БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзтын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылады.

Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.

Қылмыстық кодектің 14-тарауындағы осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдык қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Баскару тәртібiне қарсы қылмыстар мен мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi сырттай қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-бiрiнен ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi болып табылады.

Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың тiкелей объектiсi басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлерi болады. Қосымша тiкелей объектiге — адамдардың өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, адамгершiлiгi, қауіпсіздігі жатуы мүмкiн. Кейбiр қылмыс құрамдарында (317, 323—325, 33i-баптар) қылмытстың заты және қылмыстың жәбiрленушiсi (318—322, 327-баптар) көрсетiлген.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың құрамы негiзiнен формальдық құрамға жатады. Тек қана ҚК-тiң 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағына көрсетiлген қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi — ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Екi қылмыс құрамының (330, 331-баптар) мiндеттi белгiсi ретiнде қылмыс iстелу орны көрсетiлген.

Субъективтiк жағынан басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбiр қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажеттi белгiсi болып табылады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам. ҚК-тiн 326-бабында көрсетiлген қылмыс субъектiсi арнаулы — әскери қызметтен жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бiрнеше рет қылмыс жасаған адам осы құрамның, субъектiсi болып табылады.