ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР

Әйел алмақшы  (үйленбекші) болсаң, оның дүние мүлкін сұрама… Әйелдің табиғаты таза, діні таза болса, күйеуіне (еріне) дос болады. Ұятты, ұстанымды, дүние-мүлікті жақсы сақтайтын болуы ләзім. Бұрынғылар айтқан екен: жақсы атын ерінің һәм өмірінің рахаты болар, -деп. Дос болмаған, үй –жайдың жайын жақсы білсе, бір –біріне тез байланады. Қалыңдық ержеткенде, ақылды болуы, анасының бәйбіше, әкесінің отағасы болғанын көрген һәм білгені болуы ләзім. Егер мұндай тәуір қызды тапсаң, дереу үйлен. Ондай қатынға қысастық, қызғаншақтық жасауға әректтенуші болма. Егер сен қатынды қызбанбасаң, оған айып тақпасан біліп қой, қатының саған ата-анасынан да артық мейірбанды болар және содан асқан дос адам болмас. Егер оны қызғансаң, ол саған дұшпаннан асқан дұшпан болар, онымен салыстырғанда, бейтаныс дұшпан түк болмай қалады. Егер қыз алсаң қанша жақсы көрсеңде күн сайын қасында жатпа, сүйтсең, ол бәрінің әдеті солай еке деп ойлайды және сен орынды себептер болып, үйде қонбаған кездерінде сенсіз сабыр етеді. Егер сен түн сайын қатыныңмен бірге жатуды әдет етсең, ол сен жоқ кезде басқаны арман етеді, оның сабыр қылуы қиын болады.

(«Қабуснамадан») 

  1. Әйелдерге қол көтермеңдер.
  2. Қызғанғанда орнымен қызған, намыссыз әрі қызғанбайтын еркекті еркек деме.

(«Мың бір хадистен»)

Сүйген қызыңды сыйла, абыройы мен арын, адамгершілік қасиетін аяла. Сені ынтықтырған қыз –ол сенің болашақ жарың, балаларыңның анасы, екінші -өзің.

В.А. Сухомлинский

Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкене нәрсені ұлкен нәрсеге, ергежейліледі –алыптарға, жорамалды шындыққа айналдырады.

М.Сервантес 

Әйелің –ашынаң емес, өмірлік досың және серігің, демек, біз оны толықсыған келіншек кезінде де, кемпір болғанда да , сүюге о бастан ойланып  әдеттене білуіміз керек.

В.Г. Белинский

Қосағыңмен тату бол, өзгермесін ол адам,

Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай далада.

М. Қашқари

Келін болу әдебі.

Әрбір қыз бала бой жетіп, әке –шешесінің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу –қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке –шешесі қуанады.

Алайда оған дейін қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен өтейтін міндеттері аз болмайды. Солардың бәрі қосыла келе, келін болу әдебін құрайды. Соған мойынсынып, ынта қойып үйрену, даярлану –көргенділіктің белгісі. Қыз бала оң жақта отырғанда –ақ, келін болып түскенде, атқаратын ауыр да, ардақты міндеттері, аттап өтуге болмайтын әдеп –инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа –женгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік,жүрыс –тұрыс сапайылығы мен ширақтығы, әсемдігі, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күтумен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттылықпен қамқорлық, барған жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, силастық, кішілеріне ағалық мейір –ықылас тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы әрі айтып, әрі үйретіп, жүрегіне үялатуға қүш салулары қажет. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандық, адалдық сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, үстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түсінген болуы керек. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру -өте қауіпті. Өмір гүлінің жапырағына құрт түсіп не үсіп бір шалған соң, қайта құлпырып, қалпына келу жоқ, оған көз жасы да, басқа да көмектеспейді.

Қалыңдық үшін де болашақ күйеуінің мінез –құлқы, әдет –дағдылары, ой өрісімен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік есіркіге зауқы), ала бөтен қылықтары т.б. алдын ала білу өте маңызды.

Келінге қатысты халықтық дәстүрден, туыстық атаулардан, олардың өзара және өзіне арақатынасынан жақсы хабардар бола отырып, сүйген жігіттің отбасы жайында түсінігі жеткілікті болуы тиіс.

Екі жасқа бас қосса,

Бірін бірі ойлайды.

Екі жаман бас қосса,

Отбасына симайды.

деген нақты үйленусияқты өмірлік мәнді әрі нәзік мәселеге

үлкен ұстамдылық пен жауапкерлік қажет екенін көрсетті. Ол үшін қыздың бой жетуі, яғни жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болғаны жөн. «Әйел жолы — жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю», — деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бой жете келе, одан өзіне қатысты тиісті қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүрыс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.

Келешекте сүйікті жар, сүйкімді келінге қажет қасиеттерді оң жақта жүргенде-ақ, зердеге түйіп, ол үшін ауылға, айналасына жағып, жақсы атағы шықан, әдепті, инабатты саналатын жеңгелерге, әпкелерге жақын жүрып, сыр алысып, үлгі-өнеге үйренуінің мәні ерекше. «Қызға қырық үйден тыю», — демекті, әр үйден: біреуінен қазан-ошақ ұстауды, бірінен жүк жинап, үй реттеуді, бірінен ас-су әзірлеу, біреуінен отбасының жағымды қарым-қатынастарын, біреуінен отбасының жағымды қарым-қатынастарын, біреуінен қора-қопсы жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы.

Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс-тұрмысымен, жарасты әзілге шеберлігімен көзге түсіп, «Пәлен деген қызды-ай, шіркін!», «Түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі-ай!», «Шешесінен аумай қалған: үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағыанан өнер тамады, әуезінің өзі қандай әдім, сөзі қандай дәмді!» — деп тамсандырады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз бошағы үшін маңызы зор. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды», — делінге. Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып өте беретін, отырғандағ тұрғанда, өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызарту, имену деген ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, дерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлде болмайды. Олай болмаса, пайғамбарымыз: «Кемінде екі қыз перзент бағып, тәрбиелеп, бой жеткізушімен бейішке бірге барамын», — дер ме еді?

Қыздың, демек, болашақ келіннің қолынан іс келуі – міндетті жағдай. «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды», «Олақ әйел — оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Салақтан олақ жаман», «ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесіме көркем», т.б. мақалдар соны білдіреді. Киімтіге білу, дәмді тамақ пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының тіршілігі толық қанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер: келген жері үшін – келіннің, күйеуі үшін – әйелінің қадірін асырады. Бұларды ұсақ-түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өтйені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән-мәнісін арттыратын, ері мен әйелінің бір-біріне ризашылығын, сүйспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы бір аса маңызды жағы, мүмкін, ең маңызды жағы шығар, келешекте өзінің де ұл-қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі-өнеге көрсете алатын болуы.

Қыздарын тұрмыс құруға әзірлеуге, қай халық болсын, зор мән берген. Мұны қызының барған жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген. Әрқайсысының тарихи, мәдени, тұрмыс, салт-дәстүр, наным ерекшеліктеріне байланысты қоятын талаптар жүйесі де алуан түрлі. Бірақ бәріне ортақ мақсат-қыздарының барған жеріне «тастай батып, судай сіңіп» кету, бақытты болуы, ерімен сүйіспеншілікке тату-тәтті ғұмыр кешіп, өмірге перзент әкелуі. Сонау V ғасырда жазылған «Кама Сутра» немесе «Ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезге дейінгі махаббат пен сүйіспеншілік қатынастар өнері» деген кітапта сол кездің өзінде қыздар күйеуге шықпай тұрып, өнер мен білімнің 64 түрін меңгеру керектігі туралы айтылған. Солардың бірталайы бүгінгі күн үшін де мәнін жойған жоқ. Атап айтқанда: ән сала білу, саз аспаптарында ойнай алу, сауатты болу және сурет сала білу, гүлдесте, гүшеңбер, гүлтізбелер жасай білу, сахналық рөлдерде ойнай білу, киім-кешекті зергерлік және басқа әшекей заттармен безендіре білу, қолөнер бұйымдарын әдемі және тез істей білу, аспаздық өнерін игеру, ерекше жұпар иісті, түсі әдемі, қышқыл, шәрбітті ішімдіктер әзірлей білу, киім тіге білу, сөйлемдер мен мәтіндерді мәнерлеп оқи алу, жұмбақ шығара, біәр нәрсені дәлелдей, пікір таластыра білу, кілем тоқи алу, сәулет өнері мен құрылыс салу өнерінен хабардар болу, асыл тастарды, алтын мен күміс теңгелерді айыра білу, тағатын, қолға салатын асыл заттарды таза әрі жарқыраған күйде сақтай білу, бағбандық негіздердің – ағаштарды, басқа да өсімдіктерді бағып-қаға білу, олардың жасын ажыратаалу, тоты және басқа сондай сөйлейтін құстарды күтіп, баға білу, парфюмерияны пайдалана білу, шаш өрімдерін, бұрымдарды безендіре өру өнерін білу, оны күту жолдарын білу, оны күту жолдарын білу, басқа тілдер мен диаклектілерді білу, егер біреу өлең оқып тұрып, тоқтап қалса, оның мазмұнына үйлесетін жолдармен жалғастырып әкете алу һәм өлең шығару жолдарын білу, жастардың дене шынықтыру жаттығуларын үйрену, жұртшылық арасында өзін ұстау ережелерін білу, әзіл айта білу, гимнастика негіздерін білу, өлең (поэзия) өлшемдерін білу, жасанды гүлдер, сазбалшықтан түрлі бұйымдар жасай білу, т.б.

