Табиғи ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.

Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.

Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.

Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.

Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.

Ал осның бәрі адамның ішіп — жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.

Қоршаған ортаның ластануы.

Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.

Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады.

Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.

Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің жойылып кетпей,табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.

Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.

Табиғи ортаның адам денсаулығына әсері.

Қазақта бұрыннан келе жатқан « Адам мен табиғат егіз » деген қағида бар болса, қазіргі күні сол адам мен қоғамның табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Адамдардың табиғатқа ұмтылуын арнаулы ұйымдастыру мәселесі толықтай терттелмеген. Сонда да төмендегідей заңдылықтарды атап өтуге болады:

Қалада тұратын адамдардың табиғи ортада демалуға ұмтылуы соңғы жылдары күрт өсіп, қала маңының жер бедеріне теріс әсерін тигізе бастады.

Әлеуметтанушылық зерттеулер қала сыртында демалушылырдаң арасында жеке адамдардың аз болып (4-5,5%-ы), отбасылық (54-55%-ы) және көңілдес (39-40%-ы) топтардың басым екендігін дәлелдейді.

Қала тұрғындары қала сыртына барғанда уақыт өткізуді қолайлы ететін жағдайларға үлкен көңіл бөледі.

Қала сыртында пошымдық қатынастардан гөрі, адамның өзін-өзі еркін сезінуі жоғары қойылады.

Жалпы жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдерде өндірістің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Мысалы, 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 1850 жылы оның саны 1 миллиард 200 миллионға жетті. Яғни екі есеге көбею үшін 150 жыл қажет болады. 1950 жылы жер шары халқының саны 2 миллиард 500 миллионға жетті және 1850 жылдан кейінгі кезекті еселенуге 100 жыл уақыт кетті. 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 миллиард адам өмір сүріп жатты. Сонда еселену не бары 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 миллиардқа жетеді. Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдаланылуда. Сондай-ақ, елімізде материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп келеді. Соған орай, шикі затқа деген сұраныс мөлшері де артты. Республикамыздағы экологиялық ауа бассейнінің нашарлауы, ауа ағынының тежелеуі, жоғары деңгейдегі табиғи қолданыс пен ауа қозғалысының өзгеруінен, үйлер мен алаңдардың ойластырылмай салынуынан, яғни зиянды заттардың жердің беткі қабатында қалуынан деп есептейміз. Әсіресе, көшедегі автокөліктердің шектен тыс көбейіп кетуі қаладағы ауа бассейні ластануының негізгі көзі болып отыр. Мысалы, ауа кңістігіндегі ластанудың 80%-ы автокөліктер үлесіне тиеді екен. Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады.

Өткен жылы ауа кңістігіндегі зиянды заттардың салмағы 184,5 мың тонна болды. Бұл мәліметтермен қоса, бір ғана Алматыдағы жанар-жағар май стансаларының саны 300-ге жетіпті. Жыл сайын елімізде 2,5 мың түп ағаш кесіліп отырылады екен. Өкінішке қарай, халық алғашқы кездегі өзінің қадір-қасиеті кеңістікті, парасатты ойлай білуде екендігін енді-енді дұрыстап түсініп келе жатыр. «Өссін десең өркенің, қамын ойла ертеңнің» демекші, ата-баба мекенін ұрпаққа амманнатқа қалдырғанынан қызармас үшін түрлі әрекеттерді қолға алады.

Сондай-ақ, табиғатқа ірілі-ұсақты өндіріс орындары да қатты қиянат жасап келеді. Тек 2000 жылы ғана өндіріс орындарынан 2,49 миллион тонна зиянды қалдық заттар шығарылыпты. Әсіресе, ірі өндірістік аймақ саналатын Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары қоршаған ортаны ластау жағынан рекорттық дәрежеге жеткен. Мұнай мен газ өндіретін Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы экологиялық жағдай да жылдан-жылға асқына түсуде. Ғалымдардың есебі бойынша жыл сайын атмосфераға 250 миллион тонна көміртегі тотығы, 150 миллион тонна күкірт тотығы, 120 миллион тонна күл, 50 миллион тоннаға жуық көмірсутегі, көп мөлшерде фтор, сынап тарайды. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтерінше, осыларға қосымша жыл сайын ауаға 2,5 млрд. тонна шаң-тозаң, 1,2 млрд. тонна азот шығарылады екен. Жер бетіндегі тіршілік өрісіне ғаламат залал әкелетін химиялық қосылыстардың 65%-тен астамы мұнай және мұнай өнімдерінен тарайды. Қазіргі мұнай өндірудің жүз жылдық тарихында жер бетінде 5 миллион тоннадан астам мұнай жойылып, ол жерлерде тереңдігі 2 метрден 8 метрге жететін топырақ қабаттары істен шыққан. Соның салдарынан мұнайлы аймақ Атырау, Маңғыстау облыстары жерінің төрттен бірі өлі топыраққа айналып отыр.

