Кодификациялық актінің басты белгілеріне тоқаталалық. Ол мыналар:
1)әдетте, кодификациялық актіде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негіздерін айқындап, қоғамдық өмірдің ең басты мөселелерін реттейтін қалыптары қамтылады;
2)ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүліктік, еңбек, неке жөне отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т.б.) реттейді;
3)зандарды жетілдіру түйіні бола отырып, ол — бір-бірімен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актісін білдіреді; ол жиі айтарлықтай тұрақты коғамдық қатынастардың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген, өмір төжірибесінде пісіп-жетілдірілген тұтас қүқықтық құжат;
4)кодификациялық актілердің өте тұрақтылық, өзгеріске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелінген құқық қалыптарының берік құрылымын қамтамасыз етеді. Кодификациялық актінің тиімділігі заңгерлердің қоғамдық қатынастардың даму объективтік тенденциясын, оның реттегіш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;
5) кодификацияның мәні, әдетте, зандар жүйесінің салаларға, институттарға бөлінуіне қарай анықталынады. Кодификация құқықтық қалыптық актілердің жүйесін, олардын заңдық бірлігін және үйлесімділігін нығайтады. Сөйтіп, кодификациялық акті баска қалыпты актілерден жоғары тұрады және олардың жүйесін басқарады;
6) ол сонымен катар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерісер және тек, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;
7) кодификациялық акті өзінің көлемі жағынан өте маңызды, күрделі құрылымдардан тұрады, оның ішкі құрылымы белгілі бір жүйеге сай келеді.
Әдетте, заң әдебиеттерінде және практикада кодификацияның бірнеше түрін ажыратады. Оның біріншісі — жалпылама кодификация — заңдардың барлық салалары бойынша кодификациялык актілердің блоктарын қабылдау, сөйтіп, ішкі жүйелілігі жағынан ірілендірілген актінің «кодекстердің кодексі» деп аталатын біріктіріліп, ықшамдалған түрін туғызу. Келесі түрі — салалық кодификация —зандардың белгілі бір салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік кодекстер жөне т.б.) қамтиды. Ақыры, арнайы (мамандандырылған) кодификация – белгілі бір құқықтық институттарды реттейтін актілерді шығару (салықтық, орман, кеден кодекстері және с.с.) және кешендік кодификация — кешенді қүқық салаларын не әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіру, әрине, біртектес қатынастарды реттейтін ірі сфераларды қамтиды.
Инкорпорация — қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жариялаған мәліметтері. Заңдарды ретке келтіру төжірибесінде олардың түрлері көп өрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Зандарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты матери-алдарды іріктеу мен өндеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қалыпты материалдарды қамту көлемі жөнінен инкорпорация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.
Жалпылама инкорпорация деп мәні мен зандық күші бойынша біртекті қалыпты – құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз.