Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты субьективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субьективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.

Заңды тұлға азаматтармен қатар, мүліктік қатынастардыңсубьектісі болып табылатындықтын, ол құқық қабілеттілігіне ие болуға тиіс.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілгі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады (АК-ның 42-бабының 3-тармағы).

Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады.

Заңды тұлғаның азматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарына сәйкес міндеттері болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тиым салатын. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі “рұқсат етілгеннен басқаның бәріне тиын салынған” деген принципте бейнеленді.

Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін ұлғайтты.

Кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебап қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен коммерциялық заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабы). Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар басым болатын кәсіпорындарға қарағанда, шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі айтарлықтай шектеулі болады (АК-ның 200-бабы және Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлық). Қазыналық кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік мүдделер жолында қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін құрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар өрісті арнайы субьектілері болып табылады¹.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің жарғыларында көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады.

Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған барлық заңды тұлғаларға қолдануға болатын құқық қабілеттіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Заңды тұлғаларыдың кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.