Расында да, қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде. Табиғаттың ластанып, кері реакция беруіне ең бірінші адамдар өздері кінәлі.

География ғылымының докторы, профессор Әлия Бейсенованың айтуынша « Адам әрекеттерінің зиянды әсері атмосфера қабатарының бірі стратосфераға да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық тіршілікті радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан. Соңғы кезде осы дұрыс озон қабатының бұзыла бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен стратосфера шекарасында ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себепкер болып отыр. Олардан бөлінетін газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан териториясында озон қабаттарының бұзылуы космос ғарыш аймағы орналасқан Орталық Қазақстанда байқалған. Сол маңайдағы жайылымдар шөбінің құрамының өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі радиациялық элементтер мөлшерінің шамадан тыс көбеюі осының салдары », — деген екен.

Шынында, экологиялық шешімі қиын мұндай мәселелер төңірегінде бұқаралық ақпарат құралдары арасында әңгімелер жиі айтылып, проблемеда көтеріліп жүр. Әйтсе де, құр айғаймен мәселенің шешіле салмайтыны айдан анық нәрсе.

«Табиғат пен адам егіз» деген жоғарыдағы қағидаға қайта оралар болсақ, бүгінгі табиғат басынан кешіп отырған мүшкіл халді, адамзат басынан өткеріп жатыр деуге негіз жетерлік. Ауаның ластануы, экологиялық бақытсыздықтар (атом бомба сынақтарының жарылуы, радиациялық қалдықтардың ауаға жайылуы) адамзаттың өзіне көптеген бақытсыздықтар әкелуде. Өмірге неше түрлі кемістігімен немесе мүгедек ұрпақтар келуде. Өкінішке қарай, олардың еш кінәсіз бола тұра бейкүнә қалпында адамзат басына төнген қатердің алғашқы құрбандарына айналғандығына жүрегің ауырады.

Мұндай экологиялық мәселелер біздің елді ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отырғаны бәрімізге белгілі. Мәлелен, Қытайда жүрегі сол жағында емес, оң жағында, бауыры да  оң жақта емес сол жақта, сондай-ақ ми шарларының орны ауысқан нәресте дүниеге келген. Оның жүрегі, қанды, сағат тілі бағытында емес, керісінше айдайды екен. Дене ағзалырындағы клеткалардың бәрі де оңды-солды шатысып кеткен, бірақ, қытайлықтар мұны ауру емес, сирек кездесетін ерекшелік ретінде есептейді.

Табиғат пен адамзаттың бүкіл күллі тыныс тіршілігі біртұтас, өзектес. Сондықтан да бұл қатер адамзаттың да басына төнген кесапат. Бұл кесапаттың көбін адам өз қоламен жасайды. Бірақ, алдыңғы буынның істеген залалын жаңа ғана дүниеге келген ұрпағы неге тартуы тиіс. өз істеген қателігін түсінген буын қазір жан-дәрмен әрекеттер істеуде. Бұл әтине, дұрыс шаруа. Солай жасалуы міндетті де. Ара-кідік болса да әр жерде «Туған табиғатты қорғайды!», «Таза ауа – жан,а дауа!», «Табиғат – таусылмас байлық!», «Таза ауа – денсаулық  кепілі!» секілді ұрандар көтеріліп, плакаттар ілініп жүр. Халық саны жағынан бізді бірнеше мәрте орайтын кейбір елдерде автокөліктер қатаң бақылауға алынған. Қала тазалығы, жалпы аймақ тазалығы да басты назарда. Оларда ескі машина қолданысқа жіберілмейді немесе оларға ауаны зиянсыздандырғыш қондырғылар орнатылады. Бұл бастамалар бізде де қолға алынып жатыр. М. Хайдеггер айтқандай, «Болмыс біздің үйіміз десек, рнда осы кңістікті көркейтуге кірісуіміз керек». Ғылымда мұны экологиялық дизайн деп атайды. Дизайн жетілген үлгі, мұрат – мақсат түсінігінен басталып, оған жетудің оңтайлы бағдарламасын қабылдаумен жалғасады. Бұл мәселені, тіпті XIX ғасырдың 30-жылдарында К. Риттер көтерген болатын. Расында, адам мен табиғат ажырамас тіркесте. Сондықтан да, өзімізді — өзіміз қорғайық.

Табиғи ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту жолдары мен болашағы.

Біз тіршілік аяларын ластаушы зиянды,улы деп бағалып жүрген заттардың бәрі де адам өмірі үшін аса қажет табиғат қорларына жатады. Бар кінәрат олардың жатқан жерінен жылжып кетуінде, тиісті орнында тұрмауында және әуелгі енжар, бей әрекетті қалпынан белсенді күйге ауысуында ғана. Күкір, сынап, қорғасын тіпті радиобелсенді элементтер де өз кеніштерінде жатқанда ешқандай зиян келтірмейді. Ал оларды жылы орнынан қозған, қазып алып, толық пайдаланбаса, онда қалған бөлігінің бәрі өндіріс және тұтыныс қалдығы аталып, қоршаған ортаны былғаушы, уландырушы затқа айналады. Дегенмен адам табиғат қорларын пайдаланбай және олардың саны мен сапасына әсер етпей, яғни өзін қоршаған ортаға өзгеріс енгізбей тұра алмайды. Бұл адам әрекетімен, оның өмірімен байланысты. өзгерістерді адам арқылы болатын өзгерістерді адам әрекеті дейді.

Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.

Табиғат қорлары дегеніміз – адамның өмір сүріп, тіршілігін сақтауы үшін қоланатын табиғат тәні мен күштері. Оларға күн сәлесі, су, ауа, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар, кендер және барлық адам қолымен жасалмаған жаратынды дүние заттары жатады. Адам бұларсыз өмір сүріп, қандац да әрекет қыла алмайды және оларды:

— тікелей тұтыну нәрселері (ауызсу, ауадағы оттек, жеуге жарайтын және дәрілік жабайы өсімдіктер, балық т.б.).

 — Қауымдық шаруашылыққа қажет еңбек құралдары ( жер, су жолдары т.б.).

 -Барлық бұйымдар мен өнімдер жасалатын қаражаттар (тұздар, ағаштар, метал өнімдері т.б.)

 — Қуат көздері су қуаты, жел қуаты, отын қорлары ретінде пайдаланады. Мұнан басқа табиғат қорлары демалу, тынығу, тоқалу, күшею үшін және басқа да мақсаттарда қолданылады.

Табиғат қорлары қолданысына қарай — өндіргіштік, денсаулықтық, әсемдік, ғылыми т.б. топтарға, табиғаттың қандай да құрауыштарының біріне жататындығына қарай – жерлік, сулық, тұздық, жан-жануарлар мен өсімдік топтарға, алмасу мүмкіндігіне қарай – алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын, таусылу мүмкіндігіне қарай – таусылатынға және таусылмайтынға жіктеуге болады. Ал таусылатыны – қайтіп қалпына келетін және келмейтінге бөледі.

Қайтіп қалпына келетін қорлар: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, топырақ құнарлығы.

Қайтіп қалпына келмейтін қорлар: жайылу кеңістігі, өзендер қуаты, пайдалы қазбалар.

Мұндағы қалпына келмейді деп отырғанымыз тіпті қалпына келмейтін немесе қалпына келу құбылысы оның адамның пайдаланып-тіресуіне қарағанда әлдеқайда баяу жүретін қорлар.

Топырақ пен орман салыстырмалы түрде өз бетінше қалпына келетін қорға жатады және бұл жайда жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өз табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшерін барған сайын арттыра береді және оның бәрін ұшынды, төгінді қалдықтар мен күйресіндер түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі.

Халық санының артуы мен адамдардың бір жерге, яғни қалаларға шоғырланып, өндірістік әрекеттер мен қаржы көздерінің айрықша ынсапқорлық пен жұмылдыру жайлары да экологиялық күйзелісті күшейте түсуде. өндіріс орындары ғана емес, кәдімгі қаланың өз күніне тоналған табиғат байлықтарын ішіп-жеп, соншалық мөлшерде былғанған қатты, сұйық және ұшынды қалдықтар мен зиянды заттар шығарып отырады.

Табиғатты пайдалану, негізінен, жер қойнауындағы қатты, сұйықжәне газдық кенжер мен жердің асты үстіндегі суларды пайдалану түрінде көрінеді. Бірінші жағдайда қоршаған орта бұған дейін өз орнында марғау жатқан түрлі заттардың жер үстіне шығарылып, орнымен қолданыла алмай, артылып қалып және түрлі түрленуге ұшырап, айналасындағы дүниеге әрқалай әсер етуінен зардап шегер болса, өндірістің суды пайдалану жағдайында тіршілік үшін аса қажет, кәт болып табылатын табиғаттың өзінде де жетпей жатқан суы бұрылады. Бұрылып қана қоймай түрлі заттармен былғанып, табиғатқа кері қайырылады. Осы себепті әлемде қабылданған, әр елден әр қалай қолданылып отырған ереже бойынша табиғат қорларын ысырапсыз, үнемді пайдалану қажет. Оны шексіз пайдалануға шек қойылады.

Облыста қазіргі кезде 2340 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 100-ы ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланушыларға жатады. 2002 жылдың өзінде жаңадан 714 табиғатпайдаланушы қосылған екен. Бұл «тау соғарлар» мен «көл тауысарлар» ішінде Текелі кен байыту комбинаты ең үлкені болып саналады. Шағын саналатын Көксу кен байыту фабрикасының өзі сынақтан өту барысында 4367 тонна кенді пайдаланып, 4797 тонна қалдық шығарған және 24000 текше метр су тұтынған.

Ал Алматы қаласының «су арнасы» су пайдаланушы басты мекеме болып табылады және одан шыққан төгін су жыл бойында Сарбұлақ тоғанының көлемінен асып төгіліп тұрады. Осы сияқты «техноимпорт», «Талғар спирт», Түрген және Бесағаш өзендері суын пайдаланып, өзендерге жылына 4243 және 965,7 тонна (1062500 текше метр) былғаныш заттар төгуге рұқсат алған. Сондай-ақ бүгінде су қорыанықталған 40 жер асты су көздері пайдаланылады.

Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.

Қозғалыс табиғатты қорғау жөжінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететеін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.

Біздің республикамыздың териториясы көлемі жағынан әлемде алтыншы орындға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70 – інің қоры зерттелді, өндірісте 60 – тан пайдаланылуда.

Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магни өндірісі, қара металургия : сапалы қара металургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүнйесіне әсерін тигізеді.

Климатологтардың пікірі бойынша, республика териториясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.

Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнер кәсіп орындары мен ведоиставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.

Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми техникалық прогрес.

Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет ? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.

Әлемнің ірі – ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішіндн, БҰҰ – ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.

Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайлыққа ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта « жау шапты, от қашты » деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің бір жақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып,көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жуап кершілігіміздіде ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының « Қоршаған ортаны қорғау туралы » заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалыұ механизімін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.

Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру ; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.

Жергілікті бюджет табысына орман ; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.

Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбнесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.

Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.

Қазіргі негізгі принцип мынандай-ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.

Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.

Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде зайымдар береді.Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындардың экологиялық инвестицияға қызығушылығын төмендетуі. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін  технологияның да шығуына ықпал етеді.

-Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл жилекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радияция бұдан былай біздің үйлерімізбен бақтарымызға енбейтін  болады деп жазылған.Бұл елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы даген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.

Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі төмен.

Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.

Қазақстан конституциясында және « Қазақстан – 2030 » стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алвп отыруына құқық берілген.

Қоршаған ортаны қорғаудың  экономикалық механизмі. 

Табиғат ресурстарының кадастры   Материялды техникалық жабдықтар

Табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер
Ресурстар үшін төлемдер
Ластану үшін төлемдер
Құралдар көздері
Экологиялық

льготтар

Материялдық жеңілдіктер
Келтірілген зиянды қалпына келтіру
Табиғатты қорғау фондтарының амартизация нормасын жасау
Экологиялық таза өнімге қосылымдар және жеңілдік бағалар
Мідетті
Экологиялық

сақтандыру

Ерікті