Қазакстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік әнұранын қорлау.
Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының басқару тәртібі, Мемлекеттік рәміздерінің беделі.
Кылмыстың заты — Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран.
Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын, Мемлекеттгк әнүлданын қорлау арқылы сипатталады.
Қылмысты әрекеттер жария түрде жүзеге асырылуы қажет.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген заттарды қорлау әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей касаканалықпен істеледі. Кінәлі адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтынын сезеді жөне соңы істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 1б-ға толған адам.
Мемлекеттік туды заңсыз көтеру.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс Қазақстан Респуб-ликасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеру арқылы сипатталады.
Қылмыс құрамы формальдык, қылмыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтерген сәттен бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеруге бұйрық берген кеме капитаны.