Әсіресе адам өмір сүріп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде. Міне осы өзекті проблеманы шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген, мәдениетті, жанашырдық көзқарасты, адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды қойып отыр.
Экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басты бағыты. Оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруда химия, биология, география пәндерінің зор мүмкіндігі бар, себебі бұл пәндер ғаламшардағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады.
Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Мысалы, «Су және тіршілік», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өзін табиғаттың бір бөлшегі екендігіне, табиғатпен өте тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық қабілеттерін дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты мультимедиа кабинетінде «Табиғат» атты журналдың «Ауа — газдар қоспасы» тақырыпты нөмірімен таныстыру деп алып, сабақ барысында мүғалімнің жетекшілігімен журналдың әр бетіндегі қызықты ақпараттармен жұмыс істету. Сабақты «Оқы, оқы және оқы!» деген шабыттандыратын ұранмен бастадық.
Ауа Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағы — биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті қатты қызып кетпейді. Биосфера қабығы — жер ғаламшарының тірі организмдер таралған бірнеше қабықтарынан құралған. Биосферадағы микроорганизмдерді, саңырауқулақтарды, өсімдіктерді, жануарларды тірі организмдер дейді.
Жер бетіндегі биосфераның қазіргі қалпы — тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекетінің жемісі. Атмосферадағы газдар қоспасының қазіргі кездегі пайыздық арақатынасы тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде біртіңдеп қалыптасқан. Жасыл өсімдіктер миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттекпен байытты. Бұл жасыл өсімдіктерде жарықты жүзеге асатын фотосинтез процесімен түсіндіріледі.
Құрлықтағы биомассаның негізгі бөлігін өсімдіктер құрайды, яғни олардың массалық үлесі 99,2%, ал қалған 0,8%-ы жануарлардың үлесіне тиеді. Қүрлықтағы организмдер биомассаның 90% -ға жуығын орман өсімдіктері құрайды. Жер ғаламшарындағы тропиктік ормандардың адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін осыдан байқауға болады. 25000-50000 га орманның фотосинтез процесінде 50-75 тоттегі бөлінеді.
Бұл жағдайлар Қазақстанның физикалық географиясы, қоршаған ортаны сақтау, экология проблемаларының өзара байланыстылығын, оларды жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды да қауымдаса іске асыру қажеттігін байқатады. Бұл проблемалардың қайсысына болса да ғылыми көзқарас, негіз керек.
Энергия көзін пайдалануда табиғаттың көзін сақтау
Адамзат тарихында өмірлік қуат көзі – мәңгілік двигателін ойлап табу жайлы зерттеулердің болғаны мәлім. Дегенмен адамзат табиғатты тұтастай танып, біліп, оның құпия сырына қанық болды деп айтудың реті жоқ сияқты.
Алайда «мәңгілік двигателі» адамзаттың көп армандарының бірі болғанымен, бүгінде бізге мәлім мұнай өнімдері, электр тогы сияқты энергия көздері бірнеше ғасыр адам игілігіне қызмет етті.
Бүгінде ғалымдар энергияның балама көздерін іздестіруде. Алдағы 2030-2040 жылдары адамзат энергияның тапшылығын сезінуі мүмкін деген де болжамдар бар.
Әлем ғалымдары алдында сутегіні энергияның негізгі көзіне айналдыру мәселесі тұр. Сутегі өте қуатты, үнемді әрі экологиялық жағынан таза энергия көзі болып саналады. Дегенмен газ түріндегі сутегіні тасымалдау, сақтау қиын. Өйткені ол өте жеңіл. Әзірге ғалымдар сутегіні сұйыққа айналдырып пайдалану жолдарын ойластыруда.
Соңғы жылдары Қазақтан ғалымдары сұйық және газ механикасын іргелі және қолданбалы саласы бойынша ҚР ҰҒА академигі Шабхаз Әлімгерейұлы Ершиннің жетекшілігімен Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаев, А.Қалтаев, Г.Б.Шерьязданов сияқты профессор-ғалымдар табысты зерттеулер жүргізіп, ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 2004 жылы аталмыш сала бойынша І дәрежелі Қ.Сәтпаев атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Сұйық және газ механикасын зерттеу жұмыстары: каналдық ағымдар, инертті ағымдар мен жалын аэродинамикасы, қолданбалы зерттеулердің нәтижелері сияқты үш бағытта жүргізілді.
Бірінші бағыт кеуекті қондырғы қойылған каналдағы ағымдар; каналдағы жалындардың төмен температурада таралуы; кеуекті қабырғалар арқылы каналдық ағымдардағы масса алмасудың аэродинамикасы; мұнай құбырларындағы екі компонентті сұйықтың ағуы сияқты түрлі каналдық ағымдарды зерттеуге арналды.
Отын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату негізгі қағида бола тұра, «ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «ҚР энергия үнемдеу» Заңы талаптарына қарамастан мекемеде, өндірістің технологиясын жаңалау және басқару жүйесін жетілдіру сияқты жұмыс жоспарлары жасалмаған.
Көбіне кіші қазандықтарда және жаққыш агрегаттарда отын сапасы, оны жағу кестесі ескерілмейді, сол сияқты энергия жинағыш шаралар қарастырылмаған. Бұл мәселелерді реттеу мақсатында, «ҚР энергия үнемдеу» Заңы негізінде әкімшілік-аумақтық шегінде энергия үнемдеу бағдарламасы, елді-мекендерді жылумен қамтамасыз ету сызбалары қаралады да, тиімсіз қазандықтарды анықтап, оны әрі қарай реконструкциялау немесе жабу мәселесі қойылады.
Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.
Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.
Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады.