Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу – ықшамдау, ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Бұл орайда жүйелеу кезінде қолданылып жүрген калыптарды ретке келтіру (күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау және керісінше, оған кейінгі барлық өзгерісті, толықтыруды, осындай өзгерістер немесе толықтырулар енгізген актілер деректерін көрсете отырып енгізу; актіден қалыптық нұсқаулар жоқ бөліктерді алып тастау, мәтінінде мұндай бөліктердің болмау себептері туралы белгілер жасау; қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мөліметтерді алып тастау, қолданылып жүрген актілерді зандардың салалары бойынша болу ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі қодекстер, ережелер, жарғылар жөне т.б. жасау). Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни заңдарды белгілі бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтар мен жинақтар шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты калыпты материалды тәртіптеуге, яғни кодификацияға бөлу заң әдебиетінде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтастырушы, сондай-ақ белгілі бір өзгерістерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты актілерді басып шығаруды біллдіреді.
Заң актілерін жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. Қалыпты құқыктық актілерді іздеудің оңайлылығына, олармен халықтың қалың бұқарасының, қоғамдық белсенділердің таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтық санасын өрістетуде, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын пайдалануын және заңдық міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуде, сондай-ақ қалыпты құқықтық актілерді есепке алу үшін жүйелеудің маңызы зор. Сөйтіп, қалыпты құқықтық актілерді жүйелеу демократияны дамыту мен жетілдіруге, зандылықты, мемлекеттік және қоғамдық өмірді нығайтуға ықпал етеді.
Қазіргі құқық тәжірибесінде қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің төрт тәсілі қолданылады:
- Заңдар мен өзге де актілердің түрлі ыңғайдағы жиынтықтарын, жинақтарын әзірлеу мен басып шығару (инкорпорация). Инкорпорация — қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң, шығарушының баспа бетінде жариялаған мөліметтері. Заңдарды ретке келтіру тәжірибесінде олардың түрлері көп әрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Заңдарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты материалдарды іріктеу мен өңдеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.Қалыпты материаддарды қамту көлемі жөнінен инкорпорация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.Жалпылама инкорпорация деп мәні мен заңдық күші бойынша біртекті қалыпты – құқықтық актілерді ретсе келтіруді айтамыз. Әдебиетте кездесетін инкорпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгілерін тұжырымдауға болады:
- жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның белгісі — қалыпты құқықтық актілерді тәртіпке келтіру болып табылады;
- инкорпорация дегеніміз — қалыпты қүқықтық актілерді әлдебір жүйе бойынша заң шығарушының жариялаған мәліметтері;
- мұндай актілердің мазмұнындағы өзгерістердің көрсетілмеуі;
- актілерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргізу: барлық соңғы шыққан актілерге өзгерістерді енгізу, лауазымды адамдардың қойған қолдарын алып тастау, күші жойылған деп танылған калыпты емес, уақытша бөліктерді алып тастау және т.б.
Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы — қолданылып жүрген акт мәтініне барлық кейінгі ресми өзгерістерін енгізіп, оны жаңа өзгертілген нұсқасында жариялау болып табылады.
Егер акт жаңа нұсқасында ресми басылымдарда жарияланатын болса, онда бұл әдіс қалыпты актілерді қайта жариялау деп аталады.
Белгілі бір ірі қалыпты құжаттарды немесе бүкіл заңдарды тұтастай өңдеп инкорпорациялау әлдеқайда терең әрі құқық қолдану төжірибесінде мейлінше тиімді болып табылады. Мүндай инкорпорациялау қызметінің нәтижесінде са-лалық, ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша заңдардың, басқа қалыпты құқыктық актілердің түрлі жинақтары мен жиынтықтары жасалады.
Сөйтіп, қалыпты құқықтық актіні жинаққа, жиынтыққа кіргізбес бүрын оны өңдеп алу кажет:
- күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау керек және керісінше, кейінгі барлық өзгерістерді, толықтыруларды енгізген актілердің дерегін көрсете отырып, қосу қажет;
- актіден қалыпты нұсқаулары жоқ бөліктерін алып тастап, мәтінде осы бөліктердің алыну себептері туралы ескертпе жасау кереқ;
- қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мөліметтер алынып қалады.
Қалыпты-құқықтық актілерді былайша сырттай өңдеу олардың қалыптық мазмұнын қозғамайды. Құқық қалыптары ешқандай өзгертілмей, осы жүйелеу кезінде қандай күйде қолданыста болса, сол қалпында инкорпорацияланады. Бұл ретте қалыпты-құқықтық актілердің деректері, тармақтарының нөмірлері, абзацтары және т.б. толық сақталады.
Оның нақ осы белгісі — актінің қалыптық мазмұнының өзгермей сақталуы — жүйелеудің әлдеқайда жетілген түрі ретінде инкорпорацияның консолидациядан (топтастырудан), кодификациядан (сұрыптаудан) және актілерді есепке алудан негізгі ерекшелігін білдіреді.
Заңдардың инкорпорациялануын сипаттаған кезде, әдетте, оның жалпы және жеке (материалдық көлемі бойынша); хронологиялық (тізбектік) жөне жүйелік (жүйелеу тәсілі бойынша); республикалық және ведомстволық (пән бойынша) ресми, жартылай ресми (официозный) және бейресми (заңдык табиғаты бойынша) болып бөлінеді.
- Заңдарды жүйелеудің екінші түрі — кодификациялау (сұрыптау), өзінің кең ұғымында зандарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудің үлгілі әрі мейлінше тиімді нысанын білдіреді. Ол қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші жөне әдетте, қүқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын, жеке қүқық тұтқасын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сүйене отырып, заң шығарушы ғылыми өлшемдердің негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігіне қарай болашақ сұрыптаушы актінің тақырыбын айқындайды, уақыт тезінен өтіп, өзінің мәнін сақтап қалған қолданыстағы қалыптық нұсқауларды таңдап алады, сөйтіп, оларды сұрыптаушы актінін жобасына енгізеді, ескірген қалыптық ережелер мен әлдебір түзетулерді қажет ететін ережелерді анықтайды, қоғамдық өмірдің дамуындағы ағымдарды бейнелейтін жаңа нұсқауларды әзірлейді. Сонымен, дамыған құқықтық жүйеде сұрыптаушы акт, әдетте, тиісті мәселе бойынша барлық негізгі ережелерді өз бойына табиғи жинақтаған, оларды белгілі тәртіпке жүйелеген жиынтық акт болып табылады. Ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерістер және тың, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген зандардың сапалы өңделген қорытпасына айналады. Сұрыптаушы актіні тиісті заң шығарушы орган бекітеді және бұл түрғыда сұрыптау құқықты туындатудың негізгі нысандарының бірі болып табылады.
Сұрыптаушылық қызмет барысында жаңа құжатты бекітумен қатар, әдетте, сұрыпталған актіні қабылдаумен байланысты бұрын қолданылып келген қалыпты актілер жөне олардың іс жүзінде күші жойылмаған бөліктері күшін жоюға ұсынылады. Сондай-ақ егер жаңа сұрыпталған актінің қабылдануына орай белгілі бір түзетулер жасау қажеттігі туындаса, қолданылып жүрген актілерге енгізілетін өзгерістер әзірленеді. Сөйтіп, заңдарды ескірген, уақыт талабынан қалған, тиімділігі аз актілерден тазарту мәселесі шешіледі.
Құқықтық реттеуде тұжырымдаушы бола отырып, сұрыптау сонымен қатар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесінде қоғамның соңғы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатын да көздейді. Басқаша айтқанда, сұрыптау — белгілі бір қолданылып жүрген калыптарды бекіту және оларды жүйелеу ғана емес, сонымен қатар жаңа құқықтық нұсқауларды әзірлеу, зандардың мәтіндерін жетілдіру болып табылады. Сұрыптаудың нақ осы қасиеті оны құқықшығармашылық қызметтің мейлінше жетілген түрлерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының құқық шығарушы органдары қабылдайтын сұрыпталған актілер қолданылып жүрген зандардың негізін құрайды, бірақ ағымдық көлемі бойынша шағын зандардың және өзге де қалыпты құқықтық актілердің кең шеңберін қабылдауға тосқауыл болмайды.
Заңдарды ретке келтірудің жоғарғы нысаны, оны жаппай сұрыптау болып табылады, тиісті мемлекет өкіметі жоғарғы органның (не өкімет пен басқарудың) барлық жаңартылған және белгілі бір ғылыми негізделген жүйе бойынша түзілген қалыпты нұсқауларын қамтыған сұрыптау жүргізу негізінде заңдардың барлық саласында бірыңғай кең ауқымды акт (оны көбіне «кодекстердің кодексі» немесе «кодекстер жиынтығы» деп те атайды) жасалады. Республика заңдары дамуының кдзіргі кезеңінде сұрыптаудың мұндай нысанына өзірге қол жете қоймас, бірақ оны келешекте ескеру қажет, сонда заңдардың барлық саласында өңделген, жаңартылған әрі осы заманғы бүкіл талапқа сай келетін сүрыпталған актілеріміз болады. Осы орайда құқықшығармашылығы барысында, мемлекетгік буындардың құқық қолдану қызметінде жөне қолданылып жүрген қалыптарды нақты құқықтық қатынастарда іске асыруда қалыпты құқықтық актілерді жүйелеудің күллі ұтымды тәсілін пайдалану өзекті мәселе болып қала береді.
- Жүйелеудің үшінші түрі — консолидация (топтастыру), яғни қалыпты актілердің көптігін бір ірілендірілген актіге біріктіру. Жаңа іріленген акт оған енген қалыпты актілерді ауыстырады, өйткені, құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылданған күні, нөмірі әрі лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді.
Соған қарамастан, бүл құқық шығарудың өзгеше тәсілі. Оның басты ерекшелігі — топтастыру кезінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің мазмұны өзгермейді. Бұрын қабылданған актілердің қалыпты нұсқаулары жаңа актіге өзгеріссіз біріктіріледі. Олар ең әрі кеткенде редакциялық жөндеуге түседі: қарама-қайшылықтары, қайталанулар, үздік создықтығы жойылады, мазмұны ұқсас қалыпты нұсқаулар және т.б. бір тармаққа жинақталады.
Топтастыру шаруашылықты басқару, салық салу, әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша қалыпты актілерді тәртіпке келтіру мақсатында, бір сөзбен айтқанда, ондаған, жүздеген шашыраңқы қалыпты нұсқауларды олардың мазмұнын өзгертпей біріктіруге болатын жердің бәрінде құқық шығару қызметінде пайдаланады.
- Жүйелеудің төртінші түрі — қалыпты құқықтық актілерді есепке алу, яғни оларды жинау, сақтау жөне бақылау жағдайында ұстау, сондай-ақ есепке алынған құжаттар арасынан қажетті құқықтық ақпаратты табуды қамтамасыз ететін іздеу жүйесін жасауды білдіреді.
Есепке алудың негізгі міндеті құқықтық ақпараттарды жинау және қажеттісін жедел іздеп табуға мүмкіндік беретін күйде үстап тұру болып табылады. Есепке алуға болатын актілерді жинау түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Олардың едәуір бөлігін қалыпты құқықтық актілерді ресми жариялайтын жинақтардан алуға болады.
Есепке алынған қалыпты актілер жиыны ақпарат қорын құрайды, қалыпты актілер онда белгілі бір тәртіпте сақталады. Бірнеше жүздеген немесе мыңдаған актіден тұратын қор, әдетте, заң шығарушылық буындар бойынша бөлімдерге бөлінеді. Актілер бөлімдер ішінде мерзімдік ретпен орналасады. Картотека бірыңғай сыныптау негізінде жүргізіледі. Заңдар салалары бойынша сыныптау бөлімдеріне, бөлімдер бөлімшелерге, ал кейінгісі қажетіне карай жекелеген тармақтарға бөлінген.
Қандай қалыпты актілер қолданыста екенін, оларға қаңдай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін білу үшін есепке алынған актілер мәтініне, кейінгі барлық өзгеріс пен толықтыру енгізіліп отырады, яғни олар бақыланған күйде ұсталып тұрады. Әлдебір мәселе (тақырып) бойынша қабылданған қалыпты құқықтық нұсқаманы тез тауып алу үшін ақпарат-іздеу жүйесі жасалады.
Іздеу мынадай түрде жүргізіледі:
- құқықтық ақпаратқа туындаған қажеттілік қандай тақырыпты немесе қандай актілерді табуға жататыны жөнінде сұрақ түрінде рәсімделеді;
- түскен сұрауға сай келетін әліпби-пән сөздігі немесе заңдар салаларының айдары бойынша тақырыптар тізбесі анықталады;
- журнал бөлімдері немесе картотека айдарлары бойынша сұрау тақырыптарына сай келетін қалыптар бар қалыпты актілер анықталады;
- берілген сұрауға сай келетін қалыптарды актілер мәтінінен оқу арқылы іріктеу жүзеге асырылады.
Қазір басқару саласында осы заманғы техника, соның ішінде компьютер машиналары барған сайын кеңінен қолданылып жатқан кезде автоматты ақпарат іздеу жүйесін жасау үшін мол мүмкіншіліктер ашылуда. Қолмен іздеу жүйесінен автоматты іздеу жүйесінін артықшылығы – құқықтық ақпарат іздеуді айтарлықтай жетілдіреді және мемлекетгік буындар мен занды түлғалардын оған деген кажеттілігін мейлінше толық қанағаттандыруды қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде Қазақстанда ведомстволық актілерді мемлекеттік тіркеу жолға қойылған. Мемлекеттік тіркеуге мынадай жағдайда тиісті ведомстволар өз актілерін жібере алады.
Қалыпты актіге; 1) қалыпты актіні шығару негіздері (министрліктерді, мемлекетгік комитеттердін, ведомстволардың құзыреті, жоғары органның шешімі, т.б. жағдайлар;
2) осы мәселе жөнінде бұдан бұрын қабылданған қалыпты актілер туралы және оларды өзгерту туралы ұсыныстардын қабылдануы немесе мемлекеттік тіркеуге ұсынылған актінің қабылдануына байланысты күші жойылған деп тану туралы мәліметтер көрсетілген анықтама тіркеледі. Бұл жұмысты Қазақстан Реслубликасы Әділет министрлігі министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың қалыпты актілерді табыс еткен кезден баетап 30 күн ішінде жүзеге асырады. Егер қалыпты актіні қосымша зерделеу жүргізу жене сарапшыларды тарту қажет болса од тіркеу мерзімін ұзарта алады.
Қалыпты актіні тіркеуге мынадай жағдайда рұқсат берілмеуі мүмкін, егер ол:
- азаматтардың заңдарда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе немесе оларға заңдарда көзделмеген міндеттерді жүктейтін болса;
— оны шығарған орган құзыретінің шегінен шығатын болса;
— мүдделі министрліктермен, мемлекеттік комитеттер және ведомствода келісілмеген болса, егер мұндай келісім міндетті түрде заңда айқындалып көрсетілсе. Тіркеуге рұқсат етілмеген қалыпты актілерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оларды шығарған органға олардың заңға сәйкес келмейтіндігі туралы қорытындылармен бірге қайтарып береді. Бірақ бұл шешімге наразылық келтіріп, шағымдануларына болады.
Демек, есепке алуды құқықтық ақпаратқа өз кажеттілігін қанағаттандыру үшін не өзге субъектілерді құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін іс жүзінде барлық мемлекеттік буын мен занды тұлғаға сату мақсаттарында жүзеге асырады.
Қорыта келгенде, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің ерекшеліктері мынада:
- әр мерзімде қолданыста жүрген актілерді бір-бірімен салыстыру және оларды талдау;
- құқық нормаларының мазмұнындағы қарама-қайшылықты, құқықтағы ағаттықты, бір мәселелерге арналған актілердің көптілігін жоюды, сонымен бірге ескірген нормаларды табу;
- жаңа актілердің жобаларын дайындау, қолданылып жүрген актілерге өзгерістер мен толыктыру енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу;
- жаңадан қабылданған актілер, өз күшін сақтайтын бұрынғы актілерді белгілі жүйеге топтастырып, заңдар жинағы мен жиынтықтарына жиыстыру.
Заңдарда жүйелеудің жеңілдеу ұғымы — бұл оларды ықшамдауға бағытталған қызметті бағыты.