Ресми құжаттар және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткiзу.
Бұл қыдмыстың негiзгi тiкелей объектiсi ресмт құжаттар мен мемлекеттiк наградаларды айналымға занды түрде шығу тәртiбiн қамтамасыз ететiн басқару қызметi болып табылады.
Қылмыстың заты – ресми құжаттар және мемлекеттiк наградалар.
Қылмыстық кодекстiн 323 — бабында көрсетiлген қылмыстын затында кез келген құжаттар емес, тек қана ресми құжттар жатады.
Осы қылмыстын затына ресми құжаттардың және мемлекеттiк наградалардың түпнұсқасы жатады.
Объктивтiк жағынан алғанда кылмыс ресми құжаттарды немесе мемлекеттiк наградаларды заңсыз алу немесе заңсыз өткізу арқылы көрiнiс алады.
Қылмыс кұрамы формальдық. Занда көрсетiлген әрекеттер ресми құжаттарды немесе мемлекеттiк наградаларды алған немесе өткiзген уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам заңсыз көрсетiлген заттарды алатынын немесе өткiзетiнiн сезедi және соны тiлеп стейдi.
Қылмыстың субъектiсi 16 — ға толғаң, есi дұрыс адам.
Құжаттарды, мортаңбаларды, мөрддеоді ұрлау немесе бүлдіру.
Қылмыстың тікелей объектiсі ресми құжаттардың айналым тәртiбiне қол сұғу.
Қылмыстың заты азаматтық төлқұжат, жеке басының куәлiгi немесе жеке басының басқа маңызды құжаттары.
Қылмыстың затына ресми құжаттармен қатар мөртаңба, мөр де жатады.
Көрсетiлген қылмыс құрамы объективтік жағынан мындай әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады: а) ресми құжаттарды, мөртанбаларды немесе мөрлерді ұрлау; б) заттарды жою; в) оларды бүлдiру, немесе; г) жасыру.
Көрсетілген заттарды ұрлау деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу болып табылады.
Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдык кұрамға жатады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.
Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың субъектісі болып табылады.
Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.
Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында құкықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.
Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.
Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.
Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәліктерге тиісінше мемлекеттік немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар жатады.
Мөркағазға —баспа әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

Мөркағазға — баспа әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.
Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы мынадай үш түрлі балама әрекеттерден тұрады: 1) қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми кұжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген куәлікті немесе ресми құжатты өткізу; 3) қолдан жасалған мөртанбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының мемесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу.
Қылмыс формальдык құрамға жатады және құрамның объективтік жағында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі жүзеге асқан уақыттан бастап қылмыс аякталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Жалған куәліктерді, ресми құжаттарды, мөртанбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасаған, дайындаған немесе өткізген адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді және соңы біле тұра қылмыстық ниетін жүзеге асырады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген адам.
Қылмыстың заты — жалған құжат. Объективтік жағынан қылмыс көрінеу жалған құжатты пайдалану әрекеті арқылы көрініс табады.
Қылмыс формальдык құрамға жатады және ол жалған құжатты тиісті органға немесе лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелеи қасақаналықпен істеледі. Адам көрінеу жалған құжатты пандаланғанын сезеді, біледі жәме соны пайдаланып, өз мақсатын жүлегс асырады.
Қылмыстың субъектісі жалпы — 16-ға толған адам.