, пайдалануға берілгеннен кейін бұл проблема іс жүзінде шешілді. Ал екінші кезең — Түркістан мен Иран арасындағы жол салынып біткеннен кейін Қытай бұрынғы Орта Азия республикаларының  темір жол тармақтарын пайдаланып, өзінің теңіз жағалауындағы Ляньюньтан, Шанхай, Тонконт шекараларынан, сондай-ак солтүстігіндегі Тяньцзиньнен, Дальяннан Синьцзян мен Таяу Шығыс арқылы Ресейте соқпай Батыс Еуропаға шығатын дайын жолға қолы жетті .

Темір жол экономикасының күре тамыры деп ұран тастаған Кеңес Үкіметі кезінде халық шаруашылығы жүктерінің тасымалын тасқындату үшін темір жолдардың техникалық жағдайын күшейту бұрынғыдан да үдей түсті./1,2,3/ 1966-1970 жылдары пайдаланудағы темір жолдарды жаңғырту, жаңа технолотиялармен жарақтандыру Қазақстан аймақтарында да қанат жайды. Елдің экономикасын, халық шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан қазіргі Астанадан Павладарға дейін 1970 жылы салынған екінші темір жол болды. Сондай-ақ Мойынты-Шу, Алматы-Шу-Лутовой-Жамбыл аралықтарындағы жаңа екінші жол Оңтүстік және Орталық Қазақстанды Еуропа елдерімен байланыстыруға, жүк тасымалын ұлғайтуға айрыкша рөл атқарады. Турьев-Атырау-Кандагаш аралығындағы темір жолды қайта жарақтандыру Каспий жағалауындағы мұнайды Оңтүстікке, Өзбекстан. Тажікстан мұнай өндеу зауыттарына тез жеткізуге ықпал жасады.