Қазіргі қазақ қыздары, қалыңдықтар- ертеңгі келіндер үшін қоғамның қояр өз шарттары барын да жоққа шығара алмаймыз.

Олар осы күнгі ұлттық тұлеу, өркениетке ұмтылыс рухына үйлесетін жаңа талап –ережелермен қорлана түсер, қазір халақтық тәлімгерлік (педагогика) арнасында жүріп жатқан ізденістер де жоқ емес қой. Солардың негізінде ғылым –үстаздарымыз, ілімпаздарымыздың ат салуымен ол талаптар бір тұтастық, жүйелілік сипат алар. Бұл істі астанада, облыс, аудан орталықтары мен кейбір ауыл –кенттерде  өткізіле бастаған «Қыз сыны» конкурстары (егер екі әдетпен бір түр етіп барып, жоқ болып кетпесе) ұттық әдеп, иба негіздерін бұзбай, көмескілдендірмей, оған қатушыда, көрермен де шын тағылым алып, үйренетіндей дәрежеде өткізіліп тұрса, оңды рол атқарыла алар еді. Алайда осы «Кама Сутрада» сонау бір ерте заманда қыздарға қойылған талаптар өзінің рухы жағынан барлық уақыт, барлық халықтар үшін мәнін жоймағанына және жоймайтынына ешкім таласа қоймас.

Қыздар (әрине, шеше, апа –жеңгелерінің тікелей көмегімен, үйретуімен) алдағы жаңа сапалы өмірге әзірлене отырып, әлбетте, өздеріне сай, сайық жігітке жар болуды тілейді. «Тең –теңімен, тезек –қабімен», -дегендей, онсыз өмір қуанышты да, мәнді де, тәтті де бола алмайды.

Келін болып түскенде, биязылықа қоса, әсіресе, ұстамдылық сезімдеріне ие бола білу, ашу-ызасын тежей, жасыра білу, кейістіктен қайта білу қажет. Олай болмағанда, отбасының берекесі қашады. Күйеуіне дүрсе қоя бергіш, салғыласуға құмар, реніш үстінде сөз талдамайтын келіншек ерінің абыройына нұқсан келтіреді, көңілін қалдырады, суындырады. Не болса, соны сөз қылып, күйеуінің құлақ етін жейтін, қарадан қарап отырып, ұрыс шығаратын, нақақ кінә тағатын әйел күндердің күнінде ерін безіндіріп, бақытынан біржолата айырылып қалуы ғажап емес.

Қазақтың ата салтында келіннің келген жерінде ата-енесінен, сол үйдің үлкендерінен бұрын тұру, жуынып-шайынып, үсті-басын ретке келтіріп, өзінен кейін тұрған оларға сәлем беру әдеті бар. Бұлайша ізет жасау үлкендер мен келін арасындағы қарым-қатынасқа жылылық, сыйластық, инабаттылық дарытады, қанға сіңген халықтық ұғым бойынша, үлкендер соған-ақ төбелері көкке жеткендей қуанып, мәз болып, ыстық ықыласпен баталарын береді, келіннің сол сәл ғана еңбегін он есе артығымен өзіне қайтарады. Ал келіннің дүниеден үміті жоқ жандай сәске түске дейін шашы дудардай болып, пырылдап ұйықтап жатқаны жараса ма? «Өзің жатып, еріңе тұр-тұрлама, келіншек», — деген әзіл-шыны аралас сөздің астарында көп мән бар екенін кейде жастар аңғара бермейді. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің ісі артық», — дегендей, отауының сәнін, ошақ басының берекесін ендіретін шаруа аз ба? «Жаман келін мыңқылдап жүріп билейді, жақсы келін сылқылдап жүріп билейдінің» керін келтіріп, үйі жинаусыз, кірі жуусыз ыбырсып жататын, бірдеңеге қолының ұшы тисе, қабағын қарс жауып, қайғының қара суын сапыратын келінді қай ісі, қай қылығы үшін жақсы көіп, рақмет айтпақсың? Жас адамға жарасатын ширақ қимыл, сезімтал сергектікпен, жайдары қабақ, ашық жүзбен үйін үй қылып ұстап, үлкендеріне ізетін міндет етпейтін келіннен ата –енсі айналып кетпей ме? Өмірдің мәні мен сәні болатын, терең мағыналы отбасылық дәстүрлерімізден «ескілік» деген сылтаумен бас тартып, осы «замандық» деген сылтаумен оңай, берекесіз әдеттерге бой алдырып, кейіпсіздене бергеннің несі жақсы, несі опалы? Әрине, келін де кеше ғана оң жақта ойнақтаған біреудің ботасы екенін, жаңа жағдайға бой үйретідің қиындығын, білмеген жөн-жосығы аз еместігін, балалық шалалығы болатытын ескермеу жөн емес.

