Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
- Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
- Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
- Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
- Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
- Айыппұл салу;
- Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;
- Қоғамдық жұмыстарға тарту;
- Түзеу жұмыстары;
- Әскери қызмет бойынша шектеу;
- Бас бостандығына шектеу;
- Қамау;
- Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
- Бас бостандығынан айыру;
- Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында
«Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып,
қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
- арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
- мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.