Заңды тұлғаларды несиелеу механизмін жетілдіру

Қазіргі таңда банк клиенттерінің ссудаларды қайтармауы жиі болатын құбылысқа айналды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, банктерде несиелік қаражаттарды беруге өтініштерді қарастыру кезінде аналитикалық жұмысты жақсартып, клиенттің несие қабілеттілігін неғұрлым толық зерттеу қажет. Өтініш пен бизнес-жоспарды терең зерттеу мүмкін тәуекелдердің пайда болуын алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клиенттің хұқықтық мәртебесін өткізген құжаттарының түпнұсқалылығына мән беру қажет. Бұл, өз кезегінде хұқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатуды талап етеді /16. 28-бет/.

Несиелік ресурстарды қайтармау тәуекелінің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты банктік несиемен нақты сектордың қажеттілігі толық қанағаттандырылмай отыр. Ұлттық банктің ресми мәліметтеріне сәйкес ссудалар бойынша мерзімі өткен берешектер мөлшері жоғары деңгейде сақталған (9-сурет):

ЕДБ-дің несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер динамикасы

Суреттен көріп отырғанымыздай, заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер жылдан жылға өскен. Бұл көрсеткіш 2003-жылы 2000-жылға қарағанда біршама артқан. Бұл банктердегі несиелік механизмнің жетілдіруді қажет ететіндігін айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның банктері қолданатын несие қабілеттілігін талдау құралдары әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Бұл, әсіресе, сандық және сапалық жағынан әр түрлі болып келетін көптеген ақпараттарды тиімді және жүйелік өңдеу тұрғысынан үлкен мәнге ие. Осыған байланысты отандық және шетел экономистерінің ғылыми зерттеулерін қарастыру, алдыңғы қатарлы

банктердің тәжірибесін жалпылау маңызды болып табылады.

Ірі және орта кәсіпорындардың несиелік талдау үрдісін оңтайландыру синтезделген көрсеткіш – несие қабілеттілігі мен несие сапасының рейтингін анықтауды қажет етеді. Бұл клиенттің жеке және іскерлік сипаттамалары, несиенің қамтамасыздандырылуы мен өтелу сызбасы, банкпен қарым-қатынасы сияқты факторларды бірегей көрсеткішке біріктіруді білдіреді. Шетел авторларының зерттеулері несие қабілеттілігінің рейтингі жүйеленген нәтиже алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Оның негізінде белгілі-бір қарыз алушыны несиелеуге қатысты дұрыс шешім қабылдау ықтималдығын көбейтуге болады /21. 65-66бет/.

Бөлшектелген талдауларды бір жалпы несиелік талдауға біріктіре келе, несие қабілеттілігін анықтау үрдісінің келесі сызбасын алуға болады (10-сурет):

Несие қабілеттілігінің рейтингтік бағасы

Қарыз алушының

қаржылық есеп беруін талдау

Қарыз алушымен

іскерлік кездесулерді ұйымдастыру

Несиеленетін жобаның сапасын бағалау Несиелік тарихын

зерттеу

Несие қабілеттілігі

коэффициенттерін есептеу

Басшылардың жеке

сапалары мен

біліктілігін бағалау

Несиелеу қағидаларын сақтау  Банктің несиелік

саясатына сәйкестігі

Оларды нормативтік

мәндермен салыстыру

Кәсіпорын менеджментінің деңгейін анықтау Жобаның жүзеге

асырылу саласының

дамуын талдау

Несиелік келісім-шарт

параметрлерін негіздеу

Несие қабілеттілігі

класын анықтау

Қарыз алушының

сенімділік деңгейін

анықтау

Болашақты болжау

және бағалау

Несиенің қайтарылуының қамтамасыздандырылуын талдау

Банктердің несиелік қызметі көптеген потенциалды қарыз алушылардың ішінен несиелік қабілеттілігі күмән тудырмайтын клиенттерді таңдағанда ғана сәтті жүргізілмек. Несиені беру мүмкіндігі туралы шешім потенциалды қарыз алушының несиелік талдау нәтижелерінен қабылданатыны белгілі. Осы мақсатта республикамыздағы коммерциялық банктер несиеленетін жобаға және шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайына сараптама жүргізу тәртібін белгілейтін әдістемелік нұсқаулар шығарады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27-қыркүйек 1994-жылғы мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы» бар. Ол бойынша келесідей коэффициенттер есептеледі:

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті;
  2. Мерзімді өтімділік коэффициенті;
  3. Активтер рентабельділігі;
  4. Негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі;
  5. Меншікті капитал рентабельділігі;
  6. Ұзақ мерзімді міндеттеме рентабельділігі;
  7. Қаржы тұтқаса коэффициенті;
  8. Тіркемелі активтерді өтеу коэффициенттері;
  9. Қарызға қызмет ету коэффициенттері т.б.

