Түркі сөйлемдерінің дамуындағы ең көне және баяндауыш құрамының ең толық түрі жіктеу есімдіктерінің сараланып шығып, баяндауыш құрамында қолданылуымен байланысты. Мен(біз), сен(сендер), сіз(сіздер), ол(олар) есімдіктері ешқандай өзгеріссіз етістікпен бірлесіп субстантивтік элемент құрамында қолданылған. Орта ғасыр жазбаларында: Мен санға ашық турур мен. Сен менин турур сен(КРТ) (14)сияқты сөйлемдерден байқалатындай, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметіндегі етістіктерге тіркескен. Жіктік жалғауы есім сөзге тікелей жалғануының нәтижесінде қазіргі тіліміздегідей есім баяндауышты сөйлемдер қалыптасты. Баскаковтардың пікіріне сүйене отырып есім баяндауышты сөйлемнің даму эволюциясы алғашында баяндауыш құрамында негізгі семантикалық жүкті атқаратын есім сөзге тіркескен есімшеге жіктеу есімдігі тіркеседі. Кейіннен тіркескен есімше түсіп қалып, жіктеу есімдігі баяндауыштық аффикске айналуы нәтижесінде есімді сөйлемдер қалыптасты. Жанама септіктерді меңгеретін құрама баяндауыш құрамынан көмекші етістіктердің түсіп қалуы есімнің меңгеруін қалыптастырып, есім баяндауыштың қалыптасуына жол ашады.Айтылатын ой ықшам, әрі түсінікті, оралымды болуы үшін сөйлем құрамынан белгілі бір сөйлем мүшелері түсіріліп отырады. Мұндай сөйлемдерді қазіргі қазақ тілінде эллипс дейді. Әсіресе, мақал-мәтел мен ауыз екі сөйлем стиліне тән болып келетін эллипс сөйлемде сөйлем құрамынан көбіне етістік баяндауыш түсіріліп, сөйлем баяндауышы қызметін оның алдында тұрған есім сөз атқарады.
Негізгі лексикалық мәннің есімге тән болуы, сондай-ақ логикалық екпіннің көмекші етістікке түспей, оның алдындағы есім сөзге түсуі етістік баяндауышты сөйлемнің ықшамдалған түрі- есім баяндауышты сөйлемдерді қалыптастырды.
Құрама баяндауыш құрамынан көмекші етістіктің түсірілуінің төмендегідей себептері бар:
а)тілдегі экономия заңына байланысты:айтылатын ой жинақы, тұжырымды болуы үшін сөйлем құрамынан басы артық мүше ығыстырылады.Мұндай құбылысқа,лексикалық мағынасынан айырылған көмекші етістіктер, кейде толық мағыналы етістіктер де ұшырайды.Баяндауыштық сөйлемде айтылатын ойда ешқандай мағыналық олқылық болмайды. Қазіргі тілдегі есім баяндауышты сөйлемдер деп танылып жүрген сөйлемдердің бәрінің түп-тамыры етістік баяндауышты сөйлемдерде дені сау баяндауышты сөйлемдер.(Ердің ісі- келіс, ездің ісі-керіс, Жері байдың –елі бай, және т.б.)
ә)шақтық мағынамен байланысты. Есім сөзбен тіркескен байланыстырушылық қызметтегі көмекші етістіктер(еді, болды т.б.)
өзі тіркескен сөзге өткен шақтық, келер шақтық мағына үстейді.Ал тіркес құрамынан бұл етістіктердің түсірілуі есімдердің дара қалпында тұрып осы шақтық мағына беруімен ерекшеленеді.
б)стильдік талапқа байланысты. Әр жанрға қойылатын стильдік талаптар болады. Көркем прозада жазушы субъектіге баса назар
аударту мақсатымен оны баяндауыш құрамында қайта қолдануы мүмкін.(Жырық қараның аты-Жел жетпес деген ат.(Ғ.Мүсірепов)). Мұндайда көмекші етістіктердің бірге тұруы стильдік талапқа сай келмейді.Тавтология болмас үшін екі қайталанып тұрған сөз де түсуі мүмкін. Ал поэзияда есім баяндауыштар лирикада жиірек кездеседі.
Мұны Р.Сыздықованың: “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрамы(А70)”-көруге болады.”Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарда немесе жылқыны, я болмаса 100жылғы өткен ескі киімдерді сөз еткен өлеңдердің бірде-біреуінде ашық райдағы етістік ұйқас жоқ,керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған өткен шақтағы есімше жиірек кездеседі,”-деп түсіндіреді.(155-156)
в)экстралингвистикалық факторларға байланысты. Тілдің бір-бірінен даралануы олардың генетикалық тұрғыдағы ерекшелігіне, ішкі даму жолдарына байланысты десек те, әр тілдің сөйлем жүйесінің қалыптасуына сол тілді сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да әсер етеді. Территориясы жақын, сол халықпен үнемі байланыста болуы гениологиялық жағынан туыстас емес тілде ізін қалдырып отырады.Орыс халқымен үнемі экономикалық,мәдени байланыста болу сол тілдің үлгісіндегі жаңа типті сөйлемдердің қалыптасуына жол ашты. Мұндайда сөйлем баяндауышы қызметін септік жалғауындағы есім сөздер атқарған. Тілде жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауындағы сөздер жіктеліп, баяндауыш болуы-бұрыннан бар құбылыс. Ал барыс септігіндегі сөздер жіктелмейтіндіктен, баяндауыш қызметінде қолданылмаған сондықтан барыс септік тұлғасындағы баяндауышты сөйлемдер орыс тіліндегі сөйлемдер үлгісінде қалыптасқан деп пайымдамыз.(Барлық жақсы-балаларға т.б.)