Осы орайда ойластыратын тағы бір мәселе: тарихи зердемізге ыстық әке-ше, ата-ене сөздері ауыл-қыстағымыздың атауы мен аты-жөніміз орыстанып, өзге елдің өмір салты омыраулап төрімізге шыққан заманда папа, мама деген өгей сөздерге орын беріп, өздері қалтарыста қалды. Ал бұл сияқты ұлттық салт-дәстүрдің қазығындай «бір ауыз сөздің» алмасуы жас ұрпақты тарихи зердеден адастырды. Сондықтан аталарымыз күйеу, аналарымыз келін болып келе жатқаннан бері қолданылып келген бұл ұғымдардан бостан-босқа жатырқау, сыпайылап айтқанда, жөн емес деп білеміз. Өйткені атам заманнан бергі өз атаулары тұрғанда, әке-шеше мен ата-енені қосақтап, папа, мама деген өзге ұлттың атауына мінгестіріп қолдану – әке-шешені де, ата-енені де, халықтың тілін де, салтын да құрметтеу емес. Келген үйінің басқа да үлкен-кішісін өздеріне жарасымды, сыпайы әрі құрметтеуді білдіретін ат қойып алу да ұлтымызға ғана тән бір әдемі әдібіміз еді ғой.

Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін. Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдім, ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза, төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы, ретті болсын. Келген-кеткен: «Келіні жақсы үйдің керегсі алтын», — деген рас-ау десін!

Осы арада тағы бір қайталапеске сала кететін нәрсе: келін болу әдебіне қатысты әңгіменің түп қазығы – жас жұбайлардың өзара тату-тәттілігі, түсініе білуі, бір-бірінің қадіріне жетуі, мақсат бірлігі, артық-ауыс мінездерін, іс-қылықтарын кешіріп, келіспей қалған жағдайда (өмір ғой, ондайлар болмай тұрмайды), әдептен аттап, ауыр сөздерге барыспауы, бір-бірінен әлденендей артықшылық жақтарын (табысын, талантын, атағын, тегін, мықты тірек-сүйенніш т.б.) айтып,, көзге түртіспеуі. Әйел өзінің күйеуімен құқылық теңдігін қуаттаймын деп, келді-келмесін көрінген істе, көрінген жерде оны алға тарта бермеу керек. Әдепті, көргенді, білімді келіншектер ер-әйел қарым-қатынасындағы халықтық дәстүрді, ізет, иба нормаларын орнымен ескеріп отырады, сонысымен ерінің, айналадағы елдің алдында қадірін асырады.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі білімпаз, ғалым Ризоуддин Ибн Фахруддин өзінің «Тәрбиелі әйел» атты кітабында осы мәіселе жайында айта келіп: «Тәрбиелі әйелдер өздерінің атааналарын, балаларын және қандай екендеріне қарамастан, достарын құрметтеуден кем болмайды. Кісінің көңілін таппақ досты-дос, дұспанды – дұспан көруден басталмақ.Мұның керісінше, досты-дұспан, дұспанды — дос білуден көңіл демдеу орынсыз болып табылады. Ол түгіл, достың итін де басқа иттерден артық көру ләзім деген ғой», — деп жазады. Сол ғұламаның;  «Тәрбиелі әйелдер жастары үлкен болсын, кіші болсын, бәрібір, өз күйеулерінің сырын басқаларға ашып, кем-кетігі жайында айтып, әңгіме қылмайды. Өйткені сыры ашылған кісі мұратына айтып, әңгіме қылмайды. Өйткені сыры ашылған кісі мұратына жетсе де, көп машақат көріп барып жетеді, бәлкім, көп уақытқа дейін жете алмас та, сол үшін ерінің сырын басқаларға білдірмек өте зиян болар; сырдың сандығы-көңіл, кілті-тіл; көңіл сандығын жақсы сақтамаған және сандық кілті – тілді тыйып ұстамаған кісі – әбден ақымақ; өздерін күйеулеріне әрқашан көркем әрі сүйспеншілігі күшті етіп көрсеткісі келген келіншектер өз үйін таза ұстауы, кір-қожалақ болып жүрмеуі керек; үйдің ластығынан құрып бітуіне дейін бір-ақ қадам»- деген сөздері өте орынды.