Бүгінгі таңда мекепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқыту технологиясының жетілгенінің бір көрнісі балалның жасына қарамай кез-келген білімді игеруге мүмкіндік бар. Сондықтан да, бұларды оқытатын ұзтаздарыд оқытудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының бірізділігінен гөрі оқыту әдіс-тәсілдері, оқыту құралдарының сабақтастығы тоғалдырады. Міне осы мәселенің жетімсіздігінен аталған жастағы балалардың үйлесімдщі дамуы зардап шегіп, бала дамуының кейбір кезеңдерін асыға аттап кету бой көтеруде. Олай дейтініміз қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үрдісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына бағынышты болып отыр.
Мәселен, мектепте даярлық сынптан, балабақшадан келген балаларға оқу, жазу, санау дағдыларын тексеруге тапсырмалар берілгенде олардың мектепке даярлығы бірінші сынып бағдарламасын ертерек меңгеріп келеді деген мағынада қарастырылады. Тәжірибелі ұстаздар мектепке дайындықпен келген оқушының пәндік дағдылары мен іскерліктері (оқу, жазу, санау) оқудың алғашқы күндері ғана балаға жеңлдеу түсетінін жақсы біледі. Оқу мақсаты оқушыдан өзбеттілікті, мақсаттылықты, шығармашылықты, логикалық пайымдауды қажет еткен кезде бала қинала бастайды, ұзстаздың көмегін қажет етеді. Ендеше пәндік дағдаларға қарап бала оқуға дайын деп айтуға қателік болар еді.
Даярлық сынып пен бастауыш сынып сабақтастығы неден көрінуі тиіс, қалай жүзеге асуы керек деген сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, сабақтастық дегенге тоқталайық.
Сабақтаастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділіг. Осының барлығы бір ғана түптілікті мақсатқа – баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Бұл анқтамадан төмендегідей қорытынды шығаруға болады.
Даярлық сыныпта:
-осы кезеңнің маңыздылығын сақтау;
-баланың жеке-тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту; ъ
-қоршаған ортамен баланы қарым-қатынасқа жаярлау;
-оқи алу өзбеттілігін, оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыруды жүзеге асыру;
-оқушымен жеке жұмыс, даярылық сыныпта баланың толық мәнді қалыптаспаған қаблеттерін жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
-оқушының ойын арқылы оқу әрекетін дамыту қажет.
Даярлық сыныптарда баланың көрнек-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлау түрлерін жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік-логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.
Көрнекі-әрекеттік ойлау – нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қаблеті дамытылады. Көрнекі-әрекетті ойлауды жетілдірудің негізі жолдарының бірі, балалардың алдына белгілі мақсат қоя отырып, геометриялық матеиралдармен, конструкторлармен, үлестірме шаблондармен жұмыс жүргізу көзделеді.
Көрнекі –бейнелік ойлау –заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс-тәсілдерін табу қаблеті дамиды. Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбелік құру үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (дойбы, шахмат, текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар), танымдық сұрақтар (газетті пайдаланудың түрлді тәсілін көрсет, нағыз адам болу үшін қандай әрекеттер жасауға болады, оқиға жақсы аяқталу үшін, мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынасыңдар т.с.с.).
Сөздік-логикалық ойлау – сөз немесе белгі арқылы бейнелееген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың ьойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қаблеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік-логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қыызықты есептерді, логикалық жаттығуларды, сан-алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды т.б. пайдалануға болады.
Қорытындылай келе, баланың жан-жақты үйлесімді дамуы-ойлаудың әр түрініңөзінідік маңыздылығын ескере отырып дәріс беруде деп айтсақ артық емес. Осы шағын мақаланы әріптестерімен сабақтастықты дамыту жолында үлкен ой салу мақсатымен ұсынып отырмын.