Біздің ойымызша, шамадан тыс көп коэффициенттер несие беру үрдісінің жылдамдығын тежейтіндіктен, оларды банктер талдауда қолданбайды. Алайда, бұл коэффициенттердің кейбіреулері өте маңызды болғандықтан, ықшамдалған белгілі бір коэффициенттерді топтастырған жөн. Мысалы, рентабельділігін есептеу кезінде сату рентабельділігі, негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтер рентабельділігі, ұзақ мерзімді активтер рентабельділігі коэффициенттерін алып тастап,активтердің рентабельділігі мен меншікті капитал рентабельділігін қалдыру керек сияқты. Себебі, соңғы екі көрсеткіш арқылы да кәсіпорын рентабельділігіне баға беруге болады. Меншікті капитал рентабельділігі кәсіпорынның меншікті капиталын тиімді қолдануын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Айналым қаражаттарының айналым уақыты көрсеткішін қалдырып, қалған айналымдылық коэффициенттерін алып тастаған жөн. Себебі, олар кәсіпорынның несиені қайтара алуын объективті көрсетпейді. Қор қайтарымы коэффициентін қолданған жөн, себебі ол негізгі қордың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Несие пайызының өтелу коэффициентін қолданған жөн. Ол бір жыл ішіндегі кәсіпорынның пайызды төлеуге қанша рет қаражат алатынын көрсетеді және несие беретін банктің қорғаныс дәрежесін сипаттайды. Есептелетін коэффициенттер арасынан тіркемелі активтерді өтеу коэффициентін де қолданбаса болады. Себебі, оны кепілді бағалау кезінде есептейміз. Ағымдағы өтімділік коэффициенті мен мерзімді өтімділік коэффициенті мағыналары жағынан жақын болғандықтан, тек алдыңғысын қалдырғанды жөн көрдік. Сонымен қатар, шетел тәжірибесінде қолданылатын ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті аса маңызды болып табылады. Өйткені ақшалай қаражаттардың ағымы несиені қайтарудың тікелей көзі болып табылады. Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау ағымдағы жағдайға, өткен кезеңге және болашаққа болжамдалып жасалады. Аналитиктер, әдетте, белгілі-бір гипотезаға сүйеніп жасалған әр түрлі оқиғаларды қолдана отырып, бірнеше болжамдармен жұмыс жасайды. Мысалы, кішігірім сату көлеміне немесе мүмкін болатын сату көлемінің ішіндегі ең кішісіне сәйкес оқиғаларды алады. Бұл жердегі аналитиктің маңызды міндеті ең нашар жағдайға тап болғандағы кәсіпорынның несиені қайтару мүмкіндігін анықтау болып табылады /10. 140бет/.

Сонымен, шетел және отандық несиелік істің тәжірибесіне сүйене отырып, потенциалды қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау үшін келесі кестеде көрсетілгендей көрсеткіштер жиынтығын ұсынамыз (17-кесте):

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

Коэффициент атауы Белгіленуі Есептеу алгоритмі
Ағымдағы өтімділік коэффициенті К1 (ақша қаражаттары+қысқа

мерз. инв.+деб-қ қарыз)/ қысқа мерз. міндеттемелер

Қаржы тұтқасы коэффициенті К2 тартылған қаражаттар/ меншікті қаражаттар
Несие пайызының өтелу коэффициенті К3 (таза пайда+пайыз төлеу бойынша шығындар)/ несие пайызын төлеу шығындары
Активтердің рентабельділігі К4 Пайда / кәсіпорын активтері
Меншікті капитал рентабельділігі К5 Пайда / меншікті капитал
Қор қайтарымы коэффициенті К6 Жалпы пайда – түсім/активтер
Айналым қаражаттарының айналым уақыты коэффициенті К7 (Орташа қалдық * мерзім ұзақтығы) / Жалпы кіріс
Ақша қаражаттарының қозғалысы коэффициенті К8 Жалпы қарыз / ақша қаражаттарының балансы
Қарызға қызмет ету коэффициенті К9 Пайда / қарыз бойынша шығындар
Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті К10 Меншікті капитал / авансталған капитал

Көзі: /21. 14-бет/

Бұл жердегі қаржы тұтқасы коэффициенті 0,7-ден аспауы керек, яғни тартылған қаражаттардың ең жоғары мөлшері 70%-ды құрауы керек. Алайда, кейбір жобалар бойынша өте көп қаражат қажет болғандықтан, банктен алынатын несие бұл көрсеткіштен жоғары соманы қажет етеді. Бұл жағдайда банктер жобаны өз тарапынан толық зерттеп, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдің алдын алу үшін үшінші тарапты іске қосуын ойластыруы керек. Мысалы, жоба құрылыс объектісін қамтитын болса, алдын ала үшінші жақтағы қандай-да бір компаниямен келісім-шартқа отырғаны жөн. Қазіргі таңда кейбір банктер іске асырылмаған жобаны өзі алып, әрі қарй жүргізеді. Бірақ, бұл банктерге қажет емес.

Қарыз алушының қаржылық жағдайының көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және есептеу несие қабілеттілігін талдаудың бір жағы ғана болып табылады. Келесі кезеңде алынған мәндерді қандай-да бір нормативтік мәндермен салыстырады. Осындай нормативтік мән ретінде орташа салалық коэффициенттерді қолданады. Олардың көмегімен белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы сол саланың ұқсас кәсіпорнымен салыстырылады. Мұндай салыстыру кәсіпорынның саладағы шруашылық субъектілердің аясында жағдайын неғұрлым объективті көрсетеді. Бұл жағдайда банктер өздерінің несиелік ресурстарын экономиканың қай саласына салу тиімді болатынын да анықтай алады. Жалпы, салалар бойынша орташа коэффициенттерді есептегеннен кейін сол мәнге сәйкес келген кәсіпорын коэффициенттерін екінші класқа, одан жоғары болғандарын бірінші класқа, ал олардан төмендерін үшінші класқа жатқызуға болады. Сәйкесінше, бірінші және екінші класқа жатқызылған кәсіпорындарға несие беру туралы, ал үшінші класқа жатқызылғандарына несие бермеу туралы шешім қабылдауға болады.

Алайда, мұндай бағалау әдісі объективті шешім қабылдауға толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан, осыған қоса несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасын анықтаған жөн. Оны келесідей көрсетуге болады (18-кесте):

Несиені беру мүмкіндігінің балдық бағасы

Көрсеткіш Мүмкін болатын балл саны
Несиенің тағайындалуы: өндірістік өндірістік емес 3

0

Несие мөлшері:қолайлы қолайсыз 3

0

Несие мерзімі: қысқа мерзімді ұзақ мерзімді 8

2

0

Несие қабілеттілік класы: 1-класс 2-класс 3-класс 9

5

1

Несиенің экономикалық негізделуі: негізделген жеткіліксіз негізделген негізделмеген 9

6

0

Өтеу сызбасы: пайдадан өтеу пайдадан жартылай өтеу бір реттік бөлшектеп өтеу 6

5

4

2

Несиенің қамтамасыз етілуі: кепіл кепілдеме гарантия сақтандыру қамтамасыз етілмеген 7

5

2

2

0

Несиелік тарихы: өте жақсы жақсы қанағаттанарлық жоқ жаман 6

5

4

2

0

Қарыз алушы туралы пікірлер: өте жақсы жақсы қанағаттанарлық жоқ жаман 5

4

1

1

0

Қарыз алушының саласы: өнеркәсіп сауда  құрылыс ауыл шаруашылығы басқалар 9

6

3

2

1

Банктің несиелік саясатына сәйкестігі: толық жартылай сәйкес емес 9

5

0

Көзі: /21. 15-бет/

Бұл жердегі ең жоғарғы мүмкін болатын балдар саны 74-ке тең. Ал, ең төменгі мәні 36 немесе ең жоғарғы мәннің 49%-ын құрайды. Осы мәндердің арасында тұрса, несиені беру туралы шешім қабылдауға болады. Әрине, 74-ке жақын болған сайын жақсы болады. Осындай рейтингті қолдану банктердің несиелеу облысындағы шешімін неғұрлым тура негіздейді деген ойдамыз.

Несие қабілеттілігін қаншалықты нақты бағалап, несие беру туралы шешімі қаншалықты негізделіп қабылданғанымен, бір де бір банкир өзі берген ссуданың мерзімінде қайтарылмауын болжай алмайды. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау кезінде несиелік қызметкер жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жағдайын тұрақты түрде талдап отыруы қажет. Әсіресе, талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Осы орайда, белгілі бір жобаны несиелеу кезінде болжанатын ақша түсімінің ағымына шамадан тыс тәуелді ссудалардан қауіптену керек. Баланста көрсетілген өтімсіз активтерді дисконттап, тек тез өтетін активтерді есепке алған жөн. Яғни, мониторинг үрдісінде кепілге алынатын затты аса мұқияттылықпен талдап, кейбір мүліктердің пайдаланылу аясы мен мерзіміне көңіл бөлген жөн. Негізінен, клиенттің несие қабілеттілігін талдау коэффициенттерінен бұрын баланс баптарына аса көңіл бөлген жөн. Бұл жерде ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер баптарына ерекше қарау керек. Себебі, олардың өзгерісі несиенің қайтарылуына тікелей әсер етеді. Клиенттің қаржылық жағдайын қарау кезіндегі тағы бір маңызды ақпарат көзі – төлейтін салығы туралы мәліметтер болып табылады. Яғни, несиелік қызметкер осы ақпарат көздерін бір бірімен салыстырып, несиенің мақсатты іске асырылуын бақылап, барлық несиелеу үрдісіне ұйытқы болып отырады.

Екінші деңгейлі банктердің беретін ұзақ мерзімді несиелерінің жалпы несиелік портфельдегі үлесінің аз екені белгілі. Осыған байланысты коммерциялық банк ресурстарын экономиканың нақты секторына инвестициялау мәселесін шешудің екі жолы бар: біріншіден, банктердің ресурстық базасының нақты өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес балансталуы; екіншіден, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеуді ынталандыру. Қазіргі кезде банк жүйесінің ресурстық базасының көбеюі екі

көзден тұрады: депозиттер және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Салыстырмалы түрде «арзан» және «ұзақ мерзімді» ақша көзі ретінде зейнетақы қорларының активтерін банк депозиттеріне тарту үшін олар қазіргі жағдайды сәтті пайдалануда ( мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының шектелуі мен табыстылығының төмендеуі, корпоративтік бағалы қағаздар нарығының дамымағандығы) /22. 19-20бет/.

Жалпы, банктердің ресурстық базасының балансталуына байланысты шаралардың келесі бағыттарын бөлуге болады. Біріншіден, банк банкрот болған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры тарапынан мерзімді салымдар бойынша толық компенсациялық неғұрлым жоғары соманы белгілеу. Екіншіден, ұлттық валютадағы шоттарға қарағанда шетел валютасындағы шоттар бойынша резервтік мөлшерлемені жоғарылату. Ал, мемлекет тарапынан кәсіпорындардың мерзімді депозиттен алатын пайызына салықтық мөлшерлемені төмендету, яғни олар талап етуге дейінгі депозиттерінен төмен болу керек. Қазіргі таңда кәсіпорындар депозиттен алған пайызының 15%-ын салық органдарына төлейді. Оны бір жылдан көп мерзімге салынған депозит болса 10%, екі жылдан жоғары мерзімге салынған депозит болса 5% қойған жөн. Сондай-ақ, қаржылық мекемелердің пайдасына салынатын салық бойынша қысқа мерзімді несиеден ұзақ мерзімді несиеге қарай дифференциалданған мөлшерлемелерді қою қажет. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиеден алынған табыстарға салық мөлшерлемесі қысқа мерзімді несиеден алынған табыстарға қарағанда аз болуы тиіс. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторындағы маңызды жобаларға ұзақ мерзімді несие беру кезінде мемлекет тарапынан кепілдік жүйесін дамыту да несиелеуді ынталандыруы шарт. Оны Қазақстан Даму банкі арқылы немесе несие алып отырған саланың табиғи ресурстарын кепілге ала отырып жүзеге асыруға болады.