Түгіскен аймагы — шөл зонасының жусанды-эфемерлі даласын алып жатыр. Аймақтың негізгі бөлігінде тақыр тәрізді топырақ (41 %) дамыған. Дарияға жақындаған сайын шөлге айналған шабынды топырақ (20 %), шөлейттенген (12 %) және шалғынды-батпақты топырақтар бар (20 %). Су өткізу мүмкіндігі 55 м куб/сек Келінтөбе магистральды каналы арқылы аймақ суландырылады [30, 73].
Аймақтың табиғи жағдайы күріш және ерте дәнді дақылдар өсіруге қолайлы, өйткені топырағы қүнарлы, жазда күн сәулесі мол, қүрғақ ауа райы қалыптасады және сумен жақсы қамтамасыз етілген. Дақылдарды өсіруге қолайлы жылы күндер үзақтығы — 192-226 күн.
Бұл аймақта көктемдегі суық кезең сәуірдің екінші он күндігінде аяқталады, ал күздегі суық қазанның бірінші он күндігінде түседі, яғни суықсыз кезең үзақтығы 157-178 күн. Көктемдегі ең соңғы суық наурыздың екінші-үшінші онкүнтігінде, кейде сәуірдің басында болып өтеді, ал өте қолайсыз жылдары мамыр айында да болуы мүмкін. Түрақты қар жамылғысы қарашаның аяғында пайда болып, наурыздың екінші-үшінші он күндігінде түгел еріп кетеді. Қар қалыңдығы жүқа 8-10 см, немесе оданда аз. Қар жамылғысының ерімей жату ұзақтығы 50-70 күн. Аймақтағы топырақ негізінен екі түрлі: суармалы егіншілік (күріш плантациялары және дәнді дақылдар) орналасқан бөлігінде шалғынды-батпақты топырақтар, ал басқа жерлерде тақыр тәрізді тұзданбаған, немесе аздап тұздаған топырақтар бар.
Жаңақорған-Шиелі суару аймағы — облыстың оңтүстік бөлігінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан және егіншілікке жарамды жерлер көлемі үлкен. Аймақ Жаңашиелі және Сунақата ирригациялық жүйелері арқылы суландырылады. Жаңашиелі каналының ұзындығы 89 км, су өткізу мүмкіндігі 102 м куб/сек. Сунақата суару жүйесі 1943 жылы салынған, канал ұзындығы 25 км, су өткізу мүмкіндігі 12 м куб/сек. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашар, өйткені жер асты суы жақын орналасқан.
Қызылорда суару жүйесі — Сырдарияның екі бетіндегі Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан үлкен территорияны қамтиды. Бүған үш аудан — Сырдария, Жалағаш, Қармақшы административтік аудандары кіреді. Аймақтың топырақ жамылғысы әртүрлі, бірақ негізінен шалғынды-батпақты, аллювиальді шалғынды-батпақты топырақтар. Мұнда күріш өсіру тиімді. Тұздану типі-хлорлы-сульфатты. Тұздардың жинақталуы топырақтың бір қалыпты еместігіне және дренаждық қасиетіне байланысты. Оның үстіне суару суларымен бірге көп мөлшерде (22-28 т/га) тұз қосындылары келіп түседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте жатады. Олардың минерализациялануы 1-13 г/л, бірақ көпшілік жағдайда 5-10 г/л болады [30, 73]. Ауа райы Түгіскен және Жаңақорған-Шиелі аймағының климатына ұқсас. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілдеде температура 38-42°С-қа дейін жетеді, маусым-қыркүйек айларында жауын-шашын болмайды. Дақылдардың өсуіне қолайлы жылы кезең — 191-208 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 50-120 мм, олардың көпшілігі қыс және көктем айларында жауады. Сондықтанда бұл жерлерде егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін. Көп жылғы мәлімет бойынша жылы кезең сәуірдің екінші он күндігінде келіп, қазанның бірінші он күндігінде суық түседі және жылы уақыт ұзақтығы 176-182 күн. Кейбір жылдары суық наурыздың екінші-үшінші онкүндігінде аяқталады, қарашаның басында қайтадан түседі. Осындай жылдары жылы кезең 200-215 күнге созылады. Қысы қысқа, суық, бірақ арасында жылы күндер жиі болады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның үшінші онкүндігінде қалыптасады, ал қары бар кезең үзақтығы 50-70 күн.
Қазалы суару аймағы. Сырдарияның екі бетінде орналасқан, 60 мың га жерді алып жатыр. Қазалы су торабы салынып біткеннен кейін бұл аймақта күріш егіншілігі интенсивті дами бастады. 1965 жылы мұнда күріш егісі көлемі 3,8 мың га болса, 1979 жылы 10,8 мың гектарға жетті, ал 2005 жылы 8,5 мың га болды. Топырағы және басқа табиғи жағдайы жоғарыда аталған аймақтармен үқсас. Дегенмен Сырдарияның төменгі сағасында топырақтың механикалық қүрамы ауырланып, сазды болады әрі тұздануы күшейе түседі. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде пайда болады және ұзақтығы 85-90 күн. Көктемгі жылы күндер Қызылорда облысының оңтүстігімен салыстырғанда 10-15 күн, ал күзде 5-7 күн кейін келеді.
Сонымен, Қызылорда облысының топырақ жамылғысы әртүрлі, дегенмен негізінен екі түрі бар: егіншілік зонасында ылғалды (гидроморфты) топырақ және қуаңшылық (субареальды) жағдайда қалыптасқан, көне суару жүйелері іздері бар шөл дала топырақтары. Осындай әртүрлілігіне қарамастан, шөл далалық жағдайына, ауа райына байланысты жазық жерлердегі топырақтардың кейбір ортақ қасиеттері бар [30, 73].
- Жоғары карбонаттылығы (көмір қышқыл эк 10-25 %). Тұзданған жерлерді сумен шайғанда карбонаттылық топырақтың тұздылығын азайтушы қасиеттердің бірі. Топырақта карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайтқыштарының ерімейтін, бірақ өсімдіктер сіңіре алатын қосындылар түрлеріне айналуын жылдамдатады.
- Профилі аллювиальды топырақтар түрлеріне сәйкес қатпарлы
шөгінділер. Мұндай топырақтарда шаң тәрізді бөлшектер 40-75 %,
көлемі 1 -0,25 мм фракциялар өте аз, 1 мм-ден ірі бөлшектер жоқ.
З.Макроструктуралар жоқ,су өткізбейтін микроқұрылымдар көп.
4.Топырақтың жоғарғы қабаты (0-15 см), ал шөл дала топырағының орта қабаты (20-150 см) өте тұзданған. Түздану типі-хлорлы-сульфатты, күкірт қышқылының натрий, магний, кальций тұздары басым. Суармалы аймақтар тұздану деңгейі бойынша эртүрлі: Жаңақорған-Шиелі аймағының топырағы және жер асты суы аз деңгейде түзданған. Қызылорда аймағы топырағы орташа мөлшерде, ал Қазалы аймағы топырағы өте жоғары деңгейде түзданған.
- Микробиологиялық процесстер өте жылдам, интенсивті өтеді. Бұл органикалық заттардың жылдам шіріп бөлшектенуіне әкеліп соғады. Барлық топырақ түрлерінде калий көп, жылжымалы фосфор түрлері орташа, немесе одан төменгі деңгейде, ал азот өте аз. Сондьқтан органикалық және минералды тыңайтқыштарды, әсіресе азотты көбірек беру керек [30, 70-73].
Жерді мелиорациялау нәтижесінде Қазақстан, соның ішінде Арал өңірі күріш егіншілігі жедел дамыған аймаққа айналды. Күріш пен дәнді дақылдарды (бидай) өсіріп жинаудың барлық процестерін (үдерістерін) механикаландыруға .мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынды. Осы жүйелер негізінде күріш және басқа дақылдар өсірудің жаңа аймақтары игерілді. Олар: Алматы облысында — Ақдала, Шарын, Тасмұрын алқаптары (массивтері); Қызылорда облысында — Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Орталық (Қызылорда) және Қазалы алқаптары; оңтүстік Қазақстан облысында — Қызылқұм алқабы [30, 72, 73]. Қазақстандық Арал өңірінде күріш егіншілігі 1965-1966 жылдардан бастап қарқынды дамыды, ал 1980-1990 жылдары бұл бағалы дақыл 90-100,3 мың гектар көлемінде өсірілді, дән өнімі Қызылорда облысы бойынша орташа 49-52 ц/га, бидай өнімі 12-15 ц/га деңгейіне дейін жетті. Күріш және бидай егісінен мұндай жоғары өнім алынған жағдайда бұл дақылдар негізгі қоректік элементтерді (NРК) көп мөлшерде топырақтан алып сіңіреді. Нәтижесінде ауыспалы егіс танаптарының топырақтарындағы минеральды қоректік элементтерінің айналымы ажыратылып, олар дәнмен, сабанмен әкетіледі. ¥зақ уақыт суға бастырылған күріш атызы топырағына оттегінің ауамен келуі тоқтатылады, топырақтың минерологиялық құрамы және қоректік заттардың тереңдік (профиль) бойынша орналасуы өзгерді. Мұндай өзгерістер жер асты суы жақын орналасқан және түзданған топырақтарда күштірек болады [30, 73].
Аталған қолайсыз жағдайларды өзгертіп жақсарту және топырақ құнарлылығын арттыру үшін егістікке минеральды және органикалық тыңайткыштарды оптимальды мөлшерде беріп, көп жылдық шөптердің (жоңышқа, түйежоңышқаның) егіс көлемін ұлғайту керек. Өйткені көпжылдық шөптер күріш ауыспалы егісі танаптарының топырағын органикалық қалдықтармен көп мөлшерде байытып қамтамасыз етеді [30, 39, 73]. Бұл күріштің және бидайдың биологиялық өнімімен (дән, сабан) әкетілген қоректік элементтерді «Қайтару заңдылығын» сақтауға мүмкіндіктер туғызады.
Қызылорда облысындағы суармалы жерлер көлемі 277,6 мың гектар, оның ішінде 206,0 мың гектары — инженерлі дайындалған жерлер. Мүнда 382 ауыспалы егіс, оның ішінде 285 күріш ауыспалы егісі 165,6 мың гектар жерлерге орналасқан. 2001-2005 жылдары ауыспалы егіс 70,7 %, яғни 117 мың гектар көлеміне күріш, бидай және басқа дақылдар орналасқан. Бұлардан басқа 21,9 мың гектар көлемінде 73 жемшөптік ауыспалы егіс, 4,5 мың гектарға орналасқан 24 көкөніс — бақша ауыспалы егістері бар [30, 73].
Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы агромелиоративтік зерттеулер және жер асты суларының тереңдік деңгейі мен тұздану режимі бойынша анықталды. Қазіргі кезеңде (01.01.2005 жылғы мәлімет бойынша) жағдайы жақсы деп бағаланатын суармалы жерлер көлемі 39,8 мың гектар, қанағаттанарлық — 104,8 мың га, жағдайы қанағаттанарлық емес — 70,1 мың га, оның ішінде топырағы тұзданған жерлер — 32,0 мың га, жер асты сулары деңгейінің тым көтерілуі және тұздануы нәтижесінде құнарсызданған жерлер — 38,0 мың гектардан асады [30, 73, 74]. Күріш ауыспалы егісі танаптарындағы жер асты суларының режиміне әсер етуші негізгі факторлардың бірі егістікті суару тәртіптемесі. Жер асты суларының толығуы куріш егісін суару барысында судың фильтрацияланып, төменге сіңуі және жер асты суларымен қосылуы нәтижесінде болады.
Жер асты суларының азайып, деңгейінің төмендеуі топырақтан судың булануы, дренаждық ағыс және жер асты суларының ағысы арқылы басқа жаққа әкетілуі немесе дарияға қайтадан құйылуы арқылы болады. Сондықтан, жер асты сулары деңгейінің өзгеруі жыл бойына екі кезеңге бөлінеді:
а)Өсу дәуірінде (мамыр-тамыз айлары) күріш атыздары мен каналдар ішінде су болғандықтан жер асты суы деңгейi көтеріледі;
б)Күз-қыс-көктемгі кезеңде каналдар мен күріш атыздарында су болмайды, нәтижесінде жер асты суы деңгейі төмендейді.
Арал өңірінде күріш ұзақ жылдар бойы (1965-2005 ж.ж.) өсірілуі әсерінен аймақтағы жер асты суларының деңгейі күріш егiлген суармалы жерлерде және де күріш егілмеген көрші табиғи агрофитоценоздар астындағы сулар деңгейінің жалпы көтерілуiне себепкер болды. 1980-1985 жылдарда күріш жыл сайьш 90-100,3 мың гектар жерлерге егіліп өсірілді. Бұл өз кезегінде жер асты суы деңгейінің көтерілуін туындатты. Мысалы, 1990-2000 жылдары жер асты суы деңгейі 2-3 м болатын суармалы жерлер көлемі артып, 199,5-221,3 мың гектарға жетті. Сонымен бірге, жер асты суларының минерализациялануы күшейіп, 1-3 г/л және одан да жоғары (5 г/л) болды. Сыр өңірінде Түгіскен, Жаңақорған – Шиелі, Қызылорда, Қазалы алқаптарын игергенге дейін (яғни 1965-1966 жылдарға дейін) жер асты суларының режимі табиғи факторларға байланысты болатын және де гидрогеологиялық тип бойынша қалыптасатын. Жер асты суларын толықтырушы көз — Сырдария өзені еді, ал атмосфералық жауын — шашынның әсері жоқ. Ол кезеңдерде, яғни 1965-1974 жылға дейін суармалы жерлердің мелиоративтіх жағдайы қалыпты әрі тұрақты болатын. Жер асты сулары 4-6 м және оданда тереңге орналасқан және олардың жылдық (немесе маусымдық) ауытқуы 0,4-0,6 м аралығында еді.
Сырдария өзенінің суы табиғи қүнарлы сапасынан айрылған. Су құрамындағы органикалық және ылайлы бөлшектердің орнына зиянды қоспалар жылдан жылға көбейіп келеді. Өзен арнасынан минерализацияланған тұздар, пестицидтер және улы заттар қосылған қашырқы-дренаж сулары, өндіріс орындары мен елді мекендерден шыққан лас сулардың қосылуы (құйылуы) нәтижесінде дария суының сапасы нашарлауда. Мысалы, Сырдария өзенінің жоғарғы (бас) жағындағы суының минерализациялануы 0,3-0,5 г/л мөлшерінен төмен, ал Қызылорда қаласы тұсындағы өзен суының минерализациялануы 1,6-2,0 г/л. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы су ресурстарының жылдан жылға азайған қолайсыз жағдайда дамуда.
Арал өңіріндегі суармалы жерлердің агроэкологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлауы коллекторлы-дренажды ағын суларда тұзды қоспалардың көбеюіне және жер асты суларының көтеріліп минерализациялануына байланысты. Бұл процесс күшейе түсуде, ал соңғы 10 жыл ішінде 60 %-ға артты. Мұның себебі: суару және жер асты суларының минерализациялануы, сонымен бірге бүкіл аймақтағы қашыртқы — дренажды жүйелердің нашар, бұрынғы проектілік қуатынан көп төмен жұмыс істеуіне байланысты. Нәтижесінде суармалы жерлер қайтадан тұзданып, құнарсызданып, біртіндеп айналымнан шығып қалуда. Атап айтқанда, Қызылорда Гидрогеологиялық — мелиоративтік экспедицияның зерттеулеріне қарағанда [74, 75], облыс территориясында тұзданбаған суармалы жерлер көлемі — 353 га, аз тұзданған жерлер көлемі — 113,6 мың га, орташа деңгейде тұзданған — 45,9 мың га, күшті тұзданып сорланған жерлер көлемі — 55,1 мың га. Топырақтың тұздану типі (түрлері)-хлоридті-сульфатты және сульфатты. Осыған сәйкес, күріш шаруашылығын одан әрі дамыту егіншілік мәдениетін жақсартып, дақылдар (күріш, бидай т.б.) өнімділігін арттыру үшін көптеген проблемаларды шешу керек [30, 73-75]:
— су ресурстарын тиімді пайдалану, күріш, бидай егіншілігі өнімділігін (дән-астық) арттыра отырып, су пайдалануды үнемдеп азайту;
— коллекторлы-дренажды жүйелер параметрлерін бұрынғы проектілік деңгейге жеткізу;
- тазаланбаған қашыртқы-дренаж және суару суларын азайту, оның құрамындағы улы компоненттерден тазарту;
- инженерлі дайындалған суармалы жерлердің агромелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында кешенді шараларды іс жүзіне асыру, суару және қашырқы-дренаж жүйелерін тазалап реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу;
- күріш, бидай және басқа дақылдарды өсірудің агроэкологиялық тұрғыдан негізделген сорттық технологиясын өндіріске енгізу; егіншілік саласын биологизациялап, ауыспалы егіс дақылдарының суару режимін, минеральды тыңайтқыштарды беру (қолдану) мөлшерін, мерзімін және әдістемелерін оптимизациялап қолайландыру;
- арамшөптермен (күрмек, шиін, доңыз, қоға т.б.) күресу үшін агротехникалық және агробиологиялық әдістемелерін (мысалы, түйежоңышқа егісі көлемін ұлғайтып, жоғары өнімді егісін қалыптастыру арқылы арамшөптерді жою) тұжырымдап өндіріске енгізу және экологиялық түрғыдан залалсыз гербицидтерді қолдану;
- күріш ауыспалы егісі танаптары топырағының қүнарлылығын арттыру және агромелиоративтік жағдайын жақсарту шараларын үздіксіз жүргізу.