Әскери қызметтен жалтару.
Қылмыстың тікелей объектісі — әскери қызметке шақырылу тәртібі болып табылады.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс әскери қызметтен босату үшін занды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырудан жалтару арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Адам әскери қызметке міндетті бола тұра занды негізсіз әскери қызметке шақырылудан жалтарғанын сезеді және соңы тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан Республикасының әскери қызметті өтеуге міндетті шакыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға занды негізі жоқ азаматтары болып